Төлен Әбдіков Әңгіменің аты


Кемпір: Сапашжандар неге кешікті екен? Кеше емес пе келемдегені. Ерғабыл қарт



бет2/5
Дата12.12.2023
өлшемі51.47 Kb.
#486287
1   2   3   4   5
оқуға құштар қонақтар 8 (1)

Кемпір: Сапашжандар неге кешікті екен? Кеше емес пе келемдегені.
Ерғабыл қарт:Келетін шығар бүгін.
Кемпір:Сен шал осы жөніңді айтшы дұрыстап. Осы келгенде Жеңістайды алып қаламын дептұрсың ба? Жоқ, әлде еріп өзіміз кетеміз бе?
Ерғабыл қарт:Бос сөз сөйлеме.
Кемпір:Несі бос сөз. Менің өлейін деп отырғаным мынау. Шай қайнатып беруге де шамам келетін емес.
Ерғабыл қарт: Қайдан білейін, қит етсе шамам жоқ, шамам жоқ деп шыға келеді. Әлде...
Автор: Ерекең сөзін аяқтамай тізесін ұстап.
Ерғабыл қарт: Кемпір, екі тізем қақсайтыңды шығарыпты
Автор: Кемпір жауап қатпай, самаурынды алып, шығып кетті. Ерекең шалқасынан жатып, ашық түндіктен аспанға қарады. Ақ шарбы бұлттар көшпей, бір орында тұр екен. Ерекең ұйықтамаса да көзін жұмып отыруды ұнататын. Машинаның гүрілінен оянды. Шаңқайтүс. Іргеге созылған сол қолына күн сәулесі түсіп, қыздырып тұр.
Кемпір:Ойбай, бала келіп қалды, Әй, біліп ем ғой бүгін келерін.
Автор:Машинадан улап-шулап түсіп жатыр. Бала даусы, әйел даусы... Ерекең қапелімде тұраалмай қалды. Тырбыңдап, қолымен жер тіреп жатқанда:
Ауыл адамдары:Ассалаумағалейкүм
Кемпір:Үйбай-үйбай, шалды қара, тұра алмай жатыр
Автор:Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты. Одан соң омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақсары, ажарлы келіншектің басын сипады.
Ерғабыл қарт: Әлгі жаман қайда? Әкеліп пе едіңдер?
Сапабек(ұлы): Әкелдік қой. Әй, Жеңіс қайда? Жеңіс!
Ерғабыл қарт:Жеңіс!
Сапабек (ұлы):Бар, бар, атаңа бар.
Ерғабыл қарт: «Ой, тентек, атаны сағынбайсың-ау» Келсеңші, ей, жаманнеме. Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан?
Сапабек (ұлы): Ептеп түсінеді
Ерғабыл қарт: Қой, қазақша үйретіңдер.
Автор:Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ, — деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп, ақ сары келіншегіне қарады. —
Сапабек(ұлы): Тома, мынаның бет-аузы кір, жуындыршы.
Жалпы геология халық тіршілігінің ең басты қажеттілігіне айналды, — «мұны тыңдап алыңдар, Мынау тұрған жердің асты — тұнған байлық. Біздің Қазақстанда өте сирек кездесетін элементтер бар. Асыл тастар қаншама! Меруерт, маржан, інжу, жақұт, гауһар — не керек, бәрі бар. Гранитке байланысты пайда болатын мөлдір, қызыл, көк түсті слюда, ашық кызыл микроклин, мөлдір көк флюорит, қою жасыл турмалин, қан қызыл граниттердің өзі неге тұрады. Бұл жөнінен бар ғой, бұл жөнінен біздің Қазақстан бүкіл дүние жүзіне әйгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет