Өкпе абсцесі және гангренасының асқынулары:
созылмалы абсцесс;
өкпеден қан кету;
плеврит;
пиопневмоторакс;
миға, бауырға, талаққа метастаздардың тарауы.
Емі: консервативтік және хирургиялық .
тағам жоғары каллориялы, витаминге, белокке бай болу керек;
дене қызуы түскенше төсек режимін сақтау керек;
қақырықтан антибиотиктерге сезімталдығын анықтағаннан кейін бұлшық етке, көктамырға және бронхоскоп арқылы максимальды дозада іріңдікке антибиотиктерді енгізу тиімді – ампициллин, амоксициллин, карбенициллин, цефазолин, цеф, клафоран, цефпирам, цефамандар, стрептомицин, канамицин, амикацин, офлоксацин, мегасеф, линкомицин, левомицин;
бронхолитиктер – эуфиллин;
қақырық түсіретін препараттар – бронхолитин,бромгексин, амброксол, ацетилцистеин, травясил, кофол, кызылмия, термопсис;
емдік бронхоскопия – мукосольвин, ацетилцистеин;
позициялық (постдуралды)дренаж – іріңнің ағып шығуына күніне 3-4 рет жасау керек (егер бронхоэктаз оң өкпеде болса, науқас басын төмен түсіріп, сол қырына жатса қақырық жақсы түседі, бронхоэктаздар сол өкпеде болса, онда науқас оң қырына жатады);
витаминдер (В,С тобы);
дезинтоксикациялық ем – тәулігіне 2-3 л сұйықтық ішкізеді (таңқурай қосқан шай, шырындар, түрлі сусындар), 5% глюкоза, инфузол, гемодез;
белокты препараттар (альбумин, казеин, гидролизин), плазманы құю;
иммуномодуляторлар – тималин, тактивин, метилурацил, левомизоль, нуклеат натрия, пентоксил, женьшень, элеутерококк, мумие;
ЕДШ мен тыныс жаттығулар, физиотерапия, кеуде массажы;
егер өкпеден қан кетсе – көк тамырға кальций хлорид ерітіндісі 10%-10 мл, аминокапрон қышқылы 5%-100 мл тамшылатып құю, викасол 1%-1 мл, дицинон 12,5%-2 мл бұлшық етке.
6 – 8 аптадан кейін консервативтік ем нәтижесіз болса және асқынулар қосылса – хирургиялық ем қолданылады (лобэктомия, пульмонэктомия).
Достарыңызбен бөлісу: |