Топырақтану оқулық


Топырақтың актуалды қышқылдығы



бет62/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140
Топырақтану

Топырақтың актуалды қышқылдығы, топырақ ерітіндісінің қышқылдығы сутек ионының (Н+) гидроксил ионының (ОН-) кон- центрациясы артық болғанда байқалады.
Топырақта өнебойы СО2 түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен
əрекеттесіп, көмір қышқылын Н2СО3 түзіп, Н жəне НСО ионда-
+ -

3


рына диссоциацияланады. Нəтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясы артады да, ерітінді қышқылданады.
Сонымен топырақ ауасында СО2 концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ерітінді қышқылданады.
Егер топырақта сіңірілген күйде натрий ионы көп болса (сор жəне сортаң), онда ерітіндіде көмір қышқылды натрий тұздары түзіліп, ерітінді сілтілі келеді.
Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары жəне сіңіріл- ген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты орын алып, топырақты əлсіз сілтілендіреді.
Қышқылды жəне күшті қышқылды шымды-күлгін жəне шымтезекті-батпақты топырақтарда сіңірілген күйде кальций аз, сутек пен алюминий иондары көп, топырақ ерітіндісін көмір қышқылы мен қатар еритін органикалық қышқылдар жəне гидро- лиз нəтижесінде қышқыл мен əлсіз негіз пайда қылатын алюминий тұздары қышқылдандырады.
Сонымен топырақ ерітіндісінің реакциясы топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондардың құрамына қарай өзгереді.
Топырақтың потенциалды қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта сіңірілген сутек не- месе алюминий иондары тудырады.
Топырақтың алмасу қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта алмаса сіңірілген сутек не- месе алюминий иондары тудырады. Алмасу қышқылдық топырақты бейтарап тұздың ерітіндісімен (KCl) өңдегенде анықталады.
Алмасу қышқылдықты KCl судағы ерітіндісінің рН шамасымен немесе 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалентпен өрнектейді. Топырақтың алмасу қышқылдығы шамасына актуалды қышқылдық та кіреді. Сондықтан алмасу қышқылдығының шамасы актуалды қышқылдықтан жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет