Толық атауы Ғылыми жоба тақырыбы


Домбыра құрылысы және түрлері



бет4/7
Дата24.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#478420
1   2   3   4   5   6   7
домбыра жоба

1.2 Домбыра құрылысы және түрлері
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Солардың ішінде ән мен күй домбырасы , торсық, тұмар, кең шанақты, балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш
3-сурет. Алғашқы домбыраның түрі ішекті, қуыс мойын, шертер, қоңыр дауысты (альт) , жіңішке дауысы
(прима), ащы дауысты ( секунда) , бас домбыра деген түрлері халық арасында көп қолданылатыны белгілі.
4 -сурет. Домбыраның пішініне қатысты түрлері

Бірақ домбыраның негізгі құрылысы, негізгі бөліктері барлық домбыралар түріне ортақ:






  • Шанақ-домбыраның артқы бауыры. Дыбыс шығару қызметін атқарады.






  • Қақпақ - домбыраның беті. Ішектердің тербелісі арқылы қақпаққа дыбыс барады. Дыбысты ұлғайтып, өзіндік тембрін береді.


  • А ғаш-қақпақ астындағы ұзын жіңішке ағаш, немісше «der bassbalken» деп аталады.

  • О бечайкілер – бет қақпағымен шанақты бекітетін ағаш қалақшалар үйіңкіден жасалады. Үйіңкінің қалыңдығына байланысты 1-1,2 мм қалыңдықты құрайтын сапада жасалуы тиіс.



  • Т іреуіш - домбыраның өте жауапты жұмыстық элементтерінің бірі. Ішектің тербелісін қақпаққа бере отырып және ішек тербелісін тарату жолында бірінші шанаққа жаңғырық тудыра отырып, тіреуіш домбыра үнінің негізгі кілті болып табылады. Оның сапасы, пішіні, салмағы және бұрауына байланысты аспаптың дыбысталу тембрі, күші, тепе теңдігінін береді.

  • Ішек - домбыраның дыбыс тербелісінің көзі. [5]

1.3 Домбыраны жасау және оның дыбыс шығаруы
Жоғарыда айтылғандай домбыра бірнеше бөліктен тұрады. Домбыраның негізгі қызметі дыбыс шығару болғандықтан , оның жасалу жолдары да ерекшелікті кажет етеді. Өйткені жасалу жолы дұрыс болмаған домбырадан әдемі үнде шықпайды. Бұл жұмысты шебер қолдар өте тиянақты, асықпай жасай екен. Алдымен, бұл аспапты қандай ағаштан жасау керек деген сұрақ туады. Әртүрлі ақпарат көздерінен домбыраны ағаштың қатты түрінен, негізінен үйіңкі және қарағайдан жасау керек екендігін таптым. Ал жеке бөліктерін жасау әдістеріне тоқталатын болсақ:

  • Шанақты домбыраның өлшеміне байланысты , бірнеше жіңішке қалақшалардан жасайды. Ал қалақшаларға дөңгелектеу пішін беру үшін ағаштан қиып алған таспаларды 4000 С –ға дейін қыздырып майыстырады. Кейін сол қалақшаларды бір-біріне желіммен бекітеді;

  • Қақпаны да жасау өте тиянақты процесс, өйткені сыртқы пішініне қарағанда қарапайым алмұртқа ұқсағанымен оның қалыңдығы әр жеріне әртүрлі болады. Деканың ортасы шеттерінен гөрі қалыңырақ болады. Бұл, әрине жай көзге көрінбейді. Сондықтан шеберлер қақпақты жасау үшін көп уақыт жұмсайды екен;

  • Обечайкілерді де шанақ қалақшаларын жасау әдісімен жасайды, яғни жоғары температураға дейін қыздыру арқылы;

  • Дәстүр бойынша домбыраға қойдың және ешкінің ішектері тағылған. Ертеде екі жасар қойдың ішегінен жасалған ішек ең сапалы деп саналған. Мұндай ішектер халық музыкасына тән төменгі дыбыс береді. Бірақ уақыт өте келе ішектерді қадімгі қармақбаудан жасау тиімді әрі дыбыс таза шығатынын дәлелденген;

  • Келесі кезеңінде әр шебер өз ерекшелігіне өзінің қиял- ойына байланысты домбыра қақпағына ұлттық ою-өрнектер қиып алып шеліммен жапсырады, немесе өз қолымен сүрет алып аспапқа өзіндік ерекшелік сыйлайды;

  • Домбра жасаудың соңғы штрихы – ол сыртқы бетін лакпен бояу, бұл домбыраға қалың ағаштың түсін береді.

Домбыра дайын болған соң оның дыбыс шығаруына назар аудару керек. Дыбыс қалай шығады? Ол дыбыс бізге қалай жетеді? Біз оны қалай естиміз? Осы сұрақтар мені көп толғандырды, сондықтан мен алдымен физика пәні мұғалімімен кездесіп осы сұрақтарды қойдым. Сұхбаттасу кезінде мұғалім домбрының дыбыс шығару принципімен таныстырды. Сонымен дыбыс деген не , ол бізге қалай жетеді?
Физикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ: дыбыс – бұл толқын. Толқын – бұл кеңістікте таралатын тербелістер. Ал тербелістер пайда болу үшін дыбыс шығаратын дене немесе дененің бір бөлігі тербелу керек. Домбыраның тербелетін бөлігі – ішектер. Яғни , домбыраның дыбысы ішектердің тербелісі кезінде шығады. Пайда болған дыбыс толқындары ауа арқылы адам құлағына жетеді . Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Осындай күрделі процестер арқылы адам дыбыстарды естиді.
Сонымен бірге , басқа да тербелетін денелер бар, бірақ кейбіреулері музыкалық аспаптар сияқты дыбыстар шығармайды. Оның құпиясы ішектер астындағы қуыс ортасында ойығы бар қорапшада екен. Оның не қажеттілігі бар деген сұраққа, мұғалім бұл қорапша шыққан дыбысты күшейтеді, оны резонатор деп атайды деп түсіндірді. Сонымен қатар дыбыстың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамары бар. Мысалы: дыбыстың қатты немесе ақырын шығуы, дыбыстың жоғары немесе төмен болуы. Мұғаліммен сұхбаттасқан соң бұл жайлы да түсінік алдым. Домбраның ішектерін қатты соғуынан дыбыс қатты шығады. Ал дыбыстың қаттылығы төмен болу үшін ішектерді ақырын шерту керек. Бұл қандай физикалық құбылыс деген сұраққа мұғалім оны тербелістің амплитудасына тәуелділігімен түсіндірді. Яғни, домбыра ішегін қаттырақ соқсақ, ішектердің қалыпты жағдайдан ауытқуы көбірек болады, демек тербеліс амплитудасы үлкен болып дыбыс қатты шығады. Оны домбыраны қолға алып дәлелдеуге болатынына көз жеткіздім. (қосымша А)
Дыбыс қаттылығы децибелмен ( дБ) өлшенеді . Төмендегі кестеден адам құлағының еститін дыбыстар кестесi келтірілген:
1- Кесте. Кейбір дыбыстардың қаттылығы

Адам құлағының минимал дыбыс

10-15дБ



Қауіпсіз дыбыстар



Сыбыр

20дБ



Кәдімгі әңгіме

30-35дБ



Айқай

60дБ

Дискотекада

95дБ



Қауіпті
дыбыстар



Клубтағы музыка

100дБ



Поп-концерт

120дБ



Рок-концерт

140дБ

Жұмыс iстейтiн реактивтi қозғаушы

140дБ



Домбыраның дыбысы құлаққа жағымды болғандықтан оның дыбысын қауіпсіз дыбыстар қатарына жатқыза аламыз, яғни дыбыс қаттылығы 30-60 дБ аралығында жатады. Бірақ , кестеде көрсетілгендей музыканың барлық түрі қауіпсіз бола бермейді. Өте қатты шығатын дыбыстар адам құлағына кері әсерін тигізіп есту қабілетін азайтады.
Ендігі сұрақ дыбыстың тонына , яғни жоғары немесе төмен болуына қатысты, болды. Дыбыс тоны тербеліс жиілігіне тәуелді. Ал ішекті музыкалық аспаптарда тербелетін дене – ішектер. Сондықтан бұндай аспаптардың шығаратын дыбыс тоны ішектердің тербеліс жиілігіне тәуелді. Дыбыстың тербеліс жиілігін пернені басу арқылы өзгертуге болады. Неғұрлым ішек қысқа, соғұрлым оның шығаратын дыбыс тоны жоғары болады.
Сонымен, домбыраның дыбыс шығару процесі – физикалық құбылыс екенін дәлелдедік. Сондай-ақ, дыбыстың сипаттамаларының тәуелділігі да физикалық тұрғыдан түсіндірдік. Яғни, осы жұмыстың тақырыбына сәйкес домбыраның физикамен байланысты екендігіне көз жеткіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет