Патогенезі. Инфекциялық плеврит инфекцияның тікелей енуінен дамиды. Микроорганизмдердің плевраға түсетін жолдары:
а) тікелей жанасу арқылы - инфекцияның өкпе тінінде орналасқан инфекция ошақтардан плевраға өтуі (пневмонияда, абсцесте, бронхоэктаздарда, іріңдеген кистада, туберкулезде);
б) лимфогенді жолмен тарауы;
в) гематогенді жолмен тарауы;
г) сыртқы ортадан тікелей енуі (жарақаттар, операциялар);
Плеврит дамуының бірінші тәулігінде лимфа капилярлары кеңейіп, тамырлардың өткізгіштік қасиеттерін артып, плевра ісініп, плевра қуысына сұйықтық жиналады. Сұйықтық аз мөлшерде бөлініп, тез сіңірілсе – фибриндік(құрғақ) плеврит, ал сұйықтықтың бөлінуі сіңірілуден басым болса, серозды немесе серозды-фибриндік плеврит дамиды.
Плеврит құрғақ және экссудативті болып бөлінеді.
Құрғақ плевритте қабыну сұйықтықтығында фибрин көп болады.
Клиникасы: Кеуденің шаншу терең дем алғанда, күлгенде және түшкіргенде күшейеді. Терең дем алғанда жөтел пайда болады, қызба, t-ра 37 – 38°С, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы мазалайды.
Жалпы қарағанда: Тыныс алу үстірт және жиі. Тыныс алғанда зақымданған жағы қалыңқы болады.
Пальпация: қабырға аралықты басқанда ауырсыну байқалады.
Перкуссия: анық өкпелік дыбыс.
Аускультация: плевраның үйкеліс шуы (шу дема алудың екі фазасында естіледі, фонендоскоппен басқанда күшейеді, жөтелден кейін өзгермейді.
Емі: жартылый спирттік қыздырғыш компресс, қыша қағазы, парафиндік аппликация, гепарин немесе кальций хлоридімен электрофорез (егер өкпе туберкулезі мен өкпе рагі болмаса), жөтелге қарсы дәрілер, антибиотиктер, ауырғандықты басатын дәрілер (аналгин, баралгин, промедол), ЕДШ, қол массажы немесе вибрациялық массажды жасайды.
Құрғақ плевриттің ағымы жақсы және 2-3 апта ішінде науқас толық жазылуы мүмкін, немесе экссудативті плевритке ауысу мүмкін.
Экссудативті плевритке плевра қуысында қабыну сұйықтығы жиналуы тән.
Сұйықтық өкпені басып, қөкірекортаны (средостенияны) қарама қарсы жағына ысырады.
Экссудативті плевриттің түрлері – серозды, іріңді, геморрагиялық, шірікті.
Клиникасы: Шағымдар - ентікпе, әлсіздік, қызба, t-ра 38 – 39,5°С , құрғақ жөтел, кейде болмайды. Кеудесі шаншып ауырады.
Жалпы қарағанда: тыныс алу жиілігі – 30 ', кеуденің зақымданған жағы тыныс алғанда қалыңқы болады. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, әсіресе іріңді плевритте.
Пальпация: сұйықтық жиналған аймағында дауыс дірілі әлсірейді немесе анықталмайды.
Перкуссия: сұйықтық жиналған аймақта тұйық дыбыс естіледі.
Аускультация: сұйықтық жиналған аймағының бетінен әлсіз тыныс естіледі немесе ешқандай дыбыс естілмейді.
Рентгенография – үшбұрышты гомогенді интенсивті қарайғандық көруге болады (Дамуазо сызығы), жиналған сұйықтық жүректі сау жағына ығысады.
Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ .
Зәрде – белок анықталады.
3-6 апта ішінде экссудат тарап кетеді.
Гидроторакс - дегеніміз плевра қуысына судың жиналуы. Бұл процесс плевраның қабынуымен байланысты емес, сұйықтықтың плевра арқылы қозғалысының өзгеруімен болады.Сипаты бойынша жиналатын су – трассудат ( құрамында белок -3%).
Гемоторакс – дегеніміз плевра қуысына қанның жиналуы, ал хилоторакс – лимфаның жиналуы.
Гидроторакстың түрлері :
Іркілдек (застойные) – жүрек жетіспеушілігінде, өкпе артериясының тромбоэмболиясында болады.
Диспротеинемиялық – бауыр циррозында, алиментарлық дистрофияда, кахексияда, нефротикалық синдромда, микседемада кездеседі.
Басқалар – перитонеалды диализде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |