Тжб ІІІ сынып: Аты-жөні: «Қазақ тілі»



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі237.81 Kb.
#495185
1   2   3
ТЖБ ІІІ қт

Бақтылы Түменова:


  • Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір сенім де азайып барады.

Әзімбай Ғали:


– Мен миграциялық мәселелерге назар аударайын деп отырмын. Біріншіден, Қазақстаннан орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр. Оларды тоқтатуға болмайды. Өйткені дүниежүзілік адам құқын бұзамыз. Сондықтан кететін адамдар өздері кетуге құқылы. Ол халықаралық демократиялық норма.
Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан жұртшылығының санын кемітпеу – үлкен бір мәселе.

2-мәтін


Гендік инженерияның табысты саласы болып саналатын гендік түрлендірілген өнімдер туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себебі – адамның адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігі әлі толық зерттелмегенінде. Осыған қатысты пікір қайшылығы өте көп.
Александр Панчин, биолог-ғалым: Табиғи тағамның бәрі пайдалы, ал пайдалысы міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген – нағыз табиғи патоген. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Осы ауруды жеңу үшін оған қарсы вакцина ойлап табылды. Мұндай жасанды екпе болмаса, не істер едік?! Сол сияқты талай адам табиғи патогендер туындатқан неше түрлі инфекциялық аурулардан көз жұмып жатыр. ГМО-дан өлді деген бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз.
Евгений Климов, эколог-биолог: – Гендік модификацияланған өнімдер зиянды деген пікірмен келісемін. Трансгендік өнімдерді жан-жақты зерделей келе, мұның шынымен де өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі мен сүт бездерінің қатерлі ісігі

басқалардан төрт есеге көп болатыны анықталған. ГМО енді жетіліп келе жатқан ағзаға қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет