Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі



бет11/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Авторлық 2020

Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің сыртқы көрінісі (автор. Төлегенов А.К.)



Музейдегі «Ә.Қастеев залы» (автор Төлегенов А.К.)

Алматы қаласында орналасқан тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштерге саяхат жасау арқылы әрбір тарихи тұлғаның тарихта алатын орнын, оның ел мүддесі үшін атқарған қызметін жастарға үйретсек, насихаттасақ, бұл жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізі құралы.


Қазақстанның мәдени астанасы аталатын Алматы қаласында көптеген музейлер ел игілі үшін еңбек етуде. Соның бірі – Алматы қаласында М.Төлебаев және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан «Д.А.Қонаевтың мұражай-үйі».
Өзім жұмыс жасайтын Алматы қаласы, Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен «Д.А.Қонаев музей-үйіне» саяхат жасап, көптеген сабақтар музей ішінде өткізілді. Бұл сабақтардың ерекшелігі оқушылар өткізілген сабақтарға қатысты заттай деректерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алады. Әрбір тарихи жәдігер, сол кезеңге тән оқиғалар оқушылардың есінде ұзақ уақыт сақталады.
2017 жылы аталған музейге оқушыларыммен бірге саяхат жасадым. Мұражайға саяхатымыздың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Мұражайда кітапхана ашылып, онда Қонаевтың жеке өзінің кітаптары мен қызметтес әріптестерінің кітаптары орын алған. Бай деректі кітаптармен қамтамасыз етілген. Д.А.Қонаев туралы жазылған 66 кітап топтамасы бар. Кітаптардың саны 3000 данадан асады.
Д.А.Қонаев мұражайы – өткен ғасырдың шежіресін шертетін төл перзентіндей. Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі әрі бірегейі болып саналатын Д.А. Қонаев мұражайының қорында бүгіндері елу жыл ел ағасы атанған қазақтың біртуар ұлы перзентінің өмір деректерінен жан-жақты мағұлмат беретін 3100-дей жәдігер қойылған. Олардың әрқайсының өзіндік тарихы бар.
Мұражайда Дінмұхамед Ахметұлының әр жылдарда жасалынған мүсіндері, фотосуреттері, оның мемлекетімізді дамытып, өркендетудегі рөлі мен ерен еңбегі, адамгершілік қасиеттері мен өмірінің сан қырлы тұрмыстық жағыда көрсетілген. Мұнда қойылған жәдігерлердің мазмұнына сай «Д.А.Қонаевтың ата-тегі», «Д.А.Қонаевтың балалық және жастық шағы, студенттік кезеңі», «Еңбек жолының басталуы»,
«Дінмұхамед Ахметұлының майдангер замандастары», «Д.А.Қонаевтың кабинеті», «Д.А.Қонаевтың аңшылыққа пайдалынған қару-жарақтары», «Қонаевтың жеке заттары», тағы басқада тақырыптарда аса құнды экспонаттар әр кезеңнің құнды деректері біздерге құнды мағлұматтар берді.





Д.А.Қонаев музейінің ішкі-көрінісі (автор Төлегенов А.К.)

Кез келген мұражай әуелі өзінің тарихи құнды жәдігерлерімен жоғары бағаланса, оған келуші көрермендердің ыстық ықыласы да ерекше. Осы орайда мұражайға келуші көрермендердің пікірлері мен талап-тілектері жазылған кітапшаға назар аударар болсаңыз көптеген ыстық ықыластар жазылған. Көрермендердің негізгі айтар тілегі өткен ғасыр шежіресіндей болған мұражайдың іргесі кеңіп, жәдігерлері молая түсіп, халқымызға мәдени қызмет көрсетудегі игі дәстүрін жалғастыра берсе екен деген ниеттер білдіреді.


Мұражайларға саяхат жасаудың маңызы – ғасырлар қойнауынан бастау алатын еліміздің тарихы мен мәдениетінен, салт-дәстүрі мен әдебиетінен, шежіре мұраларынан сыр шертетін мәдени құндылықтарды сақтаушы бірден бір орын [10, Б. 245].
2017 жылдан бастап Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бағдарламасының негізінде еліміздегі киелі орындарының тізімі жасалынып, зерттеулер бағытының дамуы жаңа қарқынға ие болды. Осындай тамыры тереңге жайылған тарихи-мәдени орындарды халық арасында кеңінен насихаттап, оның құндылығын дәріптеудің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи ескерткіштеріміз халықтың тағзым ететін, отандық және шетелдік туристердің жиі келетін, қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарға айналады.
2018 жылы тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды. Мақалада қазақ халқының өзге халықтардан ерекшелігі мен артықшылықтарын айтарлықтай көрсеткен ерекшеліктеріміз баяндалған. Осы мақаланың негізінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Фараби кітапханасының» жанынан «Ұлы даланың жеті қыры» атты музей ашылды. Музейдің ерекшелігі біздерге Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп, Ұлы дала халқының металл өндіру технологиясымен, сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуда.





«Фараби кітапханасында» ашылған «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі (автор.Төлегенов А.К.)

Келешекке бағдар болған «Туған жер» бағдарламасы ел татулығын нығайта түспек. Бұл жоба тиімді жүзеге асырылса, болашақтә әуелі елім дейтін нағыз отаншыл ұлт-жанды, бәсекеге қабілетті ұрпақтың өсіп жетілетіні хақ. Ұлттық рухта тәрбие беру әрбір қазақстандық аэаматтың еңбекқор саналы болуына әсер етері мәлім. Елім жерім үшін деген пәрменді талап-міндеттің маңыздылығы да зор, сондықтан мықты мотивациялық екпіні бар жобаның болашағы баянды болары анық. Жалпыұлттық идеясы зор бұл жобаның жемісті нәтижесін көретін күн алыс емес, ол үшін еліміздің әрбір азаматы: «Мен Отаным үшін не істей аламын?»-деп терең ойлануы қажет. Берекелі бірлікке бастар бағдарламаның басты мақсаты да осында. Ұлт болып ұйысса, бағынбайтын қамал алынбайтын асу жоқ. Сондықтан даңғыл жолдың дара деңгейіне дән сеуіп, азаматтық борыштарына адал болатын мүмкіндікті жіберіп алмау абзал.
Әдістемелік құралды жазу барысында еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері туралы толық мәлімет беруге, оны қорғау жөніндегі мәселелерге көңіл аударуға, қазіргі қоғам өмірінде ескерткіштерді толық пайдалануға, сонымен қатар Отанды сүюге және ескі жәдігерлерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуді мақсат еттім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет