Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі



бет10/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Авторлық 2020

ҚР Орталық мемлекеттік музейі. «Отбасыңмен музейге» фестивалі (автор. Төлегенов А.К.)

Еуропа мен АҚШ-та, көрші Қытайда бұрыннан бері орта білім беру жүйесінде қолданылатын «Музейдегі сабақ» біздің елімізде де қолдауға ие болып, қазіргі кезде өз жемісін беріп келеді. Музейлерде сабақ өткізілетіндіктен музей білім беру саласының бір бөлшегіне айналды. Қазақстан заңдарына сәйкес, орта білім алуға кез келген азаматтың құқығы бар. Демек, музейге де белгілі бір уақытта орта білім алып жүрген әрібір азамат кіруге құқылы.


«Музейдегі сабақ» қалай жүргізіледі? Музейлер мен орта білім беру мекемелері келісім шартқа отырып, сабақ өткізу кестесін бекітеді. Орта білім беру мекемелері бекітілген кестеге сәйкес, оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етеді. Музейлер болса, дәрежесі ғылыми қызметкерден төмен емес маманның қатысуымен экскурсия жүргізеді. Ең тиімдісі, музейлерде өткізілетін сабақтардың күнтізбелік жоспары мен сабақ жоспарын мектеп пен музей басшылары өзара келісу арқылы бекітеді. Осы арада байқасаңыз, музейлерге оқушылар экскурсия үшін ғана келмейді. Бұрынғы, дәстүрлі экскуриялардан артықшылығы ретінде айтатын болсақ, бұл сабақтар алдын ала жоспарланған, жоспары бекітілген, сабақтары белгілі бір тақырыптың аясында өтетін болады (сабақ өткізу мақсатында үнемі бір музейге толық экскурсия жасай берген дұрыс емес. Мүмкіндігінше, экскурсиялар белгілі бір тақырыптарға ғана арналғаны дұрыс). Мысалы, 5-6-сынып оқушыларына «Қазақстанның тас дәуірі» тақырыбына арналған сабақты тікелей музейде өткізуді жоспарлауға болады. Ол үшін ең алдымен палеолит кезеңінің артефактілері орналасқан музейлерді іздеп табуымыз керек. Мұндай музейлер жетерлік, ал тек палеолит кезеңінен арналған еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз музей Алматы қаласында орналасқанын көбі біле бермеуі мүмкін.
Еліміздегі тұңғыш палеолит мұражайы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан. Қазақстанның палеолит мұражайы 2000 жылы ашылған. 2018 жылы өзім жұмыс жасайтын №72 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» сынып оқушыларымен бірге мұражайдың топтамалық ғылыми қорында орналасқан 600 мыңнан астам артефактілерді тамашаладық. Бұл топтамалар палеолит және неолит дәуірлеріндегі тастан жасалған құрал-саймандардың жинағынан құралған екен. Оқушыларым тастан жасалған еңбек құралдарын қолдарымен ұстап, қалай жасалған деп таң қалғандарын жасырмады. Саяхатымыз өте қызықты, әрі мағыналы болды.





әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан. Қазақстанның палеолит мұражайы (автор Төлегенов А.К.)

Тарихымыздағы ұлы тұлғаларды таныту арқылы өскелең ұрпақтың бойына ерлік дастанын сіңіре отырып, болашаққа нық қадам басатынымызға сенім білдіре отырып, осы бастаманы қолға алдым.
«Ұлы даланы мекендеген түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері әлемдік өркениет көшіне қандай өзгеріс әкелді, қандай үлес қосты» деген сауалдар туындайтын болса, оның жауабын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан анық табуға болады. Біз бүгінде ғарышты игеріп, атом бомбасын шығаруды үлкен жаңалық ретінде қарап жатсақ, өткен ғасырларда бабаларымыздың жылқыны қолға үйретіп, бес қаруын сайлап, айналасындағы өзге де тайпаларға үстемдік құруы әлемдік өркениеттегі өзгеріс, үлкен жаңалық болатын. Бір сөзбен айтқанда, ғарышты игерумен тең құбылыс еді. Мұны жасаған ұлы даладағы ұлы тұлғалар. Бүгінгі Елбасы мақаласын өткенімізді қайта тірілтіп, төл тарихымызды өзімізге қайта таныстырудың бір қадамы ретінде қарастыруға болады. Мақала өткен жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспеттес. Аталған екі мақалада да тарихымызға қатысты деректердің барлығы жан-жақты зерттеліп, зерделенген.
Музейлер – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады. Қазіргі таңда осындай қызметті жүзеге асырып отырған музейлер жеткілікті. Солардың бірі оқушыларыммен бірге саяхат жасаған «Ә.Қастеев атындағы өнер музей».







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет