Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі
Тәннің үш дұшпаны:
1. Екіжүзділік
2. Сараңдық, дүниеқоңыздық
3. Тірі жанды жәбірлеуге бейімділік
Сөздің үш дұшпаны:
1. Үрей таратудан айызы қану (рахаттану)
2. Жалған сөйлеу
3. Өсек айту
Ақылдың үш дұшпаны:
1. Көрсеқызарлық
2. Көреалмаушылық
3. Арсыздық
Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау:
«Ойың адал болғанмен, орындалуы олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың» Ғабит Мүсірепов
Бақытты өмірдің сыры мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін.
Мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін деген не?
Бұл дегеніміз болып жатқан нәрсеге іштей икемделу, сонымен бірге біте қайнасу. Бұл енді сенің өміріңе өзгеріс енгізу үшін әрекет ете алмауыңды білдіре ме? Жоқ мүлде керісінше.
Сенің іс-әрекетің негізгі нақ осы сәтпен үндескенде ғана өмірдің өзі оларды шабытқа толтырады.
Азық. Мысалдар мен іс-тәжірибелік тапсырмалар
(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)
Өмірде парықсыз тамақтанудан қалай арылуға болады?
- Алдымен қашан, қалай тамақтану қажеттілігін, босқа тамақтануды анықтауымыз қажет
- Осы өзекті мәселелерге байыппен қарап, шешімін табуға көмектесетін бірнеше сауалдарды саралауымыз қажет
- Дүкенге бармас бұрын, ең қажетті заттарды қаншалықты қанша мөлшерде алуды, ойланбастан алынатын қажетті шамалы азықтардан бас тартуды жоспарлайсыз ба?
- Азықтың шығарылу мерзімін тексеріп қашан, қай уақытқа дайындайтыныңызды және ысырапсыз қолдануды жоспарлайсыз ба?
- Этикеттегі азық құрамын оқып, сондай-ақ қажетсіз жасанды қоспаларды (май, қант, кофейн, дәмдеуші глюканат) мұқият қарап шығасыз ба?
- Өз бақшаңызда немесе балконда көкөністерді өсіріп үнем жасауға, пайдалануға мүмкіндігіңіз бар ма?
- Қонақ күткенде қонақтарды керемет тағамдармен таң қалдыру немесе тағамды дастарханға мошылықпен толтыруың, қайсысы сізге маңызды?
- Көбіне тағамның жартысы ысырап болып босқа төгілетін, мейманхана мен асханаларда жиі тамақтанасыз ба?
Энергия.мысалдар және практикалық тапсырмалар.
(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)
Төменде өз күшіміз бен энергиямызды бекер шашуға бейім болатын өмірлік мысалдар келтірілген.
- Өз күшіңіздің деңгейі оңтайлы уақытта алдымен не істейтініңізді бейнелейтіндей өз жұмысыңызды ұйымдастырасыз ба?
- Сіздің талғампаздық деңгейіңіз қандай және нормадан асып кетпеген бе, қол жетпеске ұмтылыста сізге жұмысыңызды педанттық қайта жасауға мәжбүр етпей ме?
- Энергияңыз бен уақытыңызды алатын жиhазыңызға шан жұқтырмау, үйіңізді идеалды тазалықта ұстауға фанатиктілігіңіз (бірбеткейлік) ұлғайтылған емес пе?
- Сіз машинамен жолға шыққанда бірнеше істі бірден тындыра алатындай етіп, өз істеріңізді жоспарлайсыз ба? Бұл сондай-ақ белгілі бір энергия типі болатын бензинді үнемдейді.
- Адамға ұнауға құштарлықпен ұмтылыста қаншалықты энергия мен күш жұмсаймыз?
Не істеу керек?
1. Өз құмарлығыңыздың шегін белгілеп қойыңыз
2. Азықты ысырап етпеңіз
3. Ақшаны шашпаңыз
4. Күшіңізді сарылтпаңыз
5. Уақытты үнемдеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |