Тоғызқұмалақты бірге үйренейік


Жүріс жасау ерекшеліктері



бет2/3
Дата05.07.2016
өлшемі2.29 Mb.
#179234
1   2   3

3.1 Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрістің кімнен жасалатыны жеребімен, не ойыншылардың келісімімен анықталады.

Жүріс жасау үшін өз жағымыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2,4,6,8,10,12 және т.б.), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға саламыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы диаграммадағы алғашқы жағдайда бастаушы 7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыластың 6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғысы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және бастаушы қазанына салынады. Сол жүрістен кейін төмендегі диаграммадағы жағдай қалыптасады:















0













9

9

9

0

10

10

10

10

10

9

9

9

9

9

9

1

10

10













10












Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

3.2 Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға болады. Оны ежелде – «Тұзды үй», қазіргі кезде – «Тұздық» деп атайды.

Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағымыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін біздің меншігімізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде біздің қазанымызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық:
















0













0

10

10

1

11

11

11

11

11

10

10

10

10

10

10

2

11

1













10












Осы жағдайда қостаушы ойыншы 7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының 7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады:

















3













1

11

1

1

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

х

11

1













10












Ендігі кезде бүкіл ойын барысында 7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

Ойын барысында тұздық бір рет қана алынады және 9 отаудан ешқашан алынбайды.

Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы 7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға құқығы жоқ.


3.3 Атсырау ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ саны таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында ойыншылардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:














78













1

1

1

х

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

х

0

4













76












Осы диаграммадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол 9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы 1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы 9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Енді қостаушы міндетті түрде соңғы жүріс жасау керек. Қостаушы 9 және 5 отаудан басқа құмалақпен жүріс жасайды, мәселен 9 отаудағы құмалақпен жүрген жағдайда бастаушыға қосымша жүріс береді, ал 5 отаудағы құмалақпен жүрген жағдайда ол құмалақ бастаушының қазанына салынады. Егер 1 отаудағы құмалақпен жүретін болса, төмендегідей диаграмма туындайды:
















78













1

1

1

х

1

0

1

3

0

0

0

0

0

0

0

х

0

0













76












Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 0-1 (76-86). Қостаушы ұтты.


4 Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты мен нәтижесін қорытындылау
Қандай да спорт ойын түрі болса да, ең бастысы ұтысқа жету болып саналады. Бірақ, бұл зияткерлік ойын түрінде тек ұтысқа жету ғана емес, сонымен бірге, адам өміріне қажетті оң қасиеттерді меңгеру және әрдайым өзін-өзі жетілдіру болып табылады. Қандай да қоғам болмасын не тарихта небір кезеңдерді бастан кешірген адамзат зияткерлік ойындарға көп мән берген. Осының бір көрсінісі біздің сізбен әлі де меңгеріп, одан сабақ алып жүрген ұлттық ойынымыз «Тоғызқұмалақ».

Бұл ойынның ережелерін үйрену оңай, партияларды ойнау қызық, ал шеберлікті жетілдіру өте ауыр істердің бірі. Сондықтан, бұл ойынды үйренген сәтте не шеберлікті арттырған кезде әрбір бетіне мән беріп оқыған жөн. Қандай да зияткерлік ойындарда көптеген қызық және ляззат алуға жеткізерлік түрлі қалып жағдайлары кездеседі.

Ойын соңына жеткен кезде, не басқа да жағдайларда, әр спортшыға ойын нәтижесі белгілі болуы керек. Төменде көрсетілген жағдайларда кім ұтысқа жеткенің, не тең ойнағаны туралы жазылған.

Осындай жағдайларда ұтысқа жетуге болады: біріншісі, егер бастаушы, не қостаушы қазанына 82 құмалақ жинаған жағдайда; екіншісі, жүрістер таусылып атсырауға ұшыраған жағдайда, қазанда құмалақ мөлшері 81-ден кем болған жағдайда; үшіншісі, жарыста белгіленген регламент бойынша ойыншылардың бірінде уақыты таусылған жағдайда қазандағы құмалақ мөлшері 81-ден кем болғанда; төртіншісі, ойыншы Тоғызқұмалақ Кодексі шарттарын бұзған жағдайда ұтылды деп есептеледі.

Ойында тең ойын жиі кездеседі: біріншісі, егер бастаушы, не қостаушы қазанына 81 құмалақ жинаған жағдайда; екіншісі, ойыншылардың ойын үстінде өзара келісімі бойынша; үшіншісі, жарыста белгіленген регламент бойынша ойыншылардың бірінде уақыты таусылған жағдайда қазандағы құмалақ мөлшері 81 болған жағдайда.

Егер қазандағы құмалақ мөлшері 82 не одан көп болған жағдайда және жарыста белгіленген регламент бойынша ойыншылардың бірінде уақыты таусылған жағдайда ойын тоқтатылады. Ұтқан ойыншыға 1 ұпай, ал ұтылған ойыншыға 0 ұпай беріледі. Тең ойнаған жағдайда әр ойыншыға 0,5 ұпай беріледі. Қорытынды нәтижені жазған кезде құмалақ санын жазудың қажеті жоқ.



5 Ойынды арнайы қағазда жазып ойнау тәртібі

Жазуды меңгеру – ойналған ойындарды есте сақтауға, жүрілген жүрістерді талдауға көп көмектеседі. Шебер ойыншылардың ойындарын талдау арқылы өз шеберлігін арттыруға, жіберілген кемшіліктерін екінші жолы қайталамауға болады. Жарыс барысында қарсыластың алдап кетуінен сақтанып, әр ойынның сырын тереңінен ашуға септігі тиеді.

«Партияларды жазу осы ойынның тарихын, даму жолын, теориялық негізін жасауға, күшті ойыншылардың әдіс-айлалы ойындарын зерттеуге, ол зерттеулерді жұртшылық үйрену үшін тоғызқұмалақ әуесқойларының талқысына беруге мүмкіндік береді» [13].

Жарыстарда арнайы берілетін қағазда әр ойыншы: жарыстың деңгейі туралы (қандай көлемде және кімнің атына арналған); өту мерзімі туралы; қай тур; қай тақтада; қай қалада, не елде; ойынның ойналған күні; бастаушы мен қостаушының аты-жөні мен қай командаға өнер көрсетуі туралы мағлұмат; әр жүрістен кейінгі жазу бастаушы және қостаушы жағы үшін; әр 10 қос жүріс жасалғаннан кейінгі диаграмманы толтыру (арнайы қағазда бастаушы диаграмманың төменгі бөлігіне ақ жағы үшін толтырады отау сан ретімен, жоғарғы бөлігіне қара жағы үшін отау сан ретімен толтырады; ал қостаушы керісінше, диаграмманың төменгі бөлігіне қара жағы үшін толтырады отау сан ретімен, жоғарғы бөлігіне ақ жағы үшін отау сан ретімен толтырады); ойын аяқталғаннан кейін ойыншы кім жазғаны туралы; жұмсалмай қалған уақыт көлемі туралы; ойын нәтижесі мен қол қою міндетті.

Бұл шарттарды орындамаған жағдайда, қабылдаушы төреші ойыншыға ауызша ескерту айтуға, не арнайы қағазды қабылдамауға құқығы бар. Сондықтан осы ережелерді толығымен орындаған жөн. Бұл тек төрешілер үшін ғана керек емес, ол әр ойыншы үшін қажетті. Өйткені небір даулы мәселелер болған жағдайда, бұл арнайы қағаз арқылы төрешіге шешім қабылдауға тиімді және әділ болмақ.

Тоғызқұмалақ ойыны уақыт мөлшеріне байланысты үш түрлі жарыстар өткізіледі: классика, рапид және блиц жарыстары. Классика жарыстарында әр ойыншыға 1 сағат, не одан да көп уақыт беріледі. Рапид жарыстарында әр ойыншыға 20 мен 40 минут аралығында уақыт беріледі. Ал блиц жарыстарында әр ойыншыға 5 пен 7 минут аралығында уақыт беріледі.

Осындай жарыстарда уақыт мөлшерінің аз болуына байланысты арнайы қағаздар берілмеуі мүмкін.

Тағы бір маңызды жайт, ойын барысында егер бастаушы, не қостаушы ойыншыда уақыт мөлшері 5 минуттан кем болған жағдайда, ол ойыншы арнайы қағазда сол сәттен бастап жүрістерді жазбауға құқығы бар. Ал ол сәтте, егер қарсылас ойыншының уақыт мөлшері 5 минуттан көп болған жағдайда, ол жүрістерді жазуы міндетті. Егер екі ойыншыда уақыт мөлшері 5 минуттан кем болса, онда төреші арнайы қағазда жүрістерді белгілеу мүмкін.

Төменде көрсетілген 1-ші және 2-ші суреттерде арнайы қағазды қалай толтыру керегі жөнінде және ойын нәтижесін белгілеу туралы көрсетілген.

1-сурет – Тоғызқұмалақ ойынының жазу үлгісі (алдынғы жағы)


2-сурет – Тоғызқұмалақ ойынының жазу үлгісі (арт жағы)
6 Шеберлер ойнаған партияларды талдау
Бұл партияларды талдағанның көптеген оң жақтары бар. Оның бірі ойында шеберлер дайындалып не ойын үстінде өзінің шеберліктері арқасында ойлап тапқан жүрістер мен құрылған қалып жағдайлары көп мәнге ие. Сонымен қатар, осы партияларға талдау жасай алатын шебердің жеке өз басының көзқарасы мен түсіндірмелі баға беруі.

Шеберлер ойындарын талдаған Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шебері, Қазақстан құрама командасының мүшесі Ақтаев Серік.


№ 1 ойын

Павлодар қаласы, 2009 жыл

Бастаушы: Қабдығалым Нұржан

Қостаушы: Райымбекова Роза

1. 32 98

2. 78 44


3. 67 57х

4. 24х 69

5. 69 81

6. 91 94


7. 59 89

8. 91 91

9. 39 79

10. 68 89














55













2

1

1

2

2

х

13

4

0

0

3

1

1

2

1

х

19

1













54













11. 56 89

12. 24 92

13. 12 78

14. 56 67

15. 45 56

16. 68 89

17. 34 78

18. 23 67

19. 45 78

20. 34 89
















58













3

1

0

1

1

х

13

4

0

0

0

1

2

2

1

х

20

1













54













21. 56 67

22. 45 56

23. 67 36

24. 12 25

25. 57 89

26. 45 78

27. 56 67

28. 45 89

29. 34 89

30. 34 78














62













7

1

1

1

2

х

2

1

0

0

2

0

2

2

2

х

20

1













56













31. 23 89

32. 23 78

33. 67 89



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет