Қорытынды.
Қорытындылай келетін болсам, тұлға қалыптасуын түсіндірген бағыттардың, психологтардың ішіндегі тұлға психологиясының, жалпы психология ғылымының дамуына ат салысқандардың бірі - Д.Б.Эльконин ұсынған тұлға дамуы кезеңдері мен көзқарастарының орны ерекше. Әсіресе бұл жолда ерекше көңілді балалар психологиясына бөліп, бала кезден жастық шаққа дейінгі даму кезеңдерін ұсынды.
Өз жұмысында ол алғаш сөйлемейтін, естімейтін балаларды зерттеп, кейінірек дені сау балалармен салыстырған. Оның ойынша дені сау балаларды зерттемес бұрын, ауыру балаларды зерттеп қана екеуінің бір-бірінен айыармашылығын байқауға болады. Өзінің балалар психологиясына арналған зертетеулерін Л.С.Выготский оқушылары А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Галтперин, Л.И.Запорожец сияқты психологтармен бірге жүргізді. Б.Д.Эльконин шет елдің балалар және педагог психологтарымен тығыз қарым-қатынаста болды. Әсіресе Л.С.Выготский теорияларына сүйенген АҚШ психологтарымен. Соның ішінде ерекше айтатындары Дж. Брунер, М.Коул, Дж. Вертчем.
Сонымен қатар әр кезеңдегі өзіне тән ерекшеліктерінде (мысалы, баланың нәрестелік кезеңнен ерте балалық жаққа өту барысында жүре бастауы, сөйлеп үйренуі сияқты ) атап көрсетті.
Өз еңбектерінде ойынның маңызына да тоқталып өтеді. Бұл ойын тұлға болып қалыптасу жолындағы қажетті танымдық үрдістердің де дамуына тигізетін маңызы зор.
Бірақ бұл мәселе де толығымен зерттелініп бітпеді. Себебі, Д.Б.Эльконин Ресей елінің психологы болғандықтан біздің елімізде барлық айқан тұжырымдамалары, зертеген зерттеулерінің барлығ кездеспейді. Бірақ болашақта тұлға психологиясын түсіндіруде маңызы өте зор болғандықтан, біздің мемлекетке барлық зерттеулері де әкелінеді дегенге сенімдімін.
Жұмысымды бір сөзбен қорытындылайтын болсақ, алға қойылған мақсаттарға жеттік, өз ойымызды дәлелдедік деп ойлаймыз. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі
14 дәріс. Тұлғалық өсудегі“кедергілер”, қарым қатынастағы қақтығыстар туралы.
Қоғам даму үстінде, көптеген жаңа құбылыстар, өзгерістер енуде. Соған байланысты жаңа мекемелер, ұйымдар ашылып, жұмыс істеуде. Көптеген білікті мамандар қажет. Өз істерінің шебері болғанымен бір мекемеде қарым-қатынасқа түсіп, жұмыс істеу қиынға түседі. Себебі әрқайсысының өз мінезі, темпераменті, қимылының жылдамдығы, жұмыстағы міндеттері болады. Осының барлығын қадағалап, мекемедегі қақтығыстардың алдын алу жолын күні бұрын қарастыратырып отыратын, тиімді жұмыс атқаруға көмектесетін маман - психолог қажет. Мекеме, ұйым түрлер өте көп болғандықтан сол салаға сәйкес білімді психологтар қажет. Яғни осыдан психологияның көптеген салалары пайда болып, даму үстінде.
Туғаннан өмірінің соңына дейін өтетін жолды қарастырып, тұлға болып қалыптасуын әр түрлі бағыттар бойынша қарастыратын психология саласы- Тұлға психологиясы. Тұлға психологиясының басты мәселелерінің бірі- көптеген бағыттар бойынша тұлғаның қалыптасуы. Д.Б.Эльконин ешкімге ұқсамайтын өзіндік даму кезеңдерін ұсынды. Әсіресе ерекше көңілді өзі балалар психологы болғандықтан болар, нәрестелік кезеңге және мектепке дейінгі кезеңге бөлді. Балалар психологиясын түсіну арқылы ғана тұлға психологиясын ұғынуға болады.
Фёдор Ефи́мович Василю́к тұлғалық өсудегі “кедергілер”
Жоспары:
I . Кіріспе бөлім;
II.Негізгі бөлім:
А) Өмірбаяны мен ғылыми іс – әрекеті;
Б) Уайымдау психологиясы (кризистік жағдайларды жеңу аналогиясы);
III Қорытынды;
IV.Қолданылған әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |