1.4 Домбыраны сақтау және күту ережелері
Домбыра – қазақ халқының сүйікті аспабы болғандықтан, оған ерекше күтім қажет. Қажетті күтім оның сыртқы келбетіне , шығаратын дыбысына және өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сол себептен домбыраны сақтау, күту ережелерін білуіміз керек деп есептедім. Ережелерді тұжырымдау үшін интернет желісіндегі ақпаратқа негізделдім. Музыкалық аспапты күтуде пайдаланатын әдістері жыл маусымына және біздің өмір сүріп жатқан орнымызға байланысты өзгеріп тұрады. Себебі бірмезгілде Қазақстанның әртүрлі жерінде температура мен ылғалдылық мөлшері әртүрлі. Домбыраны жасайтын ағаш көптеген өндіру процестерінен өткеніне қарамастан, оның жинақталуынан пайдалануына дейін көп уақыт өте қоймайды. Музыкалық аспапқа ылғал ауамен қатар құрғақ ауа да кері әсерін тигізеді: ағаштың кебуі де, ылғалданып ұлғаю да мүмкін, қақпағының жарылуы, мойынның сынуы, метал бөліктері болған жағдайда тоттануы мүмкін. Сол себептен ағаштан жасалған музыкалық аспатарға ерекше күтім қажет. Ал қажетті күтім сақтау ережелерін орындаған жағдайда ған болады. Сонымен домбыраны сақтай және күті ережелері:
Аспапты температурасы +100 С –дан +250 С-ға дейін және ауа ылғалдылығы 50% - 60 % аралығында болатын бөлмеде сақтау лазым.
Аспаптың орналасу жерінен есік , терезе және және қыздыру құралдарына дейінгі қашақтығы 1,5 метрден кем болмау керек.
Аспапты күннің тура түсетін сәулелерден сақтау керек.
А спапты алып жүру үшін унемі жылы қапшық немесе арнайы футляр болуы керек.
Ұзақ мерзімге сақтау кеізнде футлярдың қақпағы ашық болуы тиісті, еш уақытта герметикалық жабық футлярда сақтауға болмайды.
Температура мен ылғалдылықтың күрт өзгеруінен сақтау қажет!
Қысқы уақытта суықтан жылыға кірген кезде аспап ылғалмен жамылады, ал ылғал ағаштың дүмбуіне, оның жарылуына, негізгі бөліктерінің жұлынып қалуына әкеп соғады. Осындай жағдайда, аспапта ойнамас бұрын, оның футлярдан алмай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын 25-30 минут күту керек. Содан соң құрғақ жүмсақ шүберекпен сүртіп алу керек.
Пәтерлерде жылуды қоқан кезде ылғалдылық кенет азая бастайды. Мәселен, жазда пәтердегі ылғалдылық мөлшері 60-80% аралығында, ал жылыту маусымы кезінде 25-30%-ға дейін төмендейді. Сол себептен аспаптарыңызды сақтағыңыз келсе, бөлмедегі ылғалдылықты ұлғайту шараларын жасау керек , болмаса аспаптың өзіндегі ылғалдылық мөлшерін көбейту керек (ұсақ тесіктері бар целофандағы ылғал ысқыш көмегімен).
Көктем, жаз, күз: егер сіз жаңбырдың астында қалсаңыз , футляр ылғалдылықты сіңіріп алады. Сондықтан құрғақ бөлмеге келгеннен кейін аспапты тез арада футлярдан алып шығу керек!
Ұзақ уақыт ( бір айдан артық) сақтау кезінде ішектерді босату керек.
Музыкалық аспаптардың сезімталдығын есте сақтау керек. Сондықтан оларды сақтау , пайдалану және аспатың тасымалдау кезінде алдымен ақылмен парасаттылықты басшылыққа алу керек және ешқандай қауіпті әрекеттерді болдырмау керек. Сонымен қатар өндірушінің ұсыныстарын ұстану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |