Тобы: мн-011 Тексерген: Дюсупова Г. Т. Семей 2022 Жоспар



бет1/4
Дата13.12.2022
өлшемі41.17 Kb.
#467198
  1   2   3   4
бух учёт сро 13


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



СРО тақырыбы: «Дебиторлық қарыздар есебі»

Орындаған: Беделғазықызы Алима
Тобы: МН-011
Тексерген: Дюсупова Г.Т.

Семей 2022

Жоспар

Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.


1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
1.2. Дебиторлық қарыздарды ұйымдастыру нысандары.


Кіріспе.
Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық қарыздарды бөліп көрсетеді.
Саудалық дебитор қарызы – негізгі іс әрекеттер нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне және филиалдарына аванстар, шығынды жобуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, үкімет орындарына салықтарды қайтару жөніндегі тілектер және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық қарыздар 3 топқа бөлінеді:
- алынуға тиісті шоттар
- алынған вексельдер
- басқалар
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық қарыз алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық қарыз шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады.
Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай бөлінеді:
- қалыпты;
- ақталмайтын.
Мерзімінде төленбеген қарыз аяқталмаған болып саналады.
Дебиторлық қарыздар құрылымы бойынша активті шоттар тізіміне кіреді. Дебиторлық қарыз бөлімінің шоттарының ай басындағы және ай соңындағы айналымдары дебеті жағында жазылады да, қалдығы дебеттік болып келеді.
Дебиторлық қарыздарды есептеуге 3-бөлім шоттары арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет