Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


Клиникасы 2 кезеңге бөлінеді



бет13/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Клиникасы 2 кезеңге бөлінеді:

  1. іріңдік бронхқа ашылғанға дейінгі кезең (жарылмаған абсцесс);

  2. іріңдік бронхқа ашылғаннан кейінгі кезең (жарылған абсцесс);



Бірінші кезең (10-12 күнге созылады) - науқас ауыр халде болады.
Шағымдар - t - 40°С   (гектикалық қызба), қалтырау, ентікпе, малшып терлеу, әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі болады. Тынысы 30-40 дейін жиіленеді. Пульс – 120'.
Пальпация: дауыс дірілі абсцесс аймағында күшейген.
Перкуссия: перкуссиялық дыбыс тұйық немесе тұйықталған.
Аускультация: зақымдалған бөлігінде қатқыл немесе әлсіз везикулалық тыныс; құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.
Rграфия – өкпеде дөңгелек қарайғандық болады.
Қанда -  цитоз, ЭТЖ – 50 – 60 мм/сағ.


Екінші кезең науқас қайта-қайта қатты жөтеліп, өкпе абсцесінде «ауызын тола», тәулігіне 1 л –ге дейін жасыл түсті іріңді сасық иісті қақырық тастайды, ал өкпе гангренасында – қақырық шоколад түстес, шірік иісті болады.
Өкпе абсцесінде қақырық тұнғанда 2 қабаттан тұрады: жоғарғы қабат- сары – жасыл түсті сұйықтық және төменгі қабат – жасыл түсті қою зат;
Өкпе гангренасында қақырық 3 қабаттан тұрады : жоғарғы қабат – көпіршікті, ортаңғы – қоныр түсті, төменгі – майда түйіршіктер.
Егер қуыс іріңнен толық тазарса, онда науқастың жағдайы жақсарады, дене қызуы мен интоксикация басылады, тәбеті жоғарылайды, қақырық мөлшері күн сайын азаяды.
Перкуссия: бұрынғы тұйық аймақта тимпанит пайда болады.
Аускультация: бронхтың немесе амфоралық тыныс, көптеген орташа және ірі көпіршікті сырылдар естіледі.
Рентгендік зерттеуде: өкпеде горизонтальді деңгейі сұйықтығы бар қуыс анықталады, ал гангренада – шеті анықсыз қара ошақ көрінеді.
Қанда – лейкоцитоз, лейкоцит формуласының солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы, гипохромдық анемия байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет