Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі



бет12/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Авторлық 2020

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда жас ұрпақтың бойында жоғары отансүйгіштік сананы қалыптастыру, ұлттық тарихи танымдық өрісін кеңейту, ұлттық сана-сезімінің оянуына, намысын сақтап, патриоттық рухының қалыптасуына үлкен ықпал етіп, жастардың білім мен біліктіліктігін шындап тәрбиелеуде мектепте тарих пәнін оқып-үйренудің маңызы зор. Ежелгі грек ойшылы Платонның «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деген сөзі қай кезеңде де өз маңызын жойған емес. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстандағы тарих пәні мұғалімдерінен үлкен жауапкершілікті талап етіп отыр. «Ұлттың рухын оятатын бірінші тіл болса, екінші тарих»,-деп М.Шоқай айтқандай тарих пәні сабақтары балаға жай ақпарат, белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны дамыту, оларды өздігінен жауап іздеуге бейімдеу, өмір тәжірибелеріне сүйену, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою тағы басқа көптеген қасиеттерге тәрбиелеуде жас қазақстандықтарға білім беру ісінің инновациялық дамуына ерекше орын бергеніміз жөн.


Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуына жол ашуы қажет. Осы мақсатта жалпы білім беретін мектептердегі білім беру жағдайы, дайындық деңгейінің жайы, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы жасалынған әдістемелік құрал қажетті тиімді шешімдерді қабылдауға және тарих пәні бойынша білім сапасының артуы мен бәсекеге қабілеттілік деңгейінің өсуіне көмектеседі.
Жаңа әдістердің көмегімен оқушылардың білімін жетілдіріп, оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілетін сабақтар іздеудің мән жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтарды қоя білу арқылы оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта жасауға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға жаттығады. Топтық жұмыс барысында белсенділік таныту арқылы оқушылар білім-біліктігін байқата отырып, топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қырымен де таныла бастайды. Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйрету, бұрын үндемей отыратын оқушының сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі болып саналатын оқытудың әдістері білімді игерудің, сонымен қатар тұлғалық сапалар мен танымдық қабілеттерін дамытудың маңызды факторлары.
Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, инновациялық білімді дамытып, жаңа идеялар мен жаңалықтарды оқушыларға бағдаршам етіп көрсету керек. Оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асырамыз.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлеудеуші болады, ал біз осы әрекетке бағыттауда, оқытуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарамыз.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім, оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын оқушының сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғазамыз. Сабақтың практикалық бөлігінде орындалатын «Өлкетану» сабақтарының маңыздылығы да арта бермек.
Қазірдің өзінде «Туған жер» бағдарламасының аясында жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, туған жерге құрмет көрсетілуде. Бір қарыс жері үшін қан кешіп, бір сүйем жері үшін қылыштасып өткен бабаларымыздың аманатына адал болып, әрбір тасының тарихын біліп, құрметпен қарау, насихатын арттыра білу маңызды. Ұлттық болмыс пен жаһандану үдерісінің арпалысқа түскен дәл қазіргі кезеңінде қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, халқымызды рухани тұрғыдан жаңғырту, туған жерін түлету, насихаттау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болып отыр.
Қорыта айтқанда, жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілетін сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет