Тобы: 104а факультеті: Ж. М



бет4/4
Дата29.04.2024
өлшемі2.82 Mb.
#500113
1   2   3   4
632400.pptx 2

Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

Қорытынды

Лимфа жүйесінде лимфа дененің көп бөлігінде (тұлға мен қол-аяқтарда) ауырлық күшінің бағытына қарсы ағады, сондықтан баяу жылжиды. Веналық арна оған құятын лимфалық арнамен толығады да, жүректегі қан балансы теңеседі. Лимфалық арнаның кеңдігі лимфа тамырлары санының көптігімен қамтамасыз етіледі.

Соманың лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді. Тері астында жатқан беткей тамырлар теріасты веналары және беткей нервтермен қосарлана жүреді. Терең лимфа тамырлары тамыр-нерв будаларында, оларда жатқан артерияларға , терең веналарға және нервтерге паралель жүреді.

Барлық лимфа тамырлары пайда болған жерінен аймақтақ лимфа түйіндеріне дейін ең қысқа жолмен барады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4

2.Әбубәкіров Ә.Б, Сүлейменова Ф.М, « Атлас Адам анатомиясы» III том. Астана: «Сарыарқа», 2011жыл

3.Рақышев А.Р «Адам анатомиясы» II том. Алматы: 2004жыл

4.Нұрахметова Б.Н «Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы». Оқу құралы. Алматы, 2007жыл

5.www.google.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет