Титульный лист программы дисциплины (syllabus)


Құрғақшылықтың негізгі типтері. Қазақстандағы құрғақшылық процесінің себептері



бет2/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#177504
1   2   3   4   5

Құрғақшылықтың негізгі типтері. Қазақстандағы құрғақшылық процесінің себептері.

Қазақстанда құрғақшылықтың 9 типі анықталған:

  1. Өсімдік әлемінің деградациясы

  2. Топырақтың су эрозиясына ұшырауы

  3. Топрақтың желден бүлінуі

  4. топрыақтың тұздануы

  5. топрақтың дегумификациясы

  6. топрыақтың химиялық ластануы

  7. жер асты және грунт суларының химиялық ласатнуы

  8. жердің техногенді бүлінуі

  9. гидрологиялық тәртіптің бұзылуы

қазақстан жеінде құрғақшылықтың орны алуы негізінен табиғи факторлар, жерді пайдалану және –су, орман ресурстарын пайдалану нәтижесінде болды. Жердің шөлденіп, құрғауы 20 ғасырдың ғаламдық мәселесі, бұл экологиялық, экономикалық-әлеуметтік маңызды сауал. Жер бетінің адамдар саны артқа сайын, жер қойнуын пайдалану, қоршаған орта ластанып, жер бетін құрғақшылық алып адамзат өміріне де қауіп төнді. Қазақстан аумағы жалпы құрғақшылық жайлаған зона, оның үштен екі бөлігі әр түрлі типтегі шөл далаға ұласып жатыр. 1994 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ құрғақшылықпен күресу конфенциясына қол қойды, 1997 жылы 7 шілдеде оны ратификациялады. Республика көлемінде топырақтың экологиялық жағдайын сөз еткенде, ластанған жайылымдар мен дұрыс пайдаланылмаған шабындық жерлерді де бүлінген аумақтар қатарына қосуға болады. Деградацияланған жайылымда саны 60 млн. га жетсе, ауылшаруашылық пайдалануға жарамсыз учаскелер – 15 млн. га. Әсіресе ауқымы кең аймақтар көлік-транспорт ластануынан, мұнайбитум, ірі кәсіпорын қалдықтарымен ластанып жатыр. Елімізде ластанған, әрі бүлінген жер аумағы- 100 млн. га. құрайды. Осы айалғандар негізінде, қазақстандағы топырақтың экологиялық жағдайы алаңдатарлық күйде. Топырақ қабатының ластануы кесірінен, жер өздігінен қалыпна келе алмай отыр. Елімізде кешенді бағдарламалар әзірленіп, топырақты қалыпна келтіру, құнарлылығын арттыру, жасыл желекті ормандар отырғызу , жалпы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері шешімін таппай отыр.


  1. Құрғақшылық пен шөлге айналуды кемітуге бағытталған іс-шаралар. Құрғақшылықпен күресудің әлеуметтік-экономикалық тетіктері.

Бағдарламалардың басты мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында құрғақтану яғни далалардың шөлге айналу процесін тоқтату және алдын алу. Алға қойған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу керек:

Бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар) елімізде бүлінген жерлерді тізімге алу және бағалау; тұрғындардың барлық топтарын құғақшылықпен күрес мәселелерін шешу жайында ақпараттандыру және оларды тарту; деградациялануды тоқтату және оның алдын алу бойынша пилоты жобаларды әзірлеу және іске асыру;

Екінші кезеңде (2008-2010 жылдар) тұрақты жерді пайдаланудың экономикалық талаптарын және нормативтік талаптарын әзірлеу, енгізу, ресурстық базаларды қалыпна келтіру және сақтау шаралары, халықаралық экологиялық конвенциялардың іске асуында бірігу, құрғақшылық процесінің дамуына жол бермеу, құрғақшылықпен күрес.

Үшінші кезеңде (2011-2015 жылдар) құрғақшылықпен күрестегі мемлекеттердің экономикалық- әлеуметтік интеграциясы; жердің құрғауына жол бермей, қалыпты жағдайын қамтамасыз ету. Бағдарламаның басты мақсаты- жер қабатының өзгерістерін сараптап, құрғақшылықты дер кезінде анықтау шаралары.
Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
4-тақырып. ҚР жер құқығы жүйесіндегі жерді қалпына келтіру институтының орны және ролі

Жоспар

1.Бүлінген жерлердің құрамы және жіктелуі.

2. Бүлінген жерлердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері.

3.Жерді қалпына келтіру саласында мәндеттер мен құқықтар.

4. Жекелеген санаттар мен шаруашылықтарда жерді қалпына келтіру институтының құқықтық жағдайы
Добавить тезисы

*******************
Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
5-тақырып. ҚР блінген жерлерді қалпына келтіруді реттеудің құқықтық мәні және жағдайы

Жоспар


  1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру туралы заңнаманың жалпы сипаттамасы. (құрылу кезеңі, даму тенденциясы)

  2. Жер құқығы саласында бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

1.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру туралы заңнаманың жалпы сипаттамасы. (құрылу кезеңі, даму тенденциясы)

Тәуелсіздігін алған Қазақстан елі мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізуде негізінен ҚР Конституциясына арқа сүйеде.

Қазақстан Республикасында экологиялық заңнаманы жетілдіруде алдымен дамыған елдердің экологиялық заңнамалары және халықаралық стандарттар алынды. Біздің негізгі мақсатымыз- табиғатты пайдалану механизімін жетілдіру, реттеу. Алда қабылданатын нормативтік актілер саны жағынан емес, олардың жүйелі түрде іске асып, күнделікті пайдалануға икемділігі қажет.

1996 жылғы қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздік концепциясы «Қазақстан-2030» Стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық концепциясы».

Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздік концепцпиясы қабылданғаннан бастап 2004-2015 жылдарға арналған, қоғам өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Бұл Концепцияның негізгі міндеті – экологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін алдымен қоршаған ортаны сақтауға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру қажеттілігі туды.

Халықаралық экологиялық келісімдер мыналар:



  • 1987 жылы қабылданған Монреаль хаттамасы, жердің негізгі қабатын бұзатын заттар туралы; қатысушы елдер арасында озон қабатын бүлдіретін заттарды пайдалануға, оны сатуға тыйым салады.

  • Базель конвенциясы 1992 ж- шекаралас елдер арасында зиянды қалдықтарды бақылау және тасымлдау, оны жоюға бағытталған. Базель конвенциясы қатысушы елдер өз арасында қауіпті қалдықтарды экспорттаулары мүмкін.

  • Биологиялық саналуандылық конвенциясы, 1993;

  • Климаттың өзгеруі бойынша шектік конвенция; 1994 ж,

  • Роттердам конвенциясы халықаралық сауда айналымында қауіпті химикаттар туралы алдын-ала хабарландыру, мысалы қандай химикаттар аналымда бар, қандай түрі импортқа шығарылатыны туралы алдын-ала хабралау;

  • Биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы, 2000 ж.

Халықаралық сауда саласын реттейтін экологиялық қауіпсіздік сақтаудың ерекше жағдайлары:

Қазақстан Рспубликасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау бойынша келісім жасалынды.



  • «экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестік туралы» Келісімге сәйкес, ТМД елдері бір-бірімен келісілген экологиялық саясатты іске асырады (жерді сақтау және қорғау, орман, су, ауа қабаты, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, ашық теңіз аумағы, континенталды табиғат ресурстарын пайдалануда) бұл құжат ССР кеңестік уақытта келісілген шарт талаптарын ескере отырып жасалынды.


2.Жер құқығы саласында бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

Қазақстанда жер мемлекеттің ұлттық байлығы болып саналады. Бұл адамзат қоғамындағы, адамның өмір сүруіне бар игіліктерді беретін баға жетпес байлы болып саналады. Жер бетінде адамдар санының артуы, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының дамуы қоршаған ортаға әсерін тигізбей қоймайды. Бұл жер қабатының біртіндеп бұзылуына, құнарлылығының төмендеуіне әкеп соқты.

Бүгінгі күні адамзат аласының алдындағы үлкен міндет- қоршаған ортаны сақтау, жер байлығын үнемді пайдалану.

Қоршаған орта адамның өмір сүру аясы, мемлекеттік билікті іске асыратын мекен. Мұнда тұрғындар білім алып, өз қызметін іске асырып, ауыл, мал шаруашылығымен айналысып, мәдени-тұрмыстық қажеттілігін өтейді. Сонымен қоршаған орта- күрделі ұғым, қоғам мен табиғаттың өзара бір-бірімен өмір сүруі.

Бірінші- адам табиғатты пайдаланып, өз қажеттілігіне жаратып, сол табиғи ортаның биологиялық және әлеуметтік организімі саналады. Олай болса, табиғатты пайдаланған адам, өз тарапынан оны сақтап, келесі ұрпаққа таза қлпында жеткізуді міндет деп санауы тиіс.

Жер заңнамаларына сәкес, жерді қорғау құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және технологиялық іс-шаралар кешені негізіне бағтталған, жерді ұқыпты пайдалану, оның қазба-байлықтарын сақтау, орманды-далалы алқаптарды өрттен, басқа да табиғи апаттардан сақтау әрбір ел азаматының міндеті.


Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
6-тақырып. Бүлінген жерлерді қалпына келтірудің құқықтық жағдайлары

Жоспар

1.Бүлінген жер ресурстарын қалпына келтіруде және шаруашылыққа қайтарудағы қоршаған ортаны қорғаудағы негізгі рөлі.

2. Қоршаған ортаны сақтаудағы негізгі қағидалар.

Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
7-тақырып. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласындағы реттеу және мемлекетік басқару

Жоспар

1.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру аумағында мемлекеттік басқару органдардың жүйесі және құзыреті.

2. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру ауданында мемлекеттік және қоғамдық бақылау.

3.Бүлінген жерлерді қалыпына келтіру жөнінде мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін тиімді жоғарлату.

4.Ауылшаруашылық алқаптарды қорғау ерекшелігі.
1.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру ауданында мемлекеттік басқару органдардың жүйесі және құзыреттілігі.

Жер қорын басқару ұйымы үшін жерлерге есеп жүргізу, жер мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бастапқы мәнді алады. Осы түрлерді жүзеге асыру нәтижесінде алынған жерге зиян келтіруді өтеу және заңды бұзу мәселелерін ақпаратқа енгізу кезінде негіз болып келеді. Жер кодексімен жерді рационалды түрде пайдалану, жер құнарлығын сақтау және жоғарлату, жер қорларын қорғау бойынша басқа іс-шаралармен біріккен мемлекеттік бағдарламалардың әзірлемесі қарастырылды (13 бап Жер туралы кодексі). Мемлекеттік жер қорын басқару өкілетті, сонымен қатар атқарушылық басқарушы, сот және сәйкес әмірлі өкілдікті және жер қатынастарды бақылау бойынша қосатын біріңғай мемлекеттік органдар жүйесімен жүзеге асырылады. Жалпы құзыретті органдар: Уәкілетті органға: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның палаталары (Сенат және Мәжіліс), мәслихаттар, әр түрлі деңгейлі әкімшілік – аймақтық бірліктер жатады.

Жалпы құзыретті атқарушы - басқарушы орган. Жалпы құзыретті атқарушы – басқарушы органға ҚР Үкіметі, барлық деңгейлі жергілікті атқарушы органдар - аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық атқарушылық органдар жатады. Жалпы құзыретті органдардың қызметі белгілі территориялар шегінде барлық деңгейлі жерлерге таратылады (толық мемлекет аймағы немесе сәйкес аймақ- әкімшілік бірліктер).

Арнайы құзыреті бар негізгі мемлекеттік органға: Жер қорларын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының агенттігі (Жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік комитеті кейінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрілігі комитетіне өзгертілген); Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына; арнайы табиғи қорларды және экологиялық идаралар – қоршаған ортаны қорғау, орман, балық және аң аулау шаруашылық, су қорлары бойынша комитетті қосады; Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі жатады. Олардың қызметі елдің барлық аймақтарына таралып және барлық жер қорлары бойынша қатынастарды бақылау аспектілерін қамтиді.







2.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласын мемлекеттік және қоғамдық бақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегi орталық уәкілеттi орган мен олардың аумақтық органдары, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де уәкілеттi органдар жүзеге асырады.

     Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және осы ережеге сәйкес мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiн сақтауды, жер кадастрын жүргiзу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

          Жерді пайдалану және қорғау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға келесілер жатады:

1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау үшін мемлекеттік бақылау инспекторы;

2) Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегi мемлекеттік инспекторлар жер заңнамасы бұзылуының iс жүзiнде жойылуын;

3) Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен нұсқаулықтарын жер учаскелерiнің меншік иелерi мен жер пайдаланушылардың орындауын қадағалайды;



Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жыл сайынғы мемлекеттiк есептiлiктi мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жасайды.

Жерлерді пайдалану және қорғау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың келесі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғандар үшін уақытында шаралар қолдану;

Қоршаған ортаны қорғау ауданында қоғамдық құқықтар және міндеттер:

1. қоршаған ортаны қорғау және оны сауықтыру бойынша жұмыстарды орындау, табиғи қорларды тиімді қолдану, аса қорғалатын табиғи аймақтардың қызметінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар қоршаған ортаның объектілерін қорғауға қатысу;

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасымен белгіленген тәртіпте қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен шешімдерді қабылдау үрдісіне қатысу;

2. Қоршаған ортаны қорғау ауданында қызметін жүзеге асырудың қоғамдық бірлестігі:

1) табиғи қорларды, қоршаған ортаны және экологиялық қауіпсіздікті қорғауға қамтамасыз ететін рационалды түрде қолдануға бағытталған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес өз қызметін жүзеге асыру.

3. Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған басқа құқықтарды және міндеттерді алады.

 

3.Бүлінген жерлерді қалыпына келтіру жөнінде мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін тиімді жоғарлату.



Мемлекеттік басқару жүйесін және бүлінген жерлерді қалпына келтіру тиімділігін жоғарлату.

Экологиялық кодексінің бір түрінің бірі «экологизации» үшін заңнаманың негізгі салалардың ережелерін құру болып келеді. Бұл экологиялық қауіпсіздік Концепциясында ерекше өзектілікті алады. Аталған құжаттың маңыздылығы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар Ерво одақтың және халықаралық стандарттың кепілдемелерін еске алу бойынша барлық заңнамалық талаптарды бірлестіруге жоспарлануда. Бұл Қазақстанның ВТО ға кіруі қарсанында тіпті өзекті [40, с.16].

Қазіргі уақытта осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.

Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Соңғы жылдары мемлекет заңнамасы белсенді түрде дамып келе жатыр. Дегенмен қазіргі уақытта экологиялық заңнаманы әрі қарай жетілдіруге қажет тудырмай, ал оны тиісті қолдану және орындау қажет, осы заңдарды өмірге жүзеге асыру әлсіз болып отыр. Заң күшіндегі актілер кешігумен қабылданады. Заңды орындалмау немесе жартылай орындалу себептері жеткіліксіз түрде өткізіледі. Қоршаған ортаны қорғау үшін табиғатты қорғау заңнамада экономикалық құралдар жеткіліксіз дамымаған.

Жер заңнамасының экологизациясы – жерді тиімді түрде пайдалану және сақтауға бағытталған экология-құқықтық ережелердің жер заңнамасында тұрақты бекітілуі.

Бастапқыда кезеңде жер табиғи объект, ресурс, экологиялық жүйенің толық бөлігі ретінде қарастырылу тиіс екенің ескеру қажет. [12, с.2]. 


4 Ауыл шаруашылығы алқаптарды қорғау ерекшелігі. Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.

  Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы). 
      Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.

Ауыл шаруашылық алқаптарын егiстiк, тыңайған жерлер, көпжылдық ағаштар егiлген жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады, олар мыналарды бiлдiредi: 

Егiстiк жер - ауыл шаруашылығы дақылдарын, көпжылдық шөптердi қоса, егуге пайдаланылатын және жүйелi түрде өңделген ауыл шаруашылық алқабы, сондай-ақ таза өңделген жерлер. Егiстiк жерлерге түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған, алдын-ала егiлген дақылдар алып жатқан (үш жылдан аспаған мерзiмде) шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ пайдаланылатын бақтардың қатар аралықтары жатпайды.
     Тыңайған жер - бұрын егiстiкке пайдаланылған және күзден бастап, бiр жылдан аса мерзiмде ауыл шаруашылық дақылдарын егуге пайдаланылмайтын, өңдеуге дайындалмаған, жер учаскесi.

Көп жылдық ағаш егiлген жерлер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнен түсiм алуға арналған, жасанды түрдегi ағаштар, көп жылдық бұталар отырғызуға пайдаланылатын, сондай-ақ аумақтарды безендiруге арналған ауыл шаруашылығы алқаптары. 

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және мал бағу үшiн жүйелi түрде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы алқаптары;  
      Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шымды беткi қабаты жойылған соң жаңа шалғын шөптер өсiру жолымен жасалған шабындықтар мен жайылымдар учаскелерi.

Шалғындандыру - шымдарды бұзбай-ақ жүргiзiлуi мүмкiн;  
суландырылған жайылымдар - аумағында су көздерi (көл, өзен, тоған, су бөгендерi, суаратын немесе суландыратын канал, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар мал басын тиiстi сапалы сумен қамтамасыз ететiн жайылымдар.  

 Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган суармалы жерлердi суарылмайтын жерге ауыстыру жөнiндегi ұсынылған материалдарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен келiседi және жинақталған өз қорытындысымен аталған мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн облыс әкiмдерiне жiбередi.



Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстырудың (көшiрудiң) қажеттiлiгi басқа жер алқаптарының құрамында оларды одан ары пайдаланудың табиғи факторларына, экономикалық тиiмдiлiгiне негiзделген. 

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу жер учаскесi орналасқан тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жер пайдаланушының өтiнiшi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың бастамасы негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.  
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру жұмыстарын жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өндiрiстiк бөлiмшелерi жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның тапсырысы бойынша жүргiзедi.

      Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiлген жұмыстарды қаржыландыру жер реформасын жүргiзуге көзделген бюджет қаражатының есебiнен, өтiнiш бiлдiрген жер пайдаланушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады
Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
8-тақырып. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласын ретеуде және жүйелеуде мемлекеттік басқару органдарының өкілеттілігі

Жоспар

1.Бүлінген жерлерді қалпына келтіруді реттеу және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

2.Ауылшаруашылық алқаптарды қорғаудың ерекшеліктері

Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет