Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет1/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Методичка ДЫХ каз


ТОО КЫЗЫЛОРДА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ «АSU.kz»





«Ішкі аурулар» пәнінен


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
(оқушыларға арналған)


Тақырыбы


«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ»


Дайындаған оқытушы
Нұратдинова
Гүлнар Тажибекқызы

Оқу құрал Мемлекеттік білім беру Стандартына сәйкес Типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Құралда тыныс алу жүйесінің ауруларының түсініктемесі, этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникалық белгілері, тексеру әдістері, емдеу принциптері мен күтімі берілген. Оқу құралдың соңында оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін қосымша бақылау тест сұрақтары берілген.
Оқулық белгілі терапевт ғалымдар Қ.А. Жаманқұлов, Б.С.Қалимұрзина, А.Л. Гребенев, В.И. Маколкин, Э.В.Смолева, Н.И.Федюкович шығармаларына негізделген.
Орта буын медицина мамандарын дайындайтын медицина колледжінің оқушыларына арналған.

Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы

Тыныс алу жүйесі мұрын қуысынан, жұтқыншақтан, көмейден, кеңірдектен, бронхылардан, өкпе және плеврадан тұрады.


Кеңірдек – шеміршекті сақиналардан тұратын түтік, IV көкірек омыртқасының тұсында бронхыларға бөлінеді.
Өкпе – жұп мүше. Оң жақ өкпе 3 бөліктен (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), сол жақ өкпе 2 бөліктен (жоғарғы, төменгі) тұрады. Екі бөлік арасында өкпені жауып тұратын қабырға аралық плевра болады, ол висцерал деп аталады. Көкірек клеткасын, диафрагманы, қабырға аралықты астарлап тұратын плевра париетальды деп аталады.
Бронхиолалар альвеолаларға айналады – бұл ауа кеңістіктері майда қан тамырларымен қоршалған (капиллярлармен).
15 – 20 алвеола және терминальды бронх өкпе тінінің функциональды бірлігі саналатын ацинусты құрайды.
Альвеолаларда газ алмасу процесі жүреді – қан оттегімен байып, СО2 газы эритроциттерден альвеолалық ауаға түседі.
Тыныс алу қозғалысының 1 минуттағы саны 16 – 20 рет; жаңа туылған нәресте минутына – 40 – 45 рет; ұйқы кезінде – 12 – 14 рет.
Тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Тыныс алу актісі дем алу және дем шығарудан тұрады.
ӨТС = қалыпты тыныс ауасы + резервтік дем алу ауасы + резервтік дем шығару ауасы = Ерлерде – 3500 мл, әйелдерде – 2500 мл.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет