Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция.
Анықтамасы. Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция (РС-инфекция) - тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің зақымдалуымен және біріңғай интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлық ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына Metamyxoviridae тегіне жататын, құрамында РНҚ мен комплемент байланыстырушы антигені бар вирус.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 3-6 күн. Ауру біртіндеп басталады. Бірінші күндері тоңғыштық, бастың ауыруы, әлсіздік, мұрын-жұтқын шақтың құрғауы, жөтел пайда болады. Ринит белгілері дами бастағанда мұрыннан серозды-шырышты бөлінулер ағады. Бронхит және- пневмония қосылған кезде науқастын жағдайы нашарлайды, дене қызуы 38-39°С-қа дейін жоғарылайды. Бастың ауыруы, әлсіздік күшейіп, ентігу пайда болады. Жөтел күшейеді: алдымен құрғақ, кейін қақырық қосылады. Жұмсақ таңдай орташа гиперемияланған, түйіршіктену болуы мүмкін. Мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған және ісінген. Пульс-дене қызуына сай. Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден катайған тыныс, көптеген құрғақ, кейде ылғалды сырылдар естіледі.
РС-инфекцияның назофарингит, бронхит, бронхиолит, пневмония деген клиникалық нұсқаларын ажыратады.
Ауру ұзақтығы жеңіл түрлерінде 5-7 күнге, ауыр түрлерінде - 3 аптаға дейін және одан да көп уақытқа созылады.
Риновирусты инфекция.
Анықтамасы. Риновирусты инфекция - мұрынның шырышты қабатынын зақымдалуымен және әлсіз интоксикация белгілерімен көрінетін жедел респираторлық ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Picornaviridae тұқымдастығына Rhinovirus тегіне жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 1-6 күн, орташа 2-3
күн.
Ауру күрт басталады: әлсіздік, мұрынның бітелуі, мұрын- жұтқыншақтың құрғауы пайда болады. Содан кейін мұрыннан көп мөлшерде серозды, одан соң шырышты бөлінулер, түшкіру, кейде құрғақ жөтел мазалайды. Дене қызуы субфебрилді немесе калыпты. Қарап тексергенде: мұрын шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуі, ринорея. Мұрын терісі мацерацияланған. Кейін heipes labialis et nasalis байқалады.
Гемограммада: нормоцитоз немесе аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты.
Ауру ұзақтығы 6-7 күнге созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |