Төле би «Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» Махатма Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда, өзгені өлтіруге еш негіз таппадым»



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі30.21 Kb.
#463127
1   2   3   4
Дұрывс әрекет

Дұрыс әрекетфизикалық аспект. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік. Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, оны жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді.
АҚЫЛ- адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды. Ол басқалардан қуат алады.
«Әке мен бала» Ы. Алтынсарин
Бір адам он бір жасар баласын ертіп, егістіктен жаяу келе жатса, жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп бала сына: Балам анау тағаны, ала жүр,-деді.
Баласы әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алап неғылайын –дейді.
Әкесі үндемей тағаны өзі иіліп алды да,жүре берді. Қаланың шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен,соған жеткен соң, әкесі қайырылып, жанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады.Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір –бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.Біраз жер өткен соң. әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.Артында келе жатқан баласы тым –ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма –жан жерден алып,аузына салды.
Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып баласына: Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: Аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың. «Азға қанағат ете білмесең- көптен құр қаласың»-дейді әкесі. Әңгіменің негізгі ойы неде? Баланың әрекеті жайлы не айтасыңдар? Мәтіннің соңғы сөйлемінен нені түйіндеуге болады?
Қорытынды: Дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Оқушылардың бойларына рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы сіңіре білуіміз қажет. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Дұрыс әрекет жасауға кедергі болатын уақыттың жауларын тауып, оның болдырмауға байланысты. Өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құралатыны сөзсіз. Әр сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білуіміз керек. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөзйлеуге, парызды орындауға ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға, қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет