ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны



бет13/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

МЕН - бейнесі.
Бақылау мен тестілеу тұлға туралы обьективті көзқарас қалыптастырады. Адам үшін өзінің өзіне деген көзқарасы маңызды болып табылады, әсіресе, ол өзінің бітісін нашар ажырататын жас адам болатын болса. Өзін-өзі саналау - адамның өзін , өзінің қызығушылықтарын, құндылықтары мен мінез-құлық мотивтерін тұлға ретінде бағалауы. Өзін-өзі саналаудың дамуы - бұл тұлғалық өсу тренингінің міндеттерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі саналаудың негізінде адамда " Мен - бейнесі" қалыптасады ( Мен - концепция) - яғни, индивид өзін қалай көреді және қалай көргісі келеді. " Мен - бейне " негізінде адам өзін сырқы әлемнен және басқа адамдардан ажырата алады. Сонымен қатар, " Мен - бейнеге "өзінің мімкіндіктері мен өзін тұлға ретінде бағалауы кіреді. " Мен - бейне " адекватты болуы мүмкін (шынайылыққа сәйкес келетін) немесе бұрмаланған, яғни, ол адамды анықтау қиынға соғатын. Қандайма жағдай болмасын адам өзінің " Мен - бейнесінің " тұрақтылығына ұмтылады. Адам егер өзі туралы айтылғандарды оның қиялындағы " Мен бейнесіне" сәйкес келмесе оны жалған ақпарат деп есептеп, мән бермеуге тырысады. "Мен бейнесінің" адам өмірінде маңызды орын алуы себебі, ол оның ішкі әлемінің орталығы болып табылады, өзінің мінез-құлқын жоспарлайтын, барлық қоршаған әлемді бағалайтын және қабылдайтын адамның "бастапқы нүктесі" болып табылады. Мысалы, жақсы белгілі нәрсе, бір адам үшін ылғы бір түс "ашық және көңілді " болуы мүмкін, ал басқа біреу үшін ол " iш пыстыратын - бұлыңғыр"; сүйікті музыканың дыбысы сіз үшін тыныш болуы мүмкін, ал ол музыканы ұнатпайтын адам үшін оның дыбысы өте қатты болуы мумкін; бір немесе басқа оқиға жақсы немесе жаман деп бағалануы мумкін, өйткенің оның бағалануы ададарға пайдалы немесе зиянды болуынан болып табылады және т.б.
"Обьективті пікір" әдеттегідей миф және адасу болып табылады. Адамның кез келген пікірі оның " Мен - концепциясы" арқылы ұйғарылады.
"Мен - бейне" тұтастай өзіне үш негізгі өлшемді қосады: нақты «Мен» (дәл қазіргі сәтте адам өзін қалай көреді), қалау "Мен" ( өзін қалай көргісі келеді), ұсынылатын «Мен» ( өзін басқаларға қалай көрсетеді). Осы үш өлшемде тұлғада болады және оның тұтастылығы мен дамуын қамтиды.
"Мен бейненің" жеткілікті тұрақтылығана қарамастан, өмір ағысы бойынша ол тұрақты болып қалмайды. Оның қалыптасуы, дамуы және өзгерісі оның ішкі себептерімен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның сыртқы әсерінен де. Ішкі фактор - адамның өзін-өзі дамытуға ұмтылуы. Өзін-өзі дамыту - өзін тұлға ретінде жүзеге асыруға тырысатын аданың саналы іс-әрекеті. Ол анық өмірлік саналы мақсаттарды, идеалдарды және тұлғалық бағдарларды жорамалдайды.
"Мағыналы басқалар" ретінде ата-аналары, жетекшілер, бала ойынына кейбір қатысушылар, және, мүмкін, атақты тұлғалар. Сондықтан, "мағыналы басқалар" арқылы әлеуметтену процесі жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет