сондықтан ол дайындықпен істерді
басқаратын бастық болады, бірақ оларды ӛзі
басқарғысы келмейді. Сондықтан оның басым құштарлығы - амбиция; ол қоғамдық
істерге ықыласпен кіріседі және қатты мадақтағанды қалайды.
D. Суық қанды флегматикалық темпераменті
Флегма әлсіздік ретінде - әрекетсіздікке деген ұмтылыс, мотивация ӛте күшті болса
да, іспен айналысуды қаламау.
Флегма күш ретінде - бұл оңай да емес, тез де емес, ұзақ уақыт бойына қозғалысқа
түсу қабілеті.
Оның табысты темпераменті
оның даналығын ауыстырады, тіпті оны күнделікті
ӛмірде де философ деп атайды. Ӛзінің темпераментімен ол ӛзгелерден озып шығады.
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті ӛзі үшін
байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сӛзінде
сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң.
Ол кӛнбейтін, бірақ парасатты ерік-жігерімен басқалардың ерік-жігерін ӛз еркіне
қалай бейімдеу керектігін біледі.
Ұзақ уақыт бойы темперамент типтері туралы мәліметтер
толықтырылды және
жинақталды. Бірақ темперамент типтерін жіктеу негіздері түсініксіз болып қалды. Оларды
анықтаудың алғашқы әрекеттері адам денесінің құрылымымен байланысты айқын
ажыратылатын белгілерге сүйенді.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына
Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы
Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық
кӛрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге
ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер тӛрт конституционалды типке бӛлді:
лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1.
Астеник (
лептосоматик) – нәзік денелі,
ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы
тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
Достарыңызбен бөлісу: