Толық атауы Ғылыми жоба тақырыбы



бет2/7
Дата24.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#478420
1   2   3   4   5   6   7
домбыра жоба

Тақырыптың өзектілігі: жоба таұырыбын таңдауымның себебі, маған домыбыра дыбысының сонымен қатар дыбыстың шығу заңдылықтары мені қызықтырды. «Білетінің бір тоғыз болса, білмейтінің тоқсан тоғыз» дегендей біз тек домбыраның шығу тарихын, калай жасалатынын күнделікті өмірден болса сабақтардан көріп жүрміз дегенменде кішкентай ғана домбырадан шығатын дауысытың ерекшелігін біле бермейміз. Осы орайда менің жұмысымның нәтижесі мен тақырыбым қызықты деген ойдамын.
Жұмыстың мақсаты: Домбыра туралы толық зерттей келіп, оның ішінде домбыраның дыбыс шығаруын зерттеу, физика мен музыканың байланысын анықтау
Міндеттер:

  1. Домбыра, оның шығу тарихы және түрлері туралы әдебиеттерді оқып-үйрену, білімімді толықтыру.

  2. Домбыраның жасалуы мен дыбыс шығару принципімен танысу.

  3. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ссауалнама жүргізу

  4. Әртүрлі ақпарат көздерімен және графикалық редакторларымен жұмыс істеуді үйрену.

  5. Домбыраны сақтау ережелері жөнінде ұсыныстар жасау.

  6. Сынып сағаттарында оқушыларды жоба нәтижелерімен таныстыру.



Зерттеу жұмысының нысаны
Зерттеудің материалы ретінде домбырадан шығатын дыбыс толқындарына, домбыраның құрылысы, домбыраның түрлеріне қатысты деректер, ғылыми еңбектер жинақталды.
Зерттеу әдістері
Жоғарыда аталған мақсат – міндеттерді орындау үшін зерттеудің тиімді әрі нәтижелі әдіс- тәсілдері қолданылды:

  • теориялық талдау: журнал , газеттерден мәліметтерді іздестіру, әдебиетті зерделеу, интернет желісіндегі ақпаратпен танысу, жинақтау;

  • эмпирикалық әдіс: сұрау,сұхбаттасу, бақылау;

  • әлеуметтану: сауалнама;

  • салыстыру, зерделеу, қорыту әдістері.



Ғылыми жобаның зерттеу алдындағы болжам
Егер оқушылар ұлттық аспаптар туралы, соның ішінде домбыра туралы , көп білетін болса, онда олар өз ұлтын, өз халқын сүйетін , халық дәстүрлерін, мәдениетін қастерлейтін, яғни ұлттық мәдениеті дамыған ұрпақболып тәрбиеленеді деген сенімдемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет