Төле би «Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» Махатма Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда, өзгені өлтіруге еш негіз таппадым»



бет4/4
Дата21.10.2022
өлшемі30.21 Kb.
#463127
1   2   3   4
Дұрывс әрекет

Адам мен әлем тұтастығы. Адам, қоғам және табиғаттың өзара әрекеттестігіндегі өзін-өзі танудың маңызын ашып көрсетіңіз.
Бір кезде Құдай адамды жаратты. Бұны Ол ненің құрметіне, не мақсатпен жасады? Неге жеткісі келді? Бәлкім, Ол жалғызсыраған болар, және Оған әңгiмелесушi керек болған шығар, әлде жай қозғалып,тұтынып қана емес, ойланып, толғанып, жаңа бір нәрсе жасап шығаратын қуыршақ керек болды ма екен? Олай болса, Ол оны негізгі ақиқаттан айырып, өзіне ұқсатып жаратқан болар еді. Адам Құдай болмас үшін, Оның орнын басуға тырыспас үшін, Ол адамды барлық нәрседегі ақиқаттан айырар еді. Жаратушы адамға жәннатты сыйлады, ештеңеге зарықпас үшін барлық нәрсені берді. Ал содан кейін, бір керемет шақта, Ол басқа әлемдерді жарату үстінде, адамды ұмытып кетті. Адам қараусыз, өзімен-өзі қалған кезде, қалағанындай өмір сүруді бастады.
Ақиқатты білмегеннен соң, адам қателіктер жасай бастады, олар күннен-күнге арта түсті, және ақыр аяғында Құдайдың жаратқан жәннаты өзінің келбетін жоғалтып, бұрынғы түріне ұқсамай кетті. Бұны түсінген адам өзінің жаратылу себебін, өмірінің мәнін іздей бастады, және Құдайды, Оның ақыл-өсиеттерін, нұсқауларын есіне алды, бірақ бәрібір өзінің қателіктерінің хақ себебін түсіне алмады, Жаратушыға өз зарын естірте алмады, және жәннаттың құлдырау үрдісін тоқтата алмады.
Сол кезде адам жерге түсті. Жер бір ғана адам үшін тым үлкен болды, және адам өзінің көп болатынын шешті. Осылайша, адамзат пайда болды.
Адамзат жер бетіне қоныстана бастады, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты, және сайып келгенде мемлекеттер құра бастады.
Басқалардың жері кеңірек, құнарлығы молырақ екенін түсінгенде, адамдарда тартып алып, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті.
Бұдан кейін, соғыстар, байлықты мақсат тұтқан соғыстар басталды, өйткені адамға түсініксіздікпен және өмірдің мәні мен ақиқатты танымағандықпен бірген келген сараңдықтың шегі жоқ болып шықт
Осылайша, адам өзінің шексіз адасушылығы мен қателіктерінің нәтижесінде өзі тұратын тозақты жаратты, кеудені өкініш жаулаған минуттарда адамның сол тозақтан құтылып, сытылып шыққысы келеді, бірақ нәпсі мен қажеттілікке ауырлаған күйде надандық пен қараңғылықтың батпағына одан да терең батады.
Кейде, тығырыққа тірелгенде ол Құдайға жалбарынады, алайда көптеген конгломераттарға, конфессиялар мен тілдерге бөлінген дауыс гүбірлеп, анық шықпайды, қарама-қайшылық пен қарсы тұрушылыққа батқан ол дауыс, Жаратушыға естілетін бірыңғай қуатты үндеу тудырмайды.
Не істеу керек? Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, Құдайды өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін, Жаратушыны, және жәннатты тек бірге ғана қайтаруға болатынын түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, бірыңғай хорда мәңгілік құндылықтарды: жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен махаббатты, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.
Иә, бұл қиын, тіпті еңсерілмейтін жол, дегенмен, біз ол жолмен жүріп өтуге міндеттіміз, себебі басқа жол жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет