Тобы: 104а факультеті: Ж. М



бет2/4
Дата29.04.2024
өлшемі2.82 Mb.
#500113
1   2   3   4
632400.pptx 2

Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды. Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын қаналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасқан. Лимфа тамырларының өте қабырғасы дәнекер ұлпалар мен біріңғай салалы ет талшықтарынан құралған.

Олардың ішкі қабығы бір қабат энтотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш жүйке талшыктамен жүйкеленген. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады. Лимфа тамырлары денеге кәріздік (дренаждық) жүйе құрып, органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтік кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфациттер де түзіледі. Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарайды.

Лимфа және лимфа айналу

Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар тоы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа сосудтарына жалғасады; кейінгілер дененің әр түрлі учатоктерінде / қолтықта, мойында, шапта/ лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады. Лимфа түйіндерінен шыға берісте олар қайта бірігіп, үлкен сосуда құрайды. Бүкіл денедегі лимфа көкірек лимфа жолы және мойын лимфа ьтамыры арқылы оң және сол бұғана асты веналарына құяды. Лимфаны құрамы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет