Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі176.56 Kb.
#1614
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті (тұрғындар) Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
Округ әкімінің халық алдында есеп беру кездесуін ашуға рұқсат етіңіздер.

Округ тұрғындарымен кездесуге қатысушылар:

Есеп беруге қатысуға шақырылғандар:

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005 ж. 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халықпен есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында Ұлан ауданда жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдерінің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы сонымен қатар біздің, яғни Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесіміз жайында ақпараттануын жоғарлатуға бағытталған. 2010 жыл желтоқсан айында біздің облыс тұрғандарының бастамасы бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2020ж. дейін ұзартуды қолдауға қол жинау акциясы өткізілді.

Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы өкілеттігін 2020 ж. дейін ұзарту туралы мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Өз атымнан айтарым: мұндай ұсынысты қолдамау тіпті мүмкін емес. Әрбір Қазақстандық біздің еліміздің қандай қиын кезендерін өткергенін жақсы біледі.

Н. Ә. Назарбаев – ұлы тұлға, заман саясаткері және еңбеккер, бұл әлемдік қоғамдастық мойындаған даусыз шындық. Қазақстанның дамуындағы ролі баға жетпес. Еліміздің Президентіміздің өкілеттігін созу үндеу хатына округ бойынша 1610 сайлаушыларының 1200 қол қойды, яғни 78%.

Округ әкімінің тұрғындармен кездесуінде 2010 жыл барысында әртүрлі сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Қазір қорытындысын шығарайын.

2011 ж. 1 қантарында Төлеген Тоқтаров округінің тұрғындар саны 2325 адам: Герасимовка ауылында – 1316, Казачье – 353, Украинка – 656 адам. Округ аумағында жеті мал жайылымы бар: «Коспармақ»-2 үй, «Сакау»- бір-екі пәтерлі үй және «Землянки» - 12 үй. Ұлттық құрамы: қазақтар -1109, орыстар-1037, немістер-98, өзбектер-31, эстондар-8, украиндар-10, татарлар-8, корей-3, мордовтар-2, чуваштар-2, белорустар-5. Соның ішінде зейнеткері-341, интернационал әскері -1, чернобыль -3, тылдағылар 31, «Алтын Алқамен» -14, « Күміс Алқамен» -7 марапатталды, көпбалалы ана -12. Округте 724 үй, соның ішінде Герасимовкадағы 368 үй қосалқы шаруашылығы -196 және 53% (2009г-190% Казачье аулы -97 үй 39 және 40% үйі, Украинка аулындағы 259 үйдің 107 және 42% . Округ бойынша 45% қосалқы шаруашылық жоқ).

Облыс орталығына дейін жол құнының қымбаттылығы 2010ж маусым айынан бастап облыс орталығынан Герасимовка аулына дейін №71 бағыттағы автобус келетін болды, жолдың құны 40 тенге, ал қараша айынан 50 тенге. Бұл студенттер үшін де, зейнеткер және басқа да қалада жұмыс істейтін тұргындар үшін өте қолайлы.

Ауыл ішінде жолдардың қыс мезгіліндегі жағдайы 2010 жылға «Ұлан жолдары» ЖШС ауыл ішіндегі жолдарды тазалап отыруға келісім жасалды.

Казачье аулында жолдарға жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі. 2010 жылы «Дружба» шаруашылық басшысынің көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар аудан бюджетінен де су тасқынынан кейін жөнге келтіру жұмыстары үшін 900,0 мың тенге ақшалай қаржы бөлінген.

Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 9 млн.200 мың тенгеге ұзындығы 650м Центральная көшесі бойынша ішкі көлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қаңғыбас иттер мәселесі қашан шешіледі? Бюджеттен бөлінген 90 мың тенгеге «Айболит» ЖШС келісім жасалып, 30 қаңғыбас иттерді ұстады. Осы жұмыс өзінің жалғасын биыл да табады. Сонымен қатар өз иттеріңіздің аулада байлануын сұраймыз.

Украинка аулында пошта ғимаратының аптасына 2 рет көшпелі көлікпен және басқа да төлемдерді жинау ұйымдастырылған.

Округтегі өндіріс орны – «Восток-Молоко» ірі зауыты. Бастығы С.Ж.Сайлаубаев, сүт өнімдерін өндіреді және ет өнімдерімен айналысатын «Дружба» «Щелоковский», «Төртқара», «Тұрсынбаев» шаруа қожалықтары бар.

2010 жылғы «Восток Молоко» өндірген сүт өкімдері тен қана аудан аумағында емес, сондай-ақ республика көлемінде сатылады.

Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 43 шаруашылықтар бар; 2 ЖШС, 1 серіктестік және 40 шаруа қожалығы бар. Шаруашылық қожалығының 25-інің 100 га көлемде егістік жерлері бар. Бұл жалпы санның 58,1% құрайды. Өз бетімен 25 қожалық жұмыс істейтін техникасы жоқ, 10 шаруашылық келісім бойынша бірігіп жұмыс атқарады. Округ бойынша барлығы 13 шаруашылық мал шаруашылғымен, соның ішінде 2 ірі «Украинка» және «Дружба» шаруашылық айналысады.

2011 ж. 1 қантарында округ бойынша ірі қара - 2399, соның ішінде сиыр - 1178, шошқа - 979, жылқы - 378 бас, қой, ешкі саны - 2861, ққс - 4935. Өндірілген ет -4480 тонна, аүт - 3083,2 тонна, жұмыртқа - 456000 дана. Ірі қара саны 149 басқа өсті, шошқа 139, қой, ешкі саны 283 басқа өсті, ал жылқы көрсеткіштер, қазіргі уақытта ауылда аулалық аралау өтуде.

Округтің жалпы жер көлемі 3829 га. Ауыл шаруашылық саласындағы жер көлемі 22139 га 2010ж дәндідақылдар 2874 га, ал күнбағыс 1996,5 га жерді алды. Жалпы жинаудың 2196,6 т дәндідақылдар және 1088,5 т күнбағыс құрады. Өкім алудың сараптамасын жасай отырып, соңғы 5 жылда көрсеткіштердің төмендегенін көреміз:







Дәнді дақылдар

Күнбағыс

2006 жыл

5

4,1

2007 жыл

5,6

3,8

2008 жыл

1,2

0,8

2009 жыл

13

4,1

2010 жыл

7,6

5,6

5 жылда дәнді дақылдар өнімділігі - 6,5, күнбағыс - 3,7 құрады. Мұндай өнімділік қолайсыз жылдары ғана болған, ал қалыпты өнімділік гектарынан 30-31 ц алынған жылдар болған. Жалпы алғанда бірдей климаттың жағдайда болғанмен, дәнді дақылдар, яғни бидай, қарақұмық, күнбағыс егілу себебінде. Үлкен өнім алуға технологияны сақтау, уақытында агротехникалық іс шаралар өткізу үлкен әсер етеді. Сарапатама көрсетуі бойынша мұндай іс-әрекеттер техникасы жеткілікті шаруашылықта сақталады. Осындай іс шаралар «Украинка», «Дружба», «Төртқара» шаруашылық қазіргі уақытта уақытылы жүргізіліп тұрады.

Қазіргі уақытта бұл шаруашылықта тыңайтқыштар сатып алу мәселесі шешілуде. Өкінішке орай ұсақ шаруашылықта соңғы 4 жылда жаңа техника алынбаған, сатып алған күннің өзінде ескі техника. Өйткені жаңасын сатып алуға қаражат жетпейді. Дәл осындай жағдай жоғары сапалы тұқым мен тыңайтқыш сатып, алуға кедергі жасайды.

Округтің ауыл шаруашылық жұмысына сараптама жасай отырып, қазіргі уақытта өз бетімен жұмыс істеп жатқан шаруашылық жанына жасақталды.

«Украинка» шаруа қожалығы ірі қараның 1050 басы, соның ішінде - 446 сауын сиырлар, 964,2 т сүт және 70,5 тонна ет өндірілген. «Дружба» шаруашылық шошқа шаруашылығымен айналысады, шошқаның 472 басы, негізінен аналық шошқалар. Механизаторлар дайындау мәселесі де өте маңызды сұрақ. Қазіргі уақытта механизаторлардың 50% 45 жастан үлкен, енді 3-4 жылдан кейін жұмыс істейтін ешкім қалмайды. 2010 жылы ауыл шаруашылық колледжін бітіргеннен кейін ауылға 4 адам «Дружба» ш/қ жұмысқа келген. Бұл әрине өте аз.

2011 жылы механизатор мамандығын оқытуға жаңа топ жинастырылды, сондықтан ш/қ бастықтары қазірден бастап адамдарды тауып, оларды келісім жасай беру керек. Әлеуметтік әріптестік тақырыбын қозғай отырып, мына сандарды айта кетсем деймін: шаруа жасақтарына мемлекет 49 жылға жалға берілген, жердің бағалау күны 1 млрд. 487 млн. 386 теңге.

Біздің округте 341 зейнеткер тұрады, мемлекет тарапынан бір жылда 98 млн.400мың 324 теңге зейнетақы төленеді, сондай-ақ әр түрлі көмекақы, әлеуметтік көмекақы, балалар жәрдемақысы, бюджеттіктер, мұғалімдер және дәрігерлер жалақысы – 91370000 тенгені құрайды. Округтегі ауыл шаруашылық жасақтарына мемлекет барлығы 54035,0 мың теңге субцидия төледі, соның ішінде өсімдік өсіруге 123,99,0 мың теңге, мал шаруашылығына 41636,0 мың тенге төленді. Мемлекет бір жылда біздің округіне 243805324 теңге салады. Мемлекетке округтен салықтың түсуіне есептей-отырып, барлық ш/қ ықтамдалған салықсалу жүйесі бойынша, ал ЖШС жеңілдетілген салықсалу жүйесі бойынша жұмыс істейді.





Келіп түскен

Кіші және кәсіпкерліктен)

54300000 теңге

физикалық тұлғалардан (жер, мүлік, көлік салықтары

2044800 теңге

Барлығы:

56млн. 344мың 800теңге

Осы сандардан округтен түскен салықтар сол субсидиямен жабылатынын көруге болады, яғни мемлекет салықты біз үшін өзі төлейді. Ендеше неліктен кейбір ш/қ бастықтарын меморандум жасауға, одан кейін оны орындауға көндіруіміз керек. Мұның бәрі осы залда отырған адамдарға әлеуметтік көмек беру үшін, ауылды көркейту үшін, әр түрлі мерекелерді өткізу үшін ғой. Көп жылдар бойы өздерінің жер үлесін ш/қ мен ЖШС сеніп тапсырған үлескерлермен пай үшін, 22 га шаруашылық өнімдерімен есеп айырысып отырған. Бұл аз ғана үлес сондай-ақ адамдарға қарыздарымызды береміз. Ауыл шаруашылық жайындағы мәселені аяқтай отырып, «Восток-Молоко» ЖШС директорына, ш/қ бастықтарына В.С.Гладышевқа, Н.А.Щелоковскийге, М.Кантарбаевқа, С.Ханға, К.Джанзаковқа, М.Хамидовқа кез келген уақытта мектепке, зейнеткерлерге, дәрігерлерге көрсеткен көмектері үшін алғыс сөздерімді айтқым келеді.


Кіші кәсіпкерлік

Округ аумағында кіші кәсіпкерліктің 24 субъектісі түтелген. Жұмыс істеп тұрған 22 субъектінең 16 дүкен, 3 кафе кіреді: «Береке» кафесі қазіргі таңға жұмыс істемейді. 2010ж 13 желтоқсанынан «Лялина» кафесі жұмыс істей бастады бір ЖҚС, шаштараз, жеңіл көліктерді жөндеу пункті, тігін шеберханасы, 1 меддәріхана, 1 мал соятын жер бар.

Сондай-ақ 2010 жылы «Тау», «Қарақат», «Теремок» дүкендері, Казачье аулындағы бір азық-түлік киоскісі, «Абылай» тауар дүкені ашылды. Кіші және орта кәсіпкерлікпен 240 адам айналысады. Қожалық өтетін субъектілермен инфляциялық жүйені ұстап, қалу үшін, 10 пайыздық сауда үстемелі ақысын қосуға меморандум жасалды. Онымен қатар бірінші кезектегі қажетті тауардың баға мониторингісі күнделікті жасалып отырады.

2010 жыл бюджет:

2010 жылы Төлеген Тоқтаров әкім аппаратының қызмет өтеуі және әлеуметтік міндеттерді шешуі үшін аудандық бюджеттен 16 млн. 735 мың теңге бөленді.

Ауылдық округтің жұмыспен қамтамасыз ету қызметіне 6 млн. 441 мың теңге, шығыстың бұл саласына 3532000 теңге аударымымен еңбекақы (автокөліктерді міну және қызмет көрсету, оргтехникаға, компьютерге қызмет қорсету, кеңсе тауларын сатып алу); вет.дәрігер маманға копьютер сатып алуға және қалпына келтіруге 392,0 мың теңге, тұтынған электроэнергияның шығынын төлеу, елді мекендерді санитариямен қамтамасыз етуге 180 мың теңге бөлінді, соның ішінде Герасимовка аулында қаттытұрмыстық қалдықтарды бір жерге жиюға, қанғыбас иттердің көзін құртуға 40 мың теңге, елді мекенді көгалдандыру мен көркейтуге 110 мың теңге бөлінді. Қайың мен қарағайдың 75 көшеті отырғызылды.

Қыс мерзімінде елді мекендердегі көлік жолдары мен көшелердің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін 300 мың теңге бөлінді. «Жол қаржасы» бағдарламасы бойынша қөлік жолдарын күту мен жөндеуге 9 млн.200 мың теңге, соның ішінде республикалық трансфертен 6 млн.137 мың теңге, аудандық бюджет қарататы есебінен ұзақтығы 650 метр Центральная көшесі бойындағы ағымдағы жөндеу жұмысына 3 млн.63 мың теңге бөлінді.

Барлық бюджеттік қаражат толығымен пайдаланылды. Өткен 2010 жылы Төлеген Тоқтаров ауылдың округтің 2011-2015 жылдарға стратегиялық даму жоспары әзірленді.

7 млн. 23 мың теңге 2011 ж округ әкімшілігі аппаратының қызметіне жоспарланған. Оның ішінде еңбек ақы 3 млн.246 мың теңге әлеуметтік салық – 766 мың теңге.

2012 жылға 9,8 млн. теңге жоспарланды, оның ішінде 5 млн. Теңге Герасимовка ауылға 140 орындық бала-бақша құрылыстың жобасын жасау құжаттарына , Герасимовка ауылын көркейтуге 3 млн.300 мың теңге, 1 млн.500 мың теңге ең алдымен Украинка ауыл да құрылыс кестесін дайындауға, 2013 жылға 251 млн.500 мың теңге жоспарланған.Герасимовка ауылында 140 орындық бала-бақша құрылысына 250 млн. теңгеге, Герасимовка ауылына құрылыстың кестесіне 1 млн.500 мың теңге.




Әлеуметтік қорғау.

Есепте тұрған жұмыссыздар сана 5 адам. Жұмыс сұрап 11 адам тіркелген, 11 де жұмысқа орналасқан. Сонда, жұмыс іздеген адамдар 100%-ға жұмыспен қамтамасыз етілген.

2010 жылы 5 отбасына 115700 теңге арнайы мемлекеттік көмек көрсетілді.

18 жасқан дейінгі балаларға арналған көмек ақша алатын адамдар саны -22, бөлінген ақша 459900 теңге. Әлеуметтік материалдық көмек -71 адам, 852281 теңге, оның ішінде Герасимовка ауылы бойынша 35 адам 458532 теңге; Украинка ауылы бойынша -33 адам 372470т; Казачье ауылынан – 3адам 21279 теңге. Ауылдық жұмысқа жарайтын тұрғындарының саны 1337 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер саны 272 адам. Базалық зейнетақы төлемдері есебінен зейнетақының орташа көрсеткіші округ бойынша 25025 теңге, 2011 жылғы базалық зейнетақы төлемдері есебінен зейнетақының орташа көрсеткіші 32579 болады. Округ аумағында 34 тыл еңбеккерлері тұрады.

2010 ж «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 адам қайта даярлау курсында оқып, «бухгалтер және аспаз» мамандығын алып шықты.
Білім

Төлеген Тоқтаров округтік аймағында 2 орта мектеп бар: «Герасимовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде, сыныптарда оқушылар екі тілде білім алып жатыр. Мектептің жұмысшылар құрамы 74 адам, олардың ішінде: мұғалімдер -34 адам. Мектептің ішінде мектепке дейінгі 50 бала тәрбиеленіп жатқан «Шағын орталығы» бар, ал Украинка мектебінде 25 балаға арналған «Шағын орталық» бар.

Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген түлектер саны -18. Жоғары оқу орындарында ақысыз білім алатындар 5 адам. ҰБТ бойынша округтегі орташа көрсеткіш -83,4. Өзіміз көріп отырғандай, біздің көрсеткіш орташа аудандық көрсеткіштерден жоғары, яғни 80,6%. Қол жеткізген жетістіктермен қалып қоймай, келешекте де ҰБТ көрсеткішін жақсартып, жоғары оқу орындарына грантқа түсетіндер саны көбейе түседі деп ойлаймын. Бүгінгі күні мұғалімдер саны толық.

Мұғалімдердің біліктілік деңгеін алсақ, жоғары санатты 5 мұғалім, 20 адам бірінші санатты, 22 адам 2-ші санатты. Округ мектептерінде техникалық мүмкіндіктер: 30 компьютер, 2 компьютер интернетке қосылған, мектептегі компьютерлердің ескіруін болуы себепті, барлық компьютерлерді интернетке қосу мүмкін емес. Герасимовка орта мектебінде 2004 жылы, ал Украинка орта мектебінде 1999 жылы шыққан компьютерлер. Кәзіргі күні мектептің бұгінгі бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Рационға бал мен көкеніс міндетті түрде енгізілген. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендер барлығы 132 адам немесе 44% оқушы. Бал мен көкеністер жеткілікті.


Медициналық қызмет көрсету.

Округте Герасимовка дәрігерлік амбулатория, ал Украинкада фельдшерлік-акушерлік пункт, ол 2009 ж ақпан айында ашылған. Округ аумағында ауылға медициналық қызмет көрсетумен 8 медицина қызметкері айналысады. Олар 1 дәрігер-терапевт, 1 фельдшер және 6 орташа медициналық қызметкерлер және де тіс емдейтін кабинет. Округ тұрғындарына қызмет көрсететін арнаулы автокөлік жоқ.

2010 жылы алғашқы медициналық көмек алғандар саны 3394 азамат. Герасимовка ауылында үйге шақырту бойынша 520 шақыру, ал Украинкада – 420 шақыру. Өткен жылда дүниеге келгендер саны -32 адам, қайтыс болғандар -24 адам.

40жасқа дейін

2

40-тан 60-қа дейін

2

60-тан жоғары

20

Қайтыс болғандарың орташа жасы 57 жас. Өкінішке орай, округ бойынша бала өлімі фактілері тіркеліп отыр.(2009ж -1; 2010 -1)

Туберкулездің асқынған түрімен ауыратындар жоқ.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылға халыққа жолдауында алдымыздағы 10 жылға дейін міндеттер қойылған.

Салауатты өмір салтын ұстанып өзінің денсауылығына жауапкершілік пен қарау ауыл тұрғындарының ең басты ұстанымы болу керектігі көрсетілген.

2005-2010 жылғы Президенттің қорғауды дамыту мемлекеттік бағдармасында стационарлар ашу туралы мәселер көтерілгені рас. Осыған байланысты Герасимовкада 5 төсектік күндізгі стационар ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Герасимовка дәрігерлік амбулаториясында су жоқ. Сол себепті дәрігерлер суды мектептен тасуға мәжбүр болып отыр.Украинка фельдшерлік-амбулаториялық пуктінде қаралатын тұрғындар саны 656 адамды құрайды. Тұрғындарға қызмет көрсететін фельдшер Е.Скобелева. Медициналық көмек алатын ауылдық-дәрігерлік амбулаториясының тұрғындар саны 2325, бір жасқа дейінгі балалар-30, жасөспірімдер-76, жасы үлкен адамдар-1768, орта жастағы әйелдер-578, екіқабат әйелдер-6, балалар-522.
Инфрақұрылым.

Ауыл адамдары ауыз суды әр үйдің аумағында орналасқан су, құбырларынан алып ішеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Герасимовка ауылындағы Новостройка ауыз суды тереңдетілген насостан алады. Насостың ақысын өздері төлейді. «Таза су» мемлекеттік бағдарламасын енгізу үшін жер асты суларының тазалығын тексеру жұмысын қолға алу керек. Ол үшін қомақты қаражат қажет. Бүгінгі күні бұл сұрақ төңірегінде аудандық бөлімдермен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз.



Жолдардың жағдайы:

Ауыл ішінде

Герасимовка


Казачье

Украинка

Жолдардың ұзындығы

8,8км

2км

7,4км

Жолдың қатты беті

5,2км


1,8км

2,0км


Жарықпен қамту (освещение)

Қазіргі уақытта бар көше жүйелері

Қосымша қажеттіліктер

Ұзақтығы км




ұзақтығы

Жылдық энергия үнемдеу

Бағдарлы шығын сомасы, сың теңге

3,5

3,5

10,0




6800,0

Округ аумағында АТБ филиалы бар, 523 абонетке қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнде орнатылған телефондар:

Герасимовка -302

Казачье -58

Украинка -143

Округтегі ұйымдарда -20 нөмір.


Көшіқон:

Келгені-86 адам, соның ішінде Герасимовка-63, Украинка-14, Казачье-9.

Себебі: қоныс аудару, оқу.
Құқық қорғау:

- ҚР ҚК 179 бабы (қарақшылық)

- ҚР ҚК 145 бабы

- ҚР ҚК 251 бабы (қару жарақ тәркілеу) -3

- ҚР ҚК 105 бабы (денсаулыққа жеңіл зақым келтіру)-5

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 330-1 (ұсақ тәртіп бұзушылық)-1

- 187 баб (мүлкін жою)-1

- ҚР ҚК 362 бабы 3 бөлімі (қасақана әкімшілік қадағалау ережелерін бұзу)

2010 эылдың 12 айында 69 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 азаматқа қатысты шешім қабылдау үшін Ұлан ауданының №2 мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

- ҚР ӘҚЮ туралы кодексінің 79-5 бабы (тұрмыстық-отбаслық қатынас

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 330 бабы (ұсақ тәртіп бұзушылық)-1

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 336 бабы (қоғамдық ортада мас күйінде жүру немесе қоғамдық ортада спирттік ішімдік ішу) -17 хаттама.

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 320 бабы (есірткі)-жоқ.

- Елді мекендерді көркейту ережелерін бұзған ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 387 бабының 1 бөлімі бойынша 44 азамат жауапқа тартылды.

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 371(тегіс ұңғылы сақтау ережелерінің бұзылуы)-2
Аңшылық мылтық иелерін тексеру барысында сақтау ережелерін бұзған және қайта тіркеу уақытын бұзған 2 атыс қаруы тәртіленіп, тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтаған 3 іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде профилактикалық тіркеуде 44 адам тіркелген, оның ішінде:

- Әкімшілік қадағалауда –

- Шартты түрде мерзімінен тыс босатылғандар -3

- Бұрын сотталған -2

- Шартты түрде сотталғандар -2

- Қорғаныс нұсқауды шығарылғандар -5

- Спирттік ішімдікті шектен тыс қолданатындар -28

- Көмелеттік жасқа толмағандар -4

1995 ж.07.04. ҚР Президентінің жарлығына сәйкес 2010 жылдың 12 айының ішінде Төлеген Тоқтаров ауылдық округінен 5 адам арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне еркінен тыс емделуге жіберілді. Оның ішінде бір әйел: Т.Ткаченко Өскемен қаласындағы қарттар үйіне рәсімделді. 4 ер адам Өскемен қаласындағы арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне 3 айдан 6 айға дейін жіберілді.

Бүгінгі күні округте маскүнемдік деңгейін анықтау медициналық куәландырудың болмауы спирттік ішімдікті қолданып қоғамдық құқық бұзушылармен жұмыста белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыруда. Медициналық куәландыру жасау үшін учаскелік инспектор Бердыгожаевқа Өскемен қаласындағы наркологиялық орталыққа апаруға тура келетіндіктен, бұл көп уақытты алады. 2010 ж желтоқсан айында Украинка ауылын тексеру нәтижесінде Ковзелева Юлия жағдайсыз отбасы ретінде Ұлан аудандық ІІБ-не тізімге алынды.

2004 ж. 09.07. ҚР № 590 Заңына сәйкес бірінгі күні қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық көмекші: Қантарбаев Досым, Тлебалдинов Нуржан, Асанов Каирды жасақталды.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде АІІБ-нің басқа қызметтерімен бірлескен 7 жедел-алдын алу шаралары өткізілді. Түнгі уақытта округ аумағында мал ұрлап фактілерін болдырмау мақсатында түнгі кезекшілік пен рейдтік шаралар өткізіледі. Сондай-ақ 2010 жылы 6 мал ұрлау фактісі тіркелді. Негізінен қараусыз, малшысыз жайылған малдар жоғалады. Сондықтан ауыл тұрғындарынан, көктемгі, жазғы мерзімге малдарды жылда әкімшілік ұйымдастыратын табындарға қосуларыңызды сұраймыз.
Азаматтардың сұраулары бойынша жұмыс:

Сұраныс саны -55, 2009 жылмен салыстырғанда 28-ге артық.

Сұраныс сипаты:

- Жер және жерді пайдалану мәселесі -52

- Қызмет көрсету және сауда мәселесі -1

- Төтенше жағдайлар бойынша -1

- Басқа да сұрақтар -1
Аудандық әкім тапсырмасы:

Көркейту, көгалдандыру мен округты санитарлық тазалау бойынша ШҚО әкімінің жарияланған 2 айлық көркейту кезінде ауылдық округінде қысқы жиналған қоқыстарды шығару сенбіліктер өткізілді. Сенбілікке шаруа қожалықтары мен жеке меншік иелерінің техникалары жұмылдырылды.

Герасимовка ауылындағы Ұлы Отан соғысының батыры Т.Тоқтаров ескерткіші мен Украинка аулындағы Ұлы Отан Соғысында мерт болғандарға арналған ескерткіш маңы тазаланып, сырланып, қалыпқа келтірілді. Сырлау, қоршауын жөндеу, қоқысын тазалау кезінде «Дружба» шаруа қожалығының қаржылай көмегімен жасалса, Украинка аулының жылы жайынан көшеттер алынып отырғызылды. Жылыжай иесі – Земляная Людмила Дмитриевна. Сондай-ақ осы уақыт ішінде округті көркейту жұмыстары, мектеп аумағы қоқыс пен шоптен тазаланды, 50м²ауданға гүлдер, 175 қайың мен қарағай отырғызылды.

Қоқыс аумақтарын жинақтау жұмысы жүргізілді: Герасимовка және Украинка ауылдарында. Осы уақыт ішінде 500 тоннадан артық қоқыс шығарылды. Осы сұрақ бойынша межадай ұсыныс жасағым келеді: күл мен қоқысты өз учаскесі аумағынан шығармау керек.

Сенбіліктер 580 адам қатысты. Сонымен қатар елді мекендердің ішіндегі жиектеріндегі шөптерді шабу жұмысы жүргізіледі.
Қоғамдық – саяси жағжай

Округтегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. 2010 жылы Герасимовка, Казачье, Украинка ауылы тұрғындарымен 2010ж 29 қантардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан хақына жолдауы бойынша, ҚР мемлекеттік рәзімдері бойынша, қоғамдық –саяси жағдайды зерделеу бойынша, гендерлік теңікті тәрбиелеу бойынша (жемқорлыққа негативті қарым-қатынасы «Молодежь» жастар акция жемқорлыққы – жоқ дейді!», алкогольді, темекі тарту, есіркіге, жастар мәселерін анықтау, діни жағдайларды зерделеу) ақпаратты – насихаттық топ мүшелерің халықты жылдағы Елбасының жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру, жолдауды түсіндіру мен насихаттау бойынша кқрсетті. Қазіргі таңда Ташкенбаева Мариям Насимолданованың төралығымен «Нұр Отан» ХДП қатарында 124 адам бар. Мариям апайдың жетекшілігімен кездесулер, «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, округтің көкейтесті мәселелерін көтеріп, округтің еңбек сіңірген тұрғындары жайлы оқушылардың жетістіктері мен учаскелік инспектор жұмысы туралы мақала жазады. Сондай-ақ округте қоғамдық ұйымдар да үлкен жұмыс атқарып жатыр: ардагерлер кеңесі – төрайымы Карибаева К.Н., сонымен қатар ол кісі қазақ тілін оқыту курстарын аттанын сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізеді;әйелдер кеңесі (төрайымы Щелаковская Л.И.); «Ұлан жастары» (Алипбаев Даулет). Осы кеңестердің мүшелері өздерінің жұмыстарын жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді, қажеттілік туған жағдайда тұрғындардың жұмыстың жағдайын тексеру бойынша көшпелі комиссия ұйымдастырады.

Сонымен қатар округ тұрғынадрына діни тәрбие беруде және өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуде үгіт-насихат жұмысы белсенді түрде жүргізіледі. Мұсылман және христиан діндерінің өкілдері молда - Зулфиев Равшан, қасиетті әкей - Закурдаев Александр Закарьянович демеушіліқ көмектерін көрсетеді.

2011 жылы ҚР барлық халқы «Біздің ортақ үйіміз ҚР Тәуелсіздігіне -20 жыл» мерейтойын атап өтеді, сонымен қатар Ислам Конференциясына төрағалық етеді. Біздің, яғни округ тұрғындарының міндеті осы мерекені еңбек жетістектерімен, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен қарсы алуымыз керек. Округтің бұрынғы даңқын шығару үшін барлық резерві бар.


Округтің 2011 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

- Болашақтағы жұмыс бойынша барлық ағымдағы жоспарлар;

- Герасимовка және Казачье аулындағы ішкі көлік және жалу жүргінші көпірлерін жөндеу;

- «Украинка», «Дружба», «Щелоковский» шаруа қожалықтарымен мал сою алаңын ашу;



- Округтегі ауылдың ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Ескі зиратты қоршауды аяқтап, мұсылман және христиан зираттарын орналастыруға жер учаскесін бөліп беру қарастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет