Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар. Жоспары: Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу»



бет2/4
Дата15.01.2024
өлшемі19.17 Kb.
#489122
1   2   3   4
жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін фактор

Тұлғалық-бағдарлы тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процесіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан — әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінезқұлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Аксиологиялық тұғырадамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. құндылықтар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
Ата — баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руханилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани — адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани — адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптастырады.
Қызметтік тұғыр – тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік тұғыртәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы.
Әлеуметтік тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.

Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры — әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға


бағытталады.
Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлғаның
қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі т.б. мүмкіндік жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет