ТҰжырымдамасы 2011 жылғы 1-6 тамыз



Дата05.07.2016
өлшемі122.25 Kb.
#179249

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының 65 жылдығына және Жастардың дүниежүзілік жылына арналған «ХХ1 ғасырдың балалар қоғамдық қозғалысы: Қазақстан – жетістік тұжырымы» атты Қазақстанның және ТМД елдерінің балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының Халықаралық саммитінің

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2011 жылғы 1-6 тамыз



Самит бастаушы және ұйымдастырушы:

«Нұр Отан» ХДП және Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ

Саммитқа қатысушылар: Қазақстан Республикасының және ТМД, алыс шетел елдерінің балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, (ЮНИСЕФ) БҰҰ балалар қорының Қазақстандағы өкілдігі, Балалар қозғалысын зерттеушілердің халықаралық ассоциациясы, мугелек балалардың ата-аналар Ассоциациясы, ата-аналар, балалар қозғалысын зерттеушілер, педагогтар, психологтар, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Астана.

Өткізілетін база: Ақмола облысы білім басқармасының ауылшаруашылық колледжі (Бурабай ауданы, Қотыркөл селосы), Астана - «Нұр Отан ХДП орталық офисы).

Өткізу мерзімі: 2011 жылғы 1-6 тамыз.

Саммит шақыру және тақырыпты таңдау өзектілігі
1. 2011 жыл БҰҰ шешімі бойынша Дүниеүзілік жастар жылы болып жарияланды. Осы жылы (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының 65 жылдығы.

Қазақстан үшін 2011 жыл тарихи маңызды, өйткені осы жыл сүйікті Отанымыздың Тәуелсіздігінің 20 жылдығы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы – Қазақстан халқы үшін және сондай-ақ ТМД елдерінің халықтары, әлемдік қоғамдастық үшін маңызды тарихи оқиға.

Қазақстан егемендік алғаннан бері тек тәуелсіздік, саяси және экономикалық тұрақты мемлекет қана емес, сонымен қатар әлемдік қоғамдастықта демократиялық және азаматтық бастамалардың көшбасшысы болды.

Еліміздің Президенті Н.А. Назарбаевтың қазақстандықтар өмірінің сапасы мен деңгейін көтеру жөнінде белгілеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай іске асыру - үлкен буыннан елімізді әрі қарай дамыту үшін эстафетаны алатын жастарға байланысты. Адамзаттың осы ізгі әлеуетін сақтап қалу және әрі қарай оны көбейту – өскелең ұрпақтың міндеті.

Міне, сондықтан Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының кезекті саммитінің басты идеясы – балалар мен жастардың жетістік тұжырымы атты көшбасшылықтың қазіргі заманғы технологиялар негіздерін меңгеру арқылы Отан, Мейірміділік және Әділдік игілігі үшін өздерінің қоршаған болмысын жақсарту бойынша белсенділігін арттыру. «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ осы саммиттің бесінші рет бастамашысы болып отыр.
Бала құқықтары туралы БҰҰ Тұжырымдамасында белгіленген балалардың мемлекет пен қоғам өміріне қатысуын жас азаматтардың өзін-өзі іске асырудағы жетекші қағидасы деп танимыз.

Жердегі барлық өмірлік процестердің тұрақты дамуы БҰҰ қызметінде негізін салушы болып табылады.

Осы ақиқат «Қазақстан өркендеу және даму жолында: жетістік тұжырымы!» атты өткізілетін балалар саммитінің алдыңғы себебі болып табылады.

Жасөспірімдердің мемлекет пен қоғам өміріне, тұрақты дамуына қатысуы – олардың өмірді түсініп таңдауы, құқықтық сәйкестігі, ұрпақтардың жолын қуу және жауапкершіліктері.

2. Біздің ортақ шаңырағымыз Қазақстан Республикасының, әлемдік қоғамдастықтың өркендеуі мен тұрақты дамуы баршамыздың және әрбіреуіміздің өзіміздің туған үйіміздегі, туған жеріміздегі, сүйікті Отанымыздағы, әлемдік қоғамдастықтағы тәрбие мен білім деңгейімізге байланысты

Сондықтан саммиттің жұмысы қатысушылардың, Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары жас балалардың болашақта таңдаған мамандықтары бойынша келешек кәсіби қызметінің рухани-адамгершілік құндылықтарын, құқықтық мәдениет негіздерінің сапасы және деңгейіне қатысты түсінушіліктері мен жауапкершіліктерін көтеруге ықпал жасау керек.


3. Балаларға тәрбие және білім беруде, оларды мемлекет пен қоғам өміріне жан-жақты даярлауда отбасы, мектеп және балалар қоғамдастықтары жетекші роль атқарады.

Отбасы баланың әлеуметтік дамуының және балалардың әлеуметтік бейімделуінің табиғи ортасы болып табылады. Сонымен бірге отбасының тәрбие беру елеуетінің төмендеу тенденциясы, толық емес отбасы санының өсуі, ата-аналардың балаларын тәрбиелуден бас тартуы балалар ортасындағы маңызды мінез-құлқы ауытқушылықтарын көрсетеді және мұның барлығы балалардың денсаулықтарына, олардың өсіп-даму процестеріне шағымсыз әсер етеді

Сондықтан да балалар қоғамдық қозғаласы мен (ЮНИСЕФ) БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілдігінің әлеуметтік маңызды жобаларының бірі – «Мен әлемге қажетпін! Маған отбасы керек» жобасы, сонымен қатар «Қазақстан біз сенің балаларыңбыз! Жаңа әлемде біз өмір сүреміз!» атты барлық қазақстандық акция

Білім өмір сүру үшін – қазіргі замаңғы барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің жетекші идеясы

Бұл идея В. И. Вернадскийдің ноосаласы, адамның, табиғаттың және қоғамның үйлесімді дамуы туралы теориясының негізгі қағидаларына негізделеді.

Тәрбие берудің адамгершілік-рухани негізі өзін-өзі тану тұжырымдамасына салынған. Балабақшадан бастап барлық оқу орындарында мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның тікелей бастамасымен адамға өнегелілік-рухани тәрбие берудің бағдарламасы ойдағыдай іске асырылуда.

Балалар қоғамдық ұйымдары (балалар қоғамдастықтары) бала жасында адамның жан-жақты толық қалыптасыунда маңызды роль атқарады. Олар балалардың әлеуметтік бейімделуі және әлеуметтік оңалтуының ең мықты факторы болып табылады. Тек балалар қоғамдастықтары балалардың мемлекет пен қоғам өміріне қатысуда таңдау жасауын, шешім қабылдау барасындағы жауапкершіліктерін қалыптастырады. Сонымен бірге жақындағы және келешектегі перспективаларды ескере отырып, қоршаған ақиқатты жақсарту.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде «Нұр Отан» ХДП қолдауымен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы мен ТМД елдерінің балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары «ХХІ ғасырдың балалар қоғамдық қозғалысы: Қазақстан – жетістік тұжырымы» атты» балалар саммитің өткізуді өз қолдарына алып отыр

4. Қазақстан Республикасы – өзінің әлемдік шығармашыл бастамаларымен барша әлемге танымал егеменді мемлекет. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздің басты басымдылығы ретінде оның мәртебесін «Халықаралық қоғамдастықтың жауапты және толық қанды мүшесі ретінде Қазақстанның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқаратындығын» белгіледі (1.03.2006.). « Егер де біздің мақсатымыз – қоғам дамуының бір сатысын құру болса және онда адамгершілік пен идеялардың құқықтары жеңетін болса, онда әр азамат мектеп жасынан бастап оның алғашқы қарапайым басын меңгеру қажет».

Бұл да балалар қоғамдық ұйымдардың өзекті проблемалары бойынша әр түрлі тақырыптағы саммиттерді шақыруға байланысты маңызды бастамалардың бірі болып табылады



Сонымен, 2004 жылы Бурабай курорты Зеленый бор поселкасында өткен, «ХХI ғасырдың балалары: уақыт және өзім туралы сұхбат» атты I Халықаралық саммитте отбасы, мемлекет, қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары туралы ашық, маңызды әңгіме жүргізілді

2006 жылғы тамызда өткен «ХХI ғасырдың балалары: әлемдік мәдениет жолында» атты Екінші халықаралық саммитте балалық шақтағы мүмкіндіктер соншалықты нәтижелі талқыланды.

«ХХI ғасырдың балалары: жер планетасы –біздің ортақ үйіміз: әлемдік мәдениет жолында» атты Үшінші халықаралық саммит 2004 жылы балалар мен үлкендер арасында басталған сондай салмақты сұхбаттың жалғасы болды. Онда тұрақты даму бойынша БҰҰ жетекші қағидаларын жүзеге асыруда балалық шақтың ролі, біздің ортақ үйіміз – жер планетасындағы өмірлік процестерге балаларды қатыстыру барасында үлкендердің, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі туралы әңгіме жүргізілді
Қазақстан Республикасында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша экологияны жақсарту мақсатында «Жасыл ел» атты жастардың аса ірі кең таралған қоғамдық қозғалысы басталды.

Отанымыздың жасыл киімі көз алдымызда сәнге айналып, адамдарға денсаулық пен сұлулық сыйлай бастады.

Еліміздің жас азаматтары экологиялық патруль жұмыстарына, экологияның өзекті проблемалары бойынша ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысып, белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жанында

ата-аналардың, өз жерлерінде қызмет атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қоғамдық кеңесі жұмыс істейді.

Өмір сүру үшін білімді болу – ата-аналар, педагогтар, қоғам үшін ең өзекті тақырып.



«ХХI ғасырдың балалары: біздің құқығымыз және мүмкіндіктеріміз» атты Төртінші халықаралық саммит 2009 жылғы 2 қараша, Астана қаласында ҚР БҒМ балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасы бойынша, ҚР балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының, білім және ғылым министрінің, танымал қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлердің, (ЮНИСЕФ) БҰҰ балалар қорының Қазақстандағы өкілдігінің, шетел қонақтарының қатысуымен өткізілді. Бұл саммит БҰҰ бала құқығы туралы конвенциясын қабылдауының 20 жылдығына және оны Қазақстан Республикасында бекітілуінің 15 жылдығына арналған.

«ХХ1 ғасырдың балалар қоғамдық қозғалысы: Қазақстан – жетістік тұжырымы» атты бесінші Халықаралық балалар саммитің өткізу орны Ақмола облысында таңдалғаны жай оқиға емес. Дәл осында «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ жоғарыда аталған Халықаралық балалар саммиттерін өткізу жөніндегі бастамасы алғашқы рет қолдау тапқан.



5. Саммит жұмысының нәтижелері қорытынды құжаттарда көрсетілетін болады. Олардың негізгі мазмұны, ең алдымен самиттің бағдарламасына сәйкес халықаралық балалар қозғалысының ақпараттық кеңістігін кеңейтуге бағытталатын болады. Сонымен қатар, Методологиялық және технологиялық қамтамасыз ету, табиғатты қорғау және ресурс сақтау бағыттары жөніндегі БҰҰ тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес, мемлекет пен қоғамның өміріндегі балалардың жауапты және бастамашыл тұрғыдан қатысуын кеңейтуге, сәбидің қоршаған шындыққа қарым-қатынасын үйлестіруге бағытталған қазіргі заманғы балалық шақтың әлеуметтік мәселелерін шешумен байланысты болатын балалар қоғамдық ұйымдарының жаңа жобаларын әзірлеу қарастырылады.

Сондай-ақ, Баланың құқығы туралы БҰҰ тұжырымдамасына орай, қолда бар тарихи және қазіргі заманғы халықаралық тәжірибені ескере отырып, балалар қоғамдық қозғалысын, балалардың әлеуметтік бастамасын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және олардың мәртебесін нығайту бойынша нақтылы ұсыныстар енгізу қарастырылады.



Осы саммиттің мақсаты:

Саммит қатысушыларын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы түсініктеме беру және өзектендіру. Қазақстан Республикасы балалар қоғамдық қозғалысының тәжірибесін және жетістіктерін ескере отырып, ТМД елдері балалар қоғамдық қозғалысын дамытудың стратегиясы мен тактикасын айқындау.



  1. Халықаралық балалар дипломатиясының корпусын құру.

Саммиттің міндеттері:

  • Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа өскелең ұрпаққа көрсеткен әкелік қамқорлығы, балалардың өмірі үшін қажетті бейбір өмір құрғандығы үшін 2008 жылы Қырғызстан Республикасында өткен ҰҚШҰ қатысушы елдердегі жасөспірімдер патриоттарының алғашқы халықаралық жиынының жүлдегері, Ақмола облысы «Сұңқар» әскери-спорттық клубының ресми наградасы ретінде алған «Первый среди равных» Алтын дойбы құнды сыйлықты салтанатты табыс ету рәсімін өткізу мәмілесі туралы шешім қабылдау;

  • Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған балалар қоғамдық қозғалысының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;

  • «ХХІ ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз және мүмкіншіліктеріміз» балалар саммиті ұсынымының орындалуына талдау жасау;

  • Саммиттің қорытынды құжаттарын әзірлеу;

  • «ХХІ ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз және мүмкіншіліктеріміз» халықаралық саммитін болашақта өткізілетін тақырыбын, мерзімін және орнын анықтау;

  • Саммиттің жұмысын, қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды кеңінен ақпараттық қамтамасыз ету.

«ХХІ ғасырдың балалар қоғамдық қозғалысы: Қазақстан – жетістік тұжырымы» атты Қазақстанның және ТМД елдерінің балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының Халықаралық саммитінің БАҒДАРЛАМАСЫ

  • «Біз – бейбітшілік баласымыз!» Қазақстан және ТМД елдері балалар қоғамдық ұйымдарының тұсаукесері

  • «Нұр Отан» ХДП «Қазақстан Республикасындағы балалар қозғалысы: ахуалы және даму болашағы» тақырыбына баспасөз-конференция;

  • «Балалардың мемлекет пен қоғамның өміріне қатысуы әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде: тарих сабақтары» ғылыми-практикалық конференция;

  • Қорытындыларын көрсете отырып, пікірталас алаңдарының жұмысы:

- «ХХІ ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз және мүмкіншіліктеріміз»;

- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы: жетістіктер және болашағы»;

- «Елдің тұрақты дамуы және гүлденуі: Қалаймын! Қолымнан келеді! Істеуге міндеттімін!»;

- «Жан экологиясы және өмір үйлесімі»;

- «Мен өмірге керекпін! Маған отбасы керек!»;

- «Бүгінгі күні балалар қоғамдық ұйымы қандай болуы керек?»;

- «Балалардың әлеуметтік бастамаларының болашақтағы жобалары».


  • «Жетістік формуласы» бейінді шебер-кластар;

  • «Ересектер мен балалар: қарым-қатынастарының мәселелері» дөңгелек үстел;

  • Балалардың әлеуметтік маңызды жобаларының жәрмеңкесі;

  • Саяхат (Астана – Қазақстанның елордасы, Бурабай к.).


Сараптамалық-талдау топтарының жұмысы:

  • Балалар қоғамдық қозғалысының методологиясы және теориясы;

  • Балалар қоғамдық қозғалысының тәжірибесі және қазіргі заманғы технологиясы;

  • Адам мен қоршаған орта үшін қоғамға ерікті түрде қызмет ету түріндегі волонтёрлық;

  • ЕБҚ ақпараттық-болжамды қамтамасыз етілуі.

  • «Жұлдыз» БҚБО ҚБ брифингі.

  • Баспасөз-орталығының жұмысы.

  • Мәдени бағдарлама.

  • ДОСТЫҚ АЛАУЫ.

Саммиттің регламенті бір күнге жұмыс жоспарымен айқындалады.



2011 жылғы Саммитке қатысудың талабы

Балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының саммитіне Саммит ұйымдастыру комитетіне уақытылы өтінім ұсынған барлық ниет білдірген балалар мен жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, балалар қоғамдық қозғалыстарының үйлестірушілері, ғылым, мүдделі мемлекеттік және қоғамдық құрылым өкілдері қатыса алады.

Саммит мемлекеттің қаржылық көмегінсіз өткізіледі және қатысуға өтінім берген тұлғалардың қатысуы үшін, 14500 теңге (100 ш.б.) көлемінде ұйымдастырушылық ерікті жарна төленуі тиіс.

Төлемді келесі реквизиттер бойынша ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі:

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» ҚБ

020000, Көкшетау қ., Капцевич көшесі, 86.

СТН 032600222656

ЖСК KZ276010321000017832

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Ақмола ОФ

БСК HSBKKZKX

ЖСК 980341000711

Коды 18


Келген кезде төлем жөніндегі түбіртікті немесе төлем тапсырысының көшірмесін ұсыну қажет.

Ұйымдастыру жарнасын «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ бухгалтериясында келген кезде ақшамен төлем жүргізуге де болады.



Ұйымдастыру комитеті слетқа қатысу үшін ТМД және алыс шетелдерден балалар ұйымдарының көшбасшыларын, сондай-ақ Қазақстанға келу және кері қайту көліктік шығындарды қоспағанда «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ қаражатының және «Нұр Отан» ХДП қаржылық қолдауы есебінен саммитке қатысу бойынша барлық шығындарды төлеу арқылы Халықаралық балалар қоғамдық қозғалысы ассоциациясының сарапшыларын (алдын ала сандық келісім бойынша) шақыруына өкілеттілігі бар.

2011 жылғы саммиттің барлық қатысушыларының қолдарында белгіленген үлгідегі эпид.қоршаған орта жөніндегі анықтамасы болуы керек.



Саммитке қатысатын, балаларға жауапты делегациялардың жетекшілері балалармен бірге еріп жүруге ата-аналарының әрбір балаға берген белгіленген үлгідегі сенімхаттары болуы тиіс.

Анықтама алу үшін Саммиттің ұйымдастыру комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

Астана қ.: 8 (717 2) 21 74 22:

Көкшетау қ.: 8(716 2) 25 83 49), сонымен қатар Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Елена Александровна Дмитриенкоға +7 701 533 70 28.

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен WWW.ZHULDYZ.KZ сайтынан танысуға болады.

Ұйымдастыру комитеті






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет