Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған


Есептеуге берiлген тапсырмалар



бет9/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
4. Есептеуге берiлген тапсырмалар. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларындағы
геометриялық фигуралардың санын есептейдi, олардың ауданын, периметрiн табады,
5. Аралас тапсырмалар. Мұнда байқау, өлшеу, салу, есептеу тәсiлдерi кешендi түрдежүзеге асырылады, жоғарыда айтылған тапсырмалардың барлығы өзара араласып келедi. Сонымен, осы айтылғандарды негiзге ала отырып, сәндiк-қолданбалы өнер
материалдарының педагогикалық мүмкiндiктерiн ашып көрсетуге болады: бастауыш
сыныптарда геометриялық материалды оқытуды жетiлдiредi, сәндiкқолданбалы өнердегiматематикалық бiлiмнiң мазмұнын меңгертедi, халықтың қолөнерiмен тереңiрек таныстырып, оған деген аялы көзқарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамды дамытады, өнерге деген қызығушылықты арттырады.
Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс- әрекеттерінің орын-далуын көздейді. Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтыпшығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураларға тән екендігін біртіндеп тағайындап,
тексеруден өткізеді, сонан кейін бір фигураларды қарастырып отырған ұғымға тиістінемесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды.Геометриялық пішіндер (фигуралар) ішінде орналасқан ою-үлгілері берілген:
Бір жағында ою орналасса, сол фигураның екінші жағында нөмірлер жазылған.
Барлық тік төртбұрыштардың және үшбұрыштардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар
Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді
көздейді. Халқымыздың сәндік- қолданбалы өнер туындыларының ішінен геометрилық 
фигуралар пішіндес заттарды атаңдар. Кез келген тік төртбұрыш, үш бұрыш сызыңдар. 
Оның ішіне ою үйлестіріп табыңдар. Үшінші  топтың  жаттығулары сызу дағды-
ларын қалыптастыруға және тиянақтай түсуге арналады. Сонда әртүрлі жағдайларда
геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады. Түскиіздің ені 3м, 
ұзындығы 5 м. Суретін сызыңдар. «Тұмарша» оюының пішіні қандай?Суретін сызыңдар. 
Халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріне негізделген әр тапсырмалардың қайсысы 
орындалғанда болсын, алдымен сәйкес фигуралардың сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигура қалауымызша өлшем бойынша салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет