Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет46/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Есеп № 3

Ер адам, 50 жаста, маскүнем, шылым шегеді, тамақтануы төмен және тістерінде ауыр кариес бар. Соңғы 2 жыл көлемінде кеудесінің оң жақ бөлігіндегі ауырсыну, мазасыздық, қызба, іріңді қақырықты жөтел мазалайды.


Рентгенографияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде диаметрі 2 см болатын сұйықтықты қуыс анықталады..


Дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Дұрыс диагноз:


А) бронхоэктаз ауруы;
Б) өкпенің перифериялық рагі;
В) өкпе абсцесі;
Г) өкпе инфаркты;
Д) өкпе туберкулезі.



  1. Өкпе абсцесінің қай кезеңі деп ойлауға болады:

А) абсцесстің түзілу кезеңі;
Б) абсцестің бронхқа ашылған кезеңі.



  1. Өкпе абсцесінде объективтік тексеру жүргізгенде қандай белгілерді анықтауға болады:

А) везикулярлы дыбыстың әлсіреуі;
Б) амфоралық тыныс;
В) құрғақ ысқырықты сырылдар;
Г) экстрасистолалар.



  1. Осы жағдайда тағайындалатын ем:

А) диуретиктер;
Б) кортикостероидтар;
В) антибиотиктер;
Г) аналгетиктер.
Ситуациялық есептер

Есеп № 1


Ер адам, 34 жаста, санаторлы-курортты картаны толтыруға емханаға келіп, тексеру жүргізу мақсатында госпитализацияланды.


5 жыл бұрын сол жақты пневмониямен ауырғаннан бері тұрақты түрде жөтелетіндігін айтады. Көктем-күз мезгілдерінде бірнеше рет дене қызуының көтерілуі және сол жақ бүйір қабырғасында ауырсыну байқалған. Тәулігіне, әсіресе таңертеңгілік уақытта 1 стакан көлемінде қақырық бөледі. Ремиссия кезеңінде физикалық күш түсіргенде ентігу сақталады, өршу кезеңінде ентігу күшееді.
Объективтік тексеруде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жеңіл акроцианоз, саусақтары өзгеріссіз.
Перкуссияда кеуде клеткасының сол жағында дыбыс қорапты, өкпенің төменгі шекарасы төмен ығысқан, экскурсиясы шектелген.
Аускультацияда осы жерде қатаң тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар және плевра үйкелісінің шуы естіледі.

1. Науқастың жалпы қан анализінің нәтижесіне баға беріңіз :


Жалпы қан анализі № 4


Күні: 17.06.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова
Науқас П., 34 жаста.

Көрсеткіштер




Бірлік СИ




Гемоглобин Ер
Әйел

90 г/л

130,0 –160,0
120,0- 140,0

г/л

Эритроциттер Ер
Әйел

5,1 *1012/ л

4,0 – 5,0
3,9 – 4,7

*1012/ л

Түсті көрсеткіш

0,88

0,85 – 1,05




Тромбоциттер

280*1012/ л

180,0 – 320,0

*109/ л

Лейкоциттер

9,1*109/ л

4,0 – 9,0

*109/ л

Таяқша ядролы нейтр.

7%

1 – 6
0,040– 0,300

%*109/ л

Сегмент ядролы нейтр.

68%

47 – 72
2,000 - 5500

%*109/ л

Эозинофилдар

1%

0,5 – 50
0,20 – 0,300

%*109/ л

Лимфоциттер

19%

19 – 371
200 – 3000

%*109/ л

Моноциттер

5%

3 – 11
0,090– 0,600

%*109/ л

ЭТЖ Ер
Әйел

19мм/сағ.

2 – 10
2 – 15

мм/ сағ.

2. Науқастың жалпы қақырық анализінің нәтижесіне баға беріңіз :
Жалпы қақырық анализі № 4
Күні: 17.06.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова
Науқас П., 34 жаста.
Көлемі – 160,0 мл
Түсі – жасыл,
Сипаты – іріңді, сасық иісті
Консистенциясы – тығыз
Лейкоциттер – 150-200 к/а
Эритроциттер – 0-2 к/а
Эпителий клеткалары – аз көлемде к/а
Альвеолярлы клеткалар – аз көлемде к/а
Стрептококк, стафилококктар - көп көлемде к/а

3. Науқастың жалпы зәр анализінің нәтижесіне баға беріңіз :


Жалпы зәр анализі № 15
Күні: 17.06.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова
Науқас П., 34 жаста.
Белок – ізі
Лейкоциттер – 2-3 к/а
Эритроциттер – 0-1 к/а.

4. Науқас рентгенограммасын сипаттаңыз (сурет 22)






  1. Болжамалы диагноз қойыңыз.




  1. Қосымша мақсат ретінде қолданылады:

А) бронхоскопия;
Б) компьютерлік томография;
В) флюрография;
Г) ФВД тексеру.



  1. 23 суретте қандай тексеру әдісі көрсетілген?

Осы науқаста осы аспаптың көмегімен қандай өзгерістер
анықтауға болады?






  1. Аурудың өршу кезеңінде негізгі емдеу принципін атаңыз?



Есеп № 2
26 жастағы жүргізуші 9 күн бұрын ауырған, яғни мазасыздану, дене қызуының жоғарылауы (39,1 0С), қалтырау пайда болған.Ауырар алдында қала сыртында батқан көлікті шығаруға көмектескен. Аурудың екінші күні дәрігер бұлшықетке пенициллин 300 000 Б және бисептол 1 таб.*2 рет/тәул. тағайындаған. Аурудың бірінші аптасында дене қызуы кешке қарай 38,7 – 38,9 0С – қа дейін көтеріліп, кеудесінің оң жағында дем алғанда, жөтелгенде күшейетін ауырсыну мазалаған, жағдайы ауырлаған. Науқастың айтуы бойынша қақырық күнделіктіден
(8 жыл көлемінде күніне 30 шылым шегеді) сәл көп бөлінеді. Екі күн бұрын қатты жөтелген кезде көп көлемде қан аралас қақырық тастағаннан кейін жағдайының жақсаруын, дене қызуының түскендігін айтады. Келесі күні науқас госпитализа-цияланды.

  1. Қақырық анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  2. Ауруханада кеуде клеткасының рентгенограммасын жасады.

Бұл науқасқа төменде берілген рентгенограмманың қайсысы тән
(24 сурет)?




  1. Антибактериалды емнің қай вариантын тағайындаған дұрыс:

А) жергілікті дәрігердің тағайындаған емін жалғастыру;
Б) пенициллин дозасын көбейтіп, инъекция көлемін көбейту;
В) пенициллинді кең спектрлі антибиотикке ауыстыру;
Г) қақырықтың антибиотикке сезімталдылығын анықтап, соған сәйкес
антибиотик тағайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет