Топырақтану оқулық



бет133/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   140
Топырақтану

Термин сөздерге түсінік




Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тас- тар жəне т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық про- цесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық – ыза суы терең орналасқан жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап қалған су мөлшері.
Ортзаңдар тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер темір мен марганец тотықтарының кесек немесе тары тəріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нəтежиесінде пайда бо- лады. Табиғи жəне жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын жəне тұрған орны жер учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойын- ша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде кездесетін топырақтар.
Ирригациялық эрозия – адамдардың суды дұрыс пайдаланбау- ынан болатын эрозия.
Кадастр – есеп, салық үшін жер бағасын есептеу
Қалыпсыз топырақтар өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.
Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді қабат түзіп, соның нəтижесінде жауын-шашынның аздығына қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.
Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын құрғақ шөпт топырақтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет