Толық атауы Ғылыми жоба тақырыбы


Ғылыми жобаның жаңашылдығы



бет3/7
Дата24.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#478420
1   2   3   4   5   6   7
домбыра жоба

Ғылыми жобаның жаңашылдығы
Ұлттық аспабымыз домбыра туралы жаңа деректер ұсынылады. Домбыра үнінің физикалық заңдылығы туралы зерттеледі. Домбыраның сақталу ережелері айтылады.


Зерттеу кезеңдері:

        1. Домбыраның шығу тарихы, түрлері, оны жасау әдісі жайлы ақпарат жинау.

        2. Домбыраның дыбыс шығаруы туралы мағлұматтар жинау: физика , музыка пәні мұғалімдермен сұхбаттасу.

        3. Оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алу.

        4. Домбыраның дыбыс шығаруының физикалық процестермен байланысы туралы, домбыраны сақтау туралы қорытынды жасау.



Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Зерттеу барысында алынған нәтижелерді сынып сағаттарында, ата-аналармен жұмысында, стендтік материал ретінде қолдануға болады.
І. Негізгі бөлім
1.1 Домбыраның шығу тарихы
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы болып табылады. Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар музыкалық аспаптардың ерекше түрі болып саналады. [2]
Интернет желісінен алынған ақпаратқа сүйенсек, 1989 жылы алматы облысындағы «Майтобе» жайлауында жартастағы әртүрлі қалыпта билеп жатқан төрт адам мен домбыраға ұқсас музыкалық аспаптық суреті табылған. Бұл суретті неолит кезеңіне жатқызғаннан, ғалымдар домбыра прототипінің жасы 4000 астам деп болжады, сонымен қатар бұл шерпелі аспаптарының алғашқы
1-сурет. Жартастағы домбыраның суреті
үлгісі болған. [3]
Сонымен қатар , ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. [4]


2-сурет. Хорезм қаласындағы музыканттар бейнесі
Сонымен, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра ертеде пайда болған аспап екені баршамызға белігілі.
Ал, домбыраның пайда болуы туралы ежелден келе жатқан аңыздар бар екенін білесіздер. Соның бірінде жаумен шайқасқан, ұзақ жолдан қатты шаршап келе жатқан батыр туралы айтылған. Аңыз бойынша батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бір бүтағын кесіп алып, оған аттың қылын тартып өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап үн бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатқанын естиді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Содан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып кеткен.
Тағы бір аңызда Шыңғысханның ұлы Жоши-ханның құландар табыны серкесінінің тұяғының астында қалып мерт болғандығы туралы айтылады. Бұл
қара хабарды жеткізген адам қаза болатынын білген соң Кеті-Бұға өзінің домбырасын қолына алып, домбыраны сайрата жөнелген. Кеті-Бұға Ханның алдында бір сөз айтпастан, домбырасымен «Ақсақ-құлан» күйін ойнайды. Ұлы жырау – күйшінің әдемі әуені Ханға бар шындықты жеткізе білген. Қатты ашуланған , ұлы Жоши-ханның өлімі туралы естіген Шыңғысхан домбыраны өлім жазасына кесуді бұйырады. Сол кезден бері домбыраның жоғарғы декасында дөңгелек ойық – ерітілген қорғасынның ізі қалған деп халықта айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет