Өсімдіктердің жəне микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы өтіп жататын əртүрлі химиялық жəне биохимиялық процестердің жылдамдығы мен бағыттарына топырақ реакциясы үлкен əсер етеді. Қоректік заттардың өсімдіктермен сіңірілуі, топырақ микроорганизмдерінің əрекеті, органикалық заттардың минерал- дануы, топырақ минералдарының ыдырауы жəне қиын еритін қосылыстардың еруі, коллоидтардың коагуляция мен пептизация- сы жəне басқа физикалық-химиялық процестер топырақ реакция- сына күшті байланысты. Ол сонымен қатар топыраққа енгізілетін тыңайтқыштардың тиімділігіне əсер етеді. Тыңайтқыштар өз жағынан топырақ ерітіндісінің реакциясын өзгерте алады.
Табиғи жағдайда топырақ ерітіндісінің реакциясы 3-тен (сфаг- нум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады, көбінесе, 4-8 арасында болады.
кесте
Əртүрлі топырақтардағы рН өзгеруі
рН деңгейі
|
Топырақ реакциясы
|
Топырақ түрі
|
<4
|
өте күшті қышқылды
|
шымтезек (3-3,5)
|
4,1 - 4,5
|
күшті қышқылды
|
шымды-күлгін (4-5)
|
4,6 - 5,0
|
орташа қышқылды
|
5,1 - 6,0
|
əлсіз қышқылды
|
сілтісізденген қара топырақ, сұр орманды
|
6,1-7,4
|
бейтарап
|
кəдімгі қара топырақ, қуатты қара топырақ (6,5-7)
|
7,5 - 8,5
|
əлсіз сілтілі
|
оңтүстік қара топырақ, қара қоңыр (7,5)
|
8,6 - 10,0
|
күшті сілтілі
|
сұр топырақ (8,5), сортаң (9)
|
>10,0
|
өте күшті сілтілі
|
-
|
4>
Достарыңызбен бөлісу: |