Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет22/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Алдын – алу шаралары:

  1. еңбекшілердің тұрмыстық жағдайын жақсарту;

  2. рациональды тамақтану;

  3. арнайы алдын – алу (вакцинация, ревакцинация, химиопрофилактика);

  4. диспансеризация - флюорография, жалпы тексеру, туберкулино-диагностика (Манту сынағы), қақырықты бактериологиялық егіске жинау (БК);

  5. санитарлы – ағарту жұмысы ( жеке бас гигиенасын сақтау, сүтті қайнатып ішу, денешынықтыру).



Арнайы(спецификалық) алдын – алуда иммунопрофилактиканы (БЦЖ) жасайды. Вакцинаны мынандай жолмен дайындайды: туберкулездің микобактериясын арнайы қөректік ортада өсіреді, кейін әртүрлі ортаға көшіреді, содан кейін ол патогендік қасиетін жоғалтады. Иммунитет қалыптастыру үшін 0,05 мг дайын БЦЖ вакцинасын (бацилла Кальметта – Герена) 1 – 3 күні жаңа туылған балаға тері ішіне егеді; 4 – 6 аптада инфильтрат, кейін 2 – 4 айда тыртық болады.
Ревакцинацияны балаларға 6, 12, 17 жасында, 30 жасында ересектерге егер 2ТЕ туберкулин Манту сынамасы «теріс» немесе күдікті болғанда жасайды. Ревакцинацияны ауыр жағдайдағы науқасқа, аллергиясы бар науқасқа салмайды.
Рецидивті алдын алу үшін туберкулезден жазылған науқастарға және туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болатын балалар мен жасөспірімдерге химиопрофилактиканы жүргізу қажет. Оларға жылына екі рет 3 айда күніне 2 рет 0,3 г изониазид тағайындалады (1-3жыл).
Науқас қақырығын түкіргішке жинайды, ол ⅓ 5 % хлорамин ерітіндісімен толтырылады. Түкіргіштегі қақырықты 6 – 8 сағ дез.ертіндісінда ұстайды. Одан кейін барып канализацияға ағызады. Түкіргішті гидрокарбонат Na 2 % ерітіндісінде 15 мин қайнатып залалсыздандырады.
Ыдыс – аяқ, төсекті міндетті түрде 2 % еріт. гидрокарбонат Na қайнатады. 5 % хлорамин ерітіндісімен ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек, «контакты» адамдарды жылына 2 рет 2 жыл тексеріп тұру керек.
Туберкулезбен ауырған науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен мұқият жуу қажет.
Туберкулезбен ауратын жүкті әйелдерде туберкулез қозуы мүмкін, сондықтан жүктілікті үзу керек. Емшекпен емізуге болмайды.
Ө к п е р а г і ( өкпе обыры)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет