Тобы: мн-011 Тексерген: Дюсупова Г. Т. Семей 2022 Жоспар


Дебиторлық қарыздарға сипаттама



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі41.17 Kb.
#467198
1   2   3   4
бух учёт сро 13

1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек қарыздар бар заңды және жеке тулғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
• ағымдығы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
• тапсырылған (берілген)шоттар бойынша алынуға тиісті қарыздар;
• вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;
• негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;
• үйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық қарызы;
• басқадай дебиторлық қарыздар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытынның арасындағы мерзім кұндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнына баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытаның арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдырдың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдікьерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет