Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің əсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжи- тын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу тəрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм төбелер, сор ойпаңдар жəне т.б.
Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың коллоидты кешені негізінен на- трий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык жəне жылу жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек радиациялық жəне жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар ылғалдану жəне құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салы- стырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақ жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.
26–1427
401
Достарыңызбен бөлісу: |