ТҰжырымдамасы заң жобасының атауы



Дата11.07.2016
өлшемі82.71 Kb.
#190174


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында офсеттік келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заң жобасының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


  1. 1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында офсеттік келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы


  1. 2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу

Заң жобасы «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы 20-ші жалпы отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтың «Қазақстандық қамтуды дамытудың ұлттық жүйесін жетілдіру туралы» 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 17-5/07-74  хаттамалық тапсырмасының 2-тармағының 2-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтың «Қазақстандық қамтуды дамытудың ұлттық жүйесін жетілдіру туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 17-5/07-74  мәжіліс хаиттамасымен Қазақстан Республиккасының индустрия және технологиялар және мұнай және газ министрліктеріне «Офсеттік келісімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және осы заң жобасын 2013 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу тапсырмасы берілді.

Заң жобасына сәйкес «офсеттік келісім» -бұл:

тапсырыс берушінің (сатып алушының) ел экономикасына резидент емес өнім берушіден (сатушыдан) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы негізгі келісімшарт сомасынан қаражаттың бір бөлігін инвестициялау бойынша қарсы талаптар қою түрінде тапсырыс беруші (сатып алушы) мен резидент емес өнім беруші (сатушы);

жер қойнауын пайдалануға келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында жоғарғы технологиялық және көп ғылымды қажет ететін өндірісті ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында жасалған, белгіленген тәріпте индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органда тіркелген қосымша шарт.

Шетелдік қатысушылармен қарым-қатынастар сатып алушының өндірісіне инвестициялаумен және қазіргі заманғы технологияларды трансферттаумен ұзақ мерзімді серіктестік негізінде құрылатын офсеттік саясат тетігін жүзеге асыру Қазақстанға меншікті білім жүйесі мен базасын құру үшін халықаралық серіктестердің тәжірибесін және әзірлемелерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы заң жобасын әзірлеу негізі «Офсеттік келісімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының нормаларын іс-жүзінде қолданысқа енгізу үшін құқықтық механизм жасау қажеттілігі болып табылады, өйткені осы күнге дейін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында офсеттік келісімдерді жасауды реттейтін нормалар жоқ еді.

Заң жобасы тұжырымдамасының негізгі ойы ұлттық және мемлекеттік компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, импортты жабдықтарды ірі сатып алуын өткізу кезінде офсеттік келісімдерді тиімді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау болып табылады, ол болашақта олардың өндірісін елде оқшаулауға, сондай-ақ жоғары технологиялық өнімдер өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға, толымдаушылардың өндірісін ұйымдастырға, технологияларды өткізуге, жергілікті мамандарды оқытуды қоса, жеткізілетін жабдықтарды жөндеуге және қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы ұғымдық аппаратқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу және мемлекеттік органдар мен ұйымдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан шетелдік жеткізушілерден тауарларды, жүмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қарастырады.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында офсеттік келісімдерді реттейтін нормалардың және «Офсеттік келісім» деген ұғымның өзінің болмағанын ескеріп, «Офсеттік келісімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының норамаларын іс-жүзінде қолданысқа енгізу үшін құқықтық тетік құру болып табылады.



4. Заң жобасын реттеу мәні
Заң жобасының реттеу мәні жаңа өндірісітерді кейінгі оқшаулаумен бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға, жаңа технологияларды дамытуға және Қазақстан Республикасында жаңа жұмыс орындарын ашу жолымен қажетті өндірістік қуаттылықтарды қолдауға бағытталған жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді ұтымды және кешенді ендірумен байланысты шетелдік резидент емес жеткізушілермен офсеттік келісімдер жасасу және орындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Шетелдік қатысушылармен қатынас сатып алушының өндірісіне инвестициялаумен және қазіргі заманғы технологияларды трансферттау арқылы ұзақ мерзімді серіктестік негізінде құрылатын офсеттік саясат тетігін жүзеге асыру Қазақстанға меншікті білім жүйесі мен базасын құру үшін халықаралық серіктестердің тәжірибесі мен әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік береді.


5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы 2 баптан тұрады.

1-бап Қазақстан Республикасының мына Заңдарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуду қарастырады:

2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;

2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы»;

2012 жылғы 1 ақпандағы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы»;

2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы».



2-бап Заңның күшіне ену тәртібін қарастырады.

6. Заң жобасын қабылдау жағдайындағы болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар

Құқықтық салдарлар

Заң жобасын қабылдау салдарында шетелдік өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау қажет.

Әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заңжобасын қабылдау салдарынан мынадай әлеуметтік-экономикалық салдарларға қол жеткізілетін болады:



Отандық экономикаға жаңа технологиялар трансферты іске қосылады;

Толымдаушы элементтердің импортты өндрісінел ішінде оқшаулау, жабдықтарды құрастыру, оны жөндеу және қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалатын болады;

Жеткізілетін өнімге жеке тораптар, бөлшектер мен қосалқы бөлшектер жөндеу бойынша бірлескен кәспорындар санын арттыруға үшін жағдайлар жасалатын болады;

резидент емес әлеуетті жеткізушілер есебінен қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарға оларды өндіру бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды өткізу жүзеге асырылатын болады;

Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін жағдайлар жасалады;

жаңа технологияларды пайдалану бойынша жергілікті мамандарды оқыту үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады;

Қазақстан Республикасы экономикасының азаматтық саласына тікелей инвестициялар жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалды.


7. Басқа заң актілерін әзірленетін заң жобасымен бір уақытта (кейінгі) сәйкестікке келтіру қажеттілігі
Жоқ.

8. Заң жобасы мәнінің басқа да нормативті-құқықтық актілермен тәртіпті реттелуі
Жоқ
9. Қарастырылған мәселелерге қатысты шетелдік тәжірибенің болуы

Офсеттердің негізгі мақсаты – халықаралық тендерлер үшін ішкі нарықты ашу жағдайында ұлттық мүдделерді қорғау. Яғни, тапсырыс беруші ретінде кейбір елдің үкіметі, ал жеткізуші – шетелдік шаруашылық етуші субъект болған жағдайда қажет.

Бүгін 100-ден астам мемлекет офсеттерді ұйымдастыруға қажетті нормативті құқықтық базаға ие. НАТО-ға енген Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдері офсеттік заңнама арқасында екі мәселені шешті – жаңа қаруларды сатып алу және экономикаға көлемі бойынша ірі инвестицияларлы алу.

Мысалға, 1999 жылы қабылданған тиісті заңда Польша офсеттік келісімшарттар арқасында тікұшақтардың, сандық байланыс құралдарының, жеңіл бронетехникасының өндірісін ұйымдастырды. Чехия және Венгрия осындай жобалар шеңберінде Gripen швециялық жойғыштарды жалға алды. Есептеулер офсеттік заңнама Польшаға, Чехияға, Венгрияға және Болгарияға 11 млрд. астам долл. инвестицияларды алуға мүмкіндік береді.

Швецияның 1970 жылдары жоғары дамыған қорғаныс өнеркәсібіне қарамастан, импорт ӘҚТ сатып алуға арналған шығындардың жалпы көлемінен үштен бір бөлігін құрады. Егер тікелей импорт артып, ұлттық қорғаныс-өнеркәсіптік кешен дамуының альтернативасына айналса, швециялық қорғаныс кәсіпорындары жұмыстарынан айырылар еді, ал уақыт өткен соң біліктілігін де жоғалтар еді.

Осындай теріс нәтижелердің өтем құралы, сондай-ақ швециялық экономиканың өсу құралы сол кездерде офсеттік келісімшарттар болды. 1982 жылғы үкіметтік заң жобасына сәйкес офсеттік келісімшарттар шетелде 75 млн. швед кроны (шамамен 9,5 млн. АҚШ доллары) және одан көп сомаға сатып алу жағдайларында назарға алынады.

Осы кезеңдегі басты офсеттік келісім Gripen әскери ұшағына арналған америкалық қозғалтқышты өндіруге және осы ұшаққа араналған басқа шетелдік кіші жүйелерін сатып алуға арналған лицензияларды сатып алумен байланысты болды. Осы келісімдер мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді және тиімді коммерциялық қызметті ынталандыратын ынтымақтастыққа қол жеткізу, көрсетілген ұшақтарды сатып алуды аяқтаған соң да технологияларды өткізу және сауданы дамыту болды.

Елдер өздерінің сыртқы саяси мүмкіндіктері мен мемлекет экономикасының ерекшелігін ескере отырып, офсеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді тетіктерін жасауда.

Офсеттік келісімдер озық технологиялар мен «ноу-хауға» рұқсат алуға және білікті кадарларды даярлауды жүзеге асыруға, сондай-ақ инновациялық және инвестициялық қызмет саласында қосымша қаржы ағымдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін тетіктердің бірі болып табылады.

Бүгінде офсеттік келісімдер жоғары технологиялық және қымбат өнім (әуеғарыштық техниканы, технологиялық жабдықты) импортын жүзеге асыру кезінде экономиканың басқа азаматтық секторларына кеңінен таралады.

Қазіргі кезде технологияларды өткізу әлемде, әсіресе өзінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға тырысатын елдерде ең танымал және ұтымды офсет түрі болып табылады. Барлық офсеттік келісімдердің шамамен 30% технологияларды өткізу негізінде құрылады, бұл импорттаушы елдің технологиялық дамуына ықпал етуі тиіс.

Алайда технологияларды өткізу нақты сызылған кесетені қажет ететін ұзақ процес. Технологияларды табысты өткізу үшін ол, ең алдымен экономикалық жағынан өміршең, екіншіден, сатып алушы тиісті білім мен мүмкіндіктерге ие боулы керек, үшіншіден, өткізу қандай да бір шектеулі шарттарсыз жүзеге асырылуы тиіс. Алайда көптеген елдер келіссөздер барысында жасқанып әрекет етеді және технологияны өткізуді (know how) ғана емес, одан жа маңыздысы – оларды дамыту және жетілдіру қағидаларын сақтап қала алмайды, бұл жергілікті ғылымның түбегейлі дамуына жәрдемдеседі. Осы екі құрамалардың болу жағдайында ғана ұлттық өнеркәсіп тәуелсіз бола алады және технологиялардың ескіруінен құтыла алады.


10. Жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар.

Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет