Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#5544
1   2   3

Сараптама жасай отырып егінді егу және жинау 2011-2012 ж келесі қорытынды жасауға болады.

2012 ж егін егу көлемі 4379,2 га болды, бұл 2011 жылға қарағанда 478,0 га (9,8%) кем.

2012 жылы егін егілген жер көлемі 1178,2 га құраса, бұл 2011 жылға қарағанда 234,9 га (16,62%) кем.

2012 жылда күнбағыстың жиналған көлемі 974,7 га, бұл 2011 жылға қарағанда 98,7 га (11,23%) көп.

Картоп егуге арналған жер көлемі 152,2 га , бұл 2011 жылға қарағанда

1,7 га (1,5%) кем.

Көкөніс колемі 54,9 га, бұл 2011 жылға қарағанда 13,3 га (19,5%) кем.

Мал азығы 2011 жылға қарағанда 326,5 га (13,9%) кем.

Шабындық шөптер 2011 жылға қарағанда 311,4 га (118%) көбейді және 835,6 га болды.

Парға қалдырған жер көлемі 566,3 га, бұл 2011 жылға қарағанда 323,6 га(133%) артық.

«Украинка» шаруа қожалығы 2012 жылы 78 га жүгері өсірді.

2012 жылы 78 га арпа өсірді, жалпы түсім 668 ц құрды.

2012 жылы жалпы егін түсімі 5954 ц, бұл 2011 жылға қарағанда 5139ц (46%) пайызға кем.

Күнбағыстың жалпы жиналған көлемі 2478ц, бұл 2011 жылға қарағанда 1154,5 ц (87,2%) пайызға артық.

Кортоптың жалпы жиналған көлемі 16855 ц, бұл 2011 жылға қарағанда 17665 ц (51%) пайызға кем.

Көкөністің жалпы жиналған көлемі 10519 ц, бұл 2011 жылға қарағанда 19551 ц (64%) пайызға кем.


Ауылшаруашылығы саласын қорытындай келе алғыс сөзімді «Шығыс-сүт» ЖШС бастығы С.Ж.Сайлаубаевқа, «Дружба» ш/қ В.С. Гладышевқа, «Щелоковский» ш/қ Н. А. Щелоковскийға, «Төртқара» ш/қ М. Р. Кантарбаевқа , «Надежда» ш/қ Н. Ю. Бельцова, «Чеснокова» ш/қ В.И. Чесноковаға, «Хан» ш/қ С. Е. Хан, «Тумар» ш/қ К. Джанзаковқа, «Хамидова» ш/қ М.О. Хамидовқа арнағым келеді, кез келген уақытта біздің мектепке, медицина қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеткендері үшін.
Әлеуметтік одақтастық тақырыбын қозғай отырып, 2012 жылы «21 жарқын іс» және «Туған жерге тағзым» акциялары бойынша шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлер мен біздің округтан шыққан азаматтармен 9047,0 (2011ж 3234,35) мың теңге көлемінде меморандумға қол койылды.

Мысалы ҰОС 67- жылдығына арнап Украинка ауылының, соғысқа кеткен және қайтып келмеген 27 азаматына арнап қосымша мемориалдық тақта орнатылды. Қаржыландыру көмегін «Шығыс-Сүт» ЖШС С. Ж. Сайлаубаев және мектеп ұжымдары мен ауыл тұрғындары көмектесті.

Сонымен қоса шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер көмегімен Жеңіс күніне арнап 57 тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархан жайылды.

2012 жылы 12 маусымда Амантай Мухамадиев көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, мектеп мұражайында арнайы бұрышы ашылып, мемориалдық тақта орнатылды.

Жасалған меморандумға байланысты А. Мухамадиевтың қызы сол көшеге жарық құрылғыларын орнатып, көше жолын тас төгіп тегістеді.

Н. А. Щелоковскийдің шайханасында 5 қазанда қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Қатысқандар саны 108 адам. Ал төсек тартып жатқан қарттарға ш/қ басшылары мен жеке кәсіпкерлер 102 мың теңге қаражат көлемінде азық-түлік пакеттер дайындап таратты.


Шағын бизнес

Округ аумағында шағын кәсіпкерліктің 22 субъектісі жұмыс жасауда. Жұмыс істеп тұрған 22 субъектінең 12 дүкен, 3 кафе кіреді: «Береке» кафесі қазіргі таңға жұмыс істемейді. Бір ЖҚС тіркелген бүгінгі күні жұмыс істемейді, шаштараз, жеңіл көліктерді жөндеу пункті, тігін шеберханасы, 1 дәріхана, 2 мал соятын алаң бар.

Шағын және орта кәсіпкерлікте 60 адам жұмыс істеуде. Инфляциялық деңгейді тежеу мақсатында жұмыс істейтін субъектілермен, 10 пайыздық сауда үстемелі ақысын қосуға меморандум жасалды. Сонымен қатар бірінші кезектегі қажетті тауардың баға мониторингісі күнделікті жасалып отырады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы «Хан» ш/қ 3000,0 мың теңге колемінде суармалы жерлерді дамыту үшін несие алды.



Бюджет 2012
2012 жылы 9 млн. 343.3 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Соның ішінде:

Әкім аппараты қызметкерлерінің еңбек ақысы мен салықтар- 8495300 теңге.

Көшедегі жарық құрылғыларының электр энергиясының шығындарын өтеу-519000 теңге.

Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету-100000 теңге.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру -150000 теңге.

Бөлінген қаражат толығымен игерілген.

Салық



Елді мекеннің атауы

Мүлік салығы

Жер салығы

жоспар

жиналғаны

жоспар

жиналғаны

Герасимовка

138443

145443

218349

228349

Украинка

49946

58946

144456

149456

Казачье

22341

27341

62246

67246

Барлығы

210730

231730

425051

445051

Орындау%




109,9




104,7

Тіркелмеген жер салығы мен мүлік салығын үйлер мен жер учаскесі арқылы анықтау. 2012 жылы салық пен бюджет төлемдерін арттыру алгоритмі негізінде келесі шаралар өткізілді:



  1. Салық базасында тұрғыны бар, тұрғыны жоқ жер учаскелері мен үйлердің, жылжымайтын мүліктердің тіркелмегенін анықтау үшін тексеру жұмыстары өткізілді. Заңды бұзғандармен әңгімелер жүргізіліп, қателіктерін жөндеу үшін тәрбие жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса бұл жұмыстар жеке үй иелерімен де өткізілді, мүлік бағасын қайта есептеу үшін жұмыстар ұйымдастырылды.

  2. Сенімхатпен жүріп жүрген автокөліктердің, ауылшаруашылық көліктердің иелерімен жұмыс жасалды. Тексеру барысында кейбір көліктердің мүлде тіркелмегені анықталды.

  3. Жұмыс ақысын заңдастыру үшін жұмыс берушілермен кездесулер өтті, «конверт» арқылы төленген қосымша резервті жеке табыс салығы түсу үшін.


Әлеуметтік қорғау.

2013 жылы 1 қаңтарда жұмыссыздар есепте тұрған жоқ. 2012 жылы жұмыссыз 11 адам тіркелген, оның 7 –уі жұмысқа орналасқан. Бағдарлама бойынша жұмыссыздардың 66% жұмыспен қамтамасыз етілген.

2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 3 адам жұмыспен қамтылды: Увалиев Р., РысбековА., Байгонова А.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам қайта даярлаудан өтіп, мамандық алды: Каирлин Д., Каирлина Г., Мартыненко., Сулейменова Р.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Герасимовка ауылдық клубының жөндеуіне 4 адам жұмысқа тартылды (Хайдин С., Толстушин Д., Климов А., Аренов М.).

2012 жылы атаулы әлеуметтік көмек Қосбармақ ауылында тұратын (Сеил Салтанат) отбасына көрсетілді (2011жылы-25 адам).

Тұрғын-үйге берілетін материалдық көмек - 65 (67) адамға берілді , оның ішінде Герасимовка ауылы бойынша 36(36) , Украинка ауылы бойынша -27(29) адам, Казачье – 2(2) адам. Округ аумағында 53 тыл еңбеккерлері тұрады, жалғыз тұратындардың барлығына әлеуметтік материалдық көмек алу үшін құжат берілді.

Сонымен қоса жалғыз тұратын, қартайған зейнеткерлерге екі әлеуметтік қызметкер қызмет жасайды. Герасимовка ауылында (ИманбаеваА.) – 6 адам, Украинка ауылында (Карпетченко Т.) - 9 адам.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар 249 (01.01.2011ж-272) адам, соның ішінде: Герасимовка- 158(127); Казачье-46(66); Украинка-45(79).
Мәдениет

Округ аумағында 2 ауылдық клуб және 2 кітапхана орналасқан. Герасимовка ауылдық кітапханасында (М. Литвиненко) кітап қоры 10652 дана, соның ішінде қазақ тілінде 1460 дана. 2012 жылы 556 дана кітап әкелінді, оның 437 данасы қазақ тілінде.

2012 жылы Герасимовка ауылдық клубында 32 мерекелік концерт өткізілді. Ал ауылдық кітапханада 57 іс-шара (дөңгелек стол, тақырыптық кездесулер, тыл ардагерлері, ауған соғысы жауынгерлерімен, бұрынғы колхоз озаттарымен кездесулер) өткізілді.

Бұрынғы ФАП ғиаратынан Украинка ауылдық кітапханасына екі бөлме бөлініп берілген. Кітапхана қоры 6045 дана, қазақ тілінде 1200 дана. 2012 жылы 306 дана кітап әкелінді, оның 223 данасы қазақ тілінде.

Басқа екі бөлмесінде ауылдық клуб орналасқан. Жыл бойы 52 іс-шара (дөңгелек стол, тақырыптық кездесулер, тыл ардагерлері, ауған соғысы жауынгерлерімен, бұрынғы колхоз озаттарымен кездесулер, викториналар) өткізілді.

Сонай-ақ осы ғимаратта коммуналдық төлемдер қабылданады, газет журналдар таратылады. Украинка ауылын аптасын екі рет төрт сағаттан жылжымалы Қазпошта мамандары қызмет етеді.



Спорт және білім
Округ аумағында 2 мектеп орналасқан. «Герасимовка орта мектебі» КММ аралас тілде білім беру жүйесімен жұмыс атқарады. 01.01.2013 жылдың көрсеткіштері бойынша мектепте 167 оқушы, соның ішінде, 98 мемлекеттік тілде, 69 орыс тілінде оқиды. 32 мұғалім (29 жоғары, 3 арнаулы орта біліммен) жұмыс істеуде. 2012-2013 оқу жылдарында педогок ұжымы 41 пайызға жаңарды, 13 мұғалім жұмысқа орналасты.

Орташа БҰТ баллы 63,0 (2011 жылы-85,3) 22,3 баллға төмендеді. БҰТ балының төмендеуіне негізгі себептер: негізгі оқу қорының өзгеруі, оқушылардың оқу үлгерімінің төмендігі, педогогтық ұжымның жұмысы. Жыл сайын оқушылар қазақ тілі, физика, биология пәндерінен үздік білім деңгейін көрсетеді.

2009-2010 оқу жылында 12 мектеп бітірушінің 5 грантта оқиды; 2010-2011 оқу жылында 15 мектеп бітірушінің 8 грантта оқиды. Ал 2011-2012 оқу жылында 11 мектеп бітірген түлектің бірде-біреуі грантқа түспеген. Олардың барлығы ақылы оқиды. 2012-2013 жылдың 1 жартыжылдығында білім көрсеткіші 53%.

Олимпиада жүлдегерлері – 4, конкурс жүлдегерлері – 4.

«Украинка орта мектебі» КММ 01.01.2013 жылдың көрсеткіштері бойынша мектепте 126 оқушы орыс тілінде оқиды. 18 мұғалім (14 жоғары, 4 арнаулы орта біліммен) жұмыс істеуде. Оқушылардың санының өсу себебі бала туылуының өсуі және 36 бала Герасимовка орта мектебінен ауысып келді (Герасимовкадан – 24, Казачьеден – 12).

2007 жылдан бастап оқу көрсеткіші ақырындап өсіп келеді. Бұл оқулықтардың, амал тәсілдердің дұрыс таңдалғанын білдіреді. Ал 2011-2012 жылы оқу көрсеткіші 8,2 пайызға төмендеді, бұған себеп жыл соңында ауысып келген балалардың сабақ үлгерімінің төмендігі.

2011-2012 оқу жылының қорытынды аттестациясын дәстүрлі емтихан түріндеде 6 оқушы тапсырса, БҰТ арқылы 2 бала тапсырды.

Орташа БҰТ 81 бал. Жыл сайын оқушылар қазақ тілі, география, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология пәндерінен үздік білім деңгейін көрсетуде.

2011-2012 оқу жылы оқушылар әр-түрлі іс-шараларға қатысты:

Экология тақырыбында республикалық бейнелеу сайысында – 2 орын, алыстатып ойналатын олимпиадалар, викториналар мен сайыстарға 9 оқушы қатысты.

«Орыс қонжығы» халықаралық сайысында 1-бала қатысып 3 орын алды;

Және де «Ақ бота», «Малахит» «Барлығына арналған Кенгуру-математика» атты халықаралық сайыстарғада мектеп оқушылары қатсуда.

2012-2013 жылдың 1 жартыжылдығында білім көрсеткіші 49%.

Украинка орта мектебі қазіргі уақытта апатты жағдайда. Бөлініп берілген жер теліміне 2013 жылы 80 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Мектептерде шағын орталықтар жұмыс істеуде, онда 85 мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсетіледі. Герасимовка 58 бала 3 топ, Украинка -27 бала.

Мектептерде тегін тамақтандыру ұйымдастырылған. Герасимовка орта мектебінде 25(41), соның ішінде 4 (4) жетім, 13 (18) аз қамтылған, 38 (45) бастауыш сынып оқушылары.

Округ аймағында БЖСМ филиалыың еркін күрестен үйірме жұмыс жасайды жаттықтырушы С. Омаров. Сондай-ақ спортпен шұғылданам дегендерге барлық мектептердің спортзалдары ашық.

2012 жылы аудандық спартакиада барлық ойындардың қорытындысы бойынша ауылдық округ 2 орын иеленді. Бұл аталған округ тұрғындарының белсенділігін, спортпен шұғылданатындарын білдіреді.

Округтің келесі спортшыларына өз ризашылығымды білдіре кеткім келеді. Олар: волейболшылар Б. Қыдыралинов, Н. Сақалбаев; атбегілер М. Хисамбинов, Е. Тоқпаев, А. Оразаев; шахматшылар; Э. Каменцев, М. Долотов, М. Какимжанов, балуандар; С. Гулбоев, Х. Зулфиев және т.б.


Медициналық қызмет көрсету.
Округте Герасимовка ауылында дәрігерлік амбулатория, ал Украинкада фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Ауылдық-дәрігерлік амбулаториядан медициналық көмек алатын тұрғындар саны 2315(2403) адам.

Оның ішнде бір жасқа дейінгі балалар-37(40), жасөспірімдер-75(76), жасы үлкен адамдар-1958(2403), орта жастағы әйелдер-581(575) 6 адамға артты, балалар-465(521), онкоаурулар саны -11.

Округ аумағында медициналық қызмет көрсетумен 5 медицина қызметкері айналысады. Олардың 1 дәрігер, 5 орташа медициналық қызметкерлер.

2012 жылы алғашқы медициналық көмек алғандар саны 5426(6325)азамат.

Бір жыл ішінде дүниеге келгендер саны 26(22) бала, қайтыс болғандар 11(14) адам, соның ішінде;

40жасқа дейін

1

40-тан 60-қа дейін

1 (2011ж-1)

60-тан жоғары

10 (2011ж-13)

Қайтыс болғандарың орташа жасы 75(2011ж-71) жас. Округ бойынша 2012 жылы бала өлімі фактілері тіркелмеген (2009ж -1; 2010 -1; 2011-0; 2012-0.).

Туберкулездің асқынған түрімен ауыратындар – 2 адам, олар Украинка ауылында.

Герасимовка дәрігерлік амбулаториясында күндізгі стационарда 165 (2011ж- 132) адам емделді. 2012 жылы Герасимовка дәрігерлік амбулаториясында ағымды жөндеу жасалды, бірақ бүгінгі күні амбулатория шатырынан су ағады, шатырды жөндеуді қажет етеді. Ғимарат ішінде су жоқ. Тұрғындарға қызмет жасау үшін көлік, арнайы көлік жоқ.

Украинка фельдшерлік-амбулаториялық пуктінде қаралатын тұрғындар саны 634 (632) адамды құрайды.
Инфрақұрылым.
Ауыл адамдары ауыз суды әр үйдің аумағында орналасқан су құбырларынан алып ішеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Герасимовка ауылындағы Новостройка тұрғындары ауыз суды тереңдетілген насостан алады. Насостың ақысын өздері төлейді. «Таза су» мемлекеттік бағдарламасын енгізу үшін жер асты суларының тазалығын тексеру жұмысын қолға алу керек. Ол үшін қомақты қаражат қажет. Бүгінгі күні бұл сұрақ төңірегінде аудандық бөлімдермен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз.

Жолдардың жағдайы:

Ауыл ішінде

Герасимовка


Казачье

Украинка

Жолдардың ұзындығы


8,8 км

2 км

7,4 км

Жолдың қатты беті

5,2 км


1,8 км

2,0 км


Жарықпен қамту (освещение)

Қазіргі уақытта бар көше жүйелері

Қосымша қажеттіліктер

Ұзындығы, км

Жарық құрылғылары

Ұзындығы, км

Жылдық энергия үнемдеу

Бағдарлы шығын сомасы, мың теңге

4,1

44

10,0




6800,0

Округ аумағында автомттандырылған телефон байланыс торабының филиалы бар, 535(523) абонетке қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнде орнатылған телефон абоненттер саны:

Герасимовка -301(302); ұйым бойынша-13

Казачье -65(58)

Украинка -150(143); ұйым бойынша-6

Округте 2012 жылы Украинка ауылында 45 абонент «Меголайн» ғаламторына қосылды, Герасимовка ауылында 2 абонент.


Көші-қон:

2012 жылы келгендер -121 адам, соның ішінде Герасимовкаға -87, Украинкаға -18, Казачьеге-16.

Кеткендер – 116 адам, соның ішінде Герасимовкадан - 65, Украинкадан -34, Казачьеден - 17. Себептері- оқу орындарын ауыстыру, қоныс аудару.
Құқық қорғау:

Біздің округте жергілікті учаскелік инспектор, полиция капитаны Е. Акитбаев қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аумағында 2343 адам тұрады.

2012 жылы 12 ай ішінде учаскелік инспектор құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін оперативтік жұмыстар жүргізіп, ескерту жұмыстарын жүргізді.

Бүгінге дейін 53 арыз бен шағым қаралды.

Соның ішінде:



Есепке алу кітабы бойынша шешім




1.

Барлық тіркелгендер (Есепке алу кітап)

98

2

Қылмыстық істер қозғалғандар

12

3

Қылмыстық істер қозғауға бас тартты

12






ҚР Қылмыстық кодексі баптары

Саны

Ашылған

Ашылмаған

1

ҚР ҚК 175 бабы (мал ұрлау)

24

3


21

3


3

2

ҚР ҚК 90 бабы (өлтіру)

1

1

-




ҚР ҚК 120, 121бабы (зорлау)

1

1

-

4

ҚР ҚК 251 бабы (қаруды тәркілеу)

1

1

-

5

ҚРК ӘҚБ 79-3 бабы ( адам денсаулығына зақым келтіру отбасы-тұрмыс жағдайында)

5

5




6

ӘҚБ 330 бабы (ұсақ тәртіп бұзушылық)

34

34

-

7

187 бабының 2 тармағы (мүлікті құрту)

0

0

-

8

ҚК РҚ 362 бабтың 3 тармағы (ӘҚ бақылаудың қатаң бұзуы)

2

2



2012 жылдың 12 айында 136 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 азаматқа қатысты шешім қабылдау үшін Ұлан ауданының №2 мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 79-5 бабы (тұрмыстық-отбаслық қатынас)-15 іс ;

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 330 бабы (ұсақ тәртіп бұзушылық)-34;

- ҚРК туралы кодексінің 336-4 бабы (кәмелетке толмағандарды бақылау)-5

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 320 бабы (есірткі)-1

- Елді мекендерді көркейту ережелерін бұзған ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 387; бабының 1 бөлімі бойынша 9 азамат жауапқа тартылды.

- ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 371(тегіс ұңғылы сақтау ережелерінің бұзылуы)-1;

-ҚРК ӘҚ 377 бабының (паспорттық режимді бұзғандар) – 4 протокол;

- 355 бап ІІД қызметкерлеріне бағынбау-5

Аңшылық мылтық иелерін тексеру барысында сақтау ережелерін бұзған және қайта тіркеу уақытын бұзған 3 атыс қаруы тәлкіленіп, тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтаған 3 іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде профилактикалық тіркеуде 56 адам тіркелген, оның ішінде:

- Әкімшілік қадағалауда –1

- Шартты түрде мерзімінен тыс босатылғандар -1

- Бұрын сотталған -4

- Шартты түрде сотталғандар -3

- Қорғаныс нұсқаулы шығарылғандар -15

- Спирттік ішімдікті шектен тыс қолданатындар -28

- Көмелеттік жасқа толмағандар -4

1995 ж.07.04. ҚР Президентінің жарлығына сәйкес 2012 жылдың 12 айының ішінде Төлеген Тоқтаров ауылдық округінен 3 адам 6 - айдан 3- жылға дейін арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне еркінен тыс емделуге жіберілді.

Бүгінгі күні округте маскүнемдік деңгейін анықтау медициналық куәландырудың болмауы спирттік ішімдікті қолданып қоғамдық құқық бұзушылармен жұмыста белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыруда. Медициналық куәландыру жасау үшін учаскелік инспектор Өскемен қаласындағы наркологиялық орталыққа апаруға тура келетіндіктен, бұл көп уақытты алады.

Украинка ауылындағы Ковзелева Юлия жағдайсыз отбасы ретінде Ұлан аудандық ІІБ-не тізімге алынды. Бірнеше рет Украинка мектебінің мұғалімдері мен ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі бұл отбасына азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз еткен.

ҚР заңына сәйкес № 590 09.07.2004 жылғы заңына сәйкес қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті қорғау үшін құрамында 2 адам бар қоғамдық бірлестік қызмет жасайды.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде АІІБ-нің басқа қызметтерімен бірлескен 13 жедел-алдын алу шаралары өткізілді. Түнгі уақытта округ аумағында мал ұрлап фактілерін болдырмау мақсатында түнгі кезекшілік пен рейдтік шаралар өткізіледі.


Азаматтардың сұраулары бойынша жұмыс:
2012 жылы заңды тұлға мен жеке тұлғаның сұраныс саны -53(37), 2011 жылмен салыстырғанда 16-ға артық.

Сұраныс сипаты:

- Жер және жерді пайдалану мәселесі -38(23)

- Басқа да сұрақтар -15(14).


Аудандық әкімшілік тапсырмалары:
Көркейту, көгалдандыру мен округты санитарлық тазалау бойынша ШҚО әкімінің жарияланған 2 айлық көркейту кезінде ауылдық округінде қысқы жиналған қоқыстарды шығару сенбіліктер өткізілді. Сенбі күндерінен басқа тазалау жұмыстары аптаның жұмыс күндерінде де жүргізілді. Грейдерліндіру және көктемгі шайып кеткен шұңқырларды жабу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Ауылдың гулденуі-Қазақстанның гулденуі» бағдарламасы бойынша мектептің жоғарғы сыныптағы оқушылардың қатысуымен округ ішіндегі жолдың маңындағы шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.




Қоғамдық – саяси жағдай
Округтегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. 2012 жылы Герасимовка, Казачье, Украинка ауылы тұрғындарымен 2012 жылы Президенттің Қазақстан хақына жолдауы бойынша, ҚР мемлекеттік рәзімдері бойынша, қоғамдық –саяси жағдайды зерделеу бойынша, гендерлік теңдікті тәрбиелеу бойынша жемқорлыққа негативті қарым-қатынасы «Молодежь» жастар акция жемқорлыққа – жоқ дейді!», алкогольге, темекі тартуға, есірткіге қарсы, жастар мәселерін анықтау, діни жағдайларды зерделеу бойынша жұмыстар ұйымдастырды.

Қазіргі таңда Турганов Ержан Турсыновичтың төралығымен «Нұр Отан» ХДП қатарында 168 адам бар. Партия мүшелерімен, ақпаратты – насихаттық топ мүшелері халықты жылдағы Елбасының жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру, жолдауды түсіндіру мен насихаттау бойынша жұмыстар атқарылды.

Партияның белсенді мүшесу Ташкимбаева Мариям апайдың жетекшілігімен кездесулер, «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, округтің көкейтесті мәселелерін көтеріп, округтің еңбек сіңірген тұрғындары жайлы оқушылардың жетістіктері мен учаскелік инспектор жұмысы туралы мақала жазады. Сондай-ақ округте қоғамдық ұйымдар да үлкен жұмыс атқарып жатыр: ардагерлер кеңесі – төрайымы Карибаева К.Н., сонымен қатар ол кісі қазақ тілін оқыту курстарын аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізеді; әйелдер кеңесі (төрайымы Щелаковская Л.И.); «Ұлан жастары». Осы кеңестердің мүшелері өздерінің жұмыстарын жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді, қажеттілік туған жағдайда тұрғындардың тұрмыстық жағдайын тексеру бойынша көшпелі комиссия ұйымдастырады.

Сонымен қатар округ тұрғынадрына діни тәрбие беруде және өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуде үгіт-насихат жұмысы белсенді түрде жүргізіледі. Мұсылман және христиан діндерінің өкілдері молда - Зулфиев Равшан және Свято-Герасимовский Епархиясы шіркеуінің батюшкасы - Закурдаев Александр Закарьянович көмектерін көрсетеді.



2012 жылы 15 қаңтарда округ тұрғындары аудандық және облыстық депутаттар сайлауына қатысты. Осы сайлауда «Нұр Отан» ХДП партиясына округ тұрғындары 81,5 пайыз дауыс бердіп, белсенді қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет