Топырақтану оқулық



бет123/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   140
Топырақтану

Фитохимиялық мелиорация. Бұл əдіспен топырақтың жоғары жəне сортанданған қабатын қайырмалы етіп жыртып, оның астыңғы қабатын қопсытады да, сортаңданған қабатты жақсарту үшін оған кəдімгі гипс пен фосфогипсті енгізеді. Бұл жерге негізінен бұршақты шөп, түйе жоңышқа егіледі. Оның өнімділігі гектарына 17-25 центпер, ал оны жыртып орнына еккен астық өнімі гекта- рына 10-14 центнер жетеді. Ал тұзы мол сортаңға төзімді шөптер егіп, оларды шалғынға айналдырған жөн. Ол үшін сортаң қабаттың жоғары бетін қайырмалы етіп жыртып, оның астын тереңдетіп қопсыту қажет. Көпжылдық шөптердің өнімі гектарына 12-14 центнерге жетеді. Сонымен, бұл көрсетілген сортаң топырақтарды жақсарту əдістері кезінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 12 ұжымшарда қолданылып, 300 гектардай жерді өндірістік жағдайда сынап, жақсы нəтижеге жеткен еді. Осы əдісті қолданып, сортаң жерлерді жақсартқанда. олардан алынған өнім өңделмеген табиғи сортаң жерге қарағанда 7-10 еседей көп. Бұл жағдай сортаң жерлерді игеру мол резервтің кезі екендігін көрсетеді. Себебі аса күрделі жақсарту жұмыстарын жүргізбей-ақ, мол қаржы
жұмсамай-ақ сортаң жерлердің өнімін 7-10 есе арттыруға болады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижесіне сүйене отырып, институт ғалымдары сортаң жерлерді игеру жөнінде практикалық ұсыныстар жасады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен қолдау тауып, арнайы əдістемелік басшылыққа алынды.
Енді республикамыздың солтүстік облыстарында «Казгипро- зем» жəне облыстық агрохимиялық зертханалары жасаған жо- балар мен сортаң жерлерді игеру жұмысы қолға алына бастады. Солтүстіктің дəнді, қара топырақты жəнс қара қоңыр топырақты алқаптарында суарусыз, көп қаржы жұмсамай 15,6 млн гектар сортаң жерлерді игерудің жоспарлары кезінде жасалды. Онын ішінде фитоагротехникалық мелиорациялау арқылы 1 млн га, агрохимиялық мелиорациялау арқылы 10.4 млн, фитохимиялық мелиорациялау арқылы 1,0 млн, ал шалғындық шөп егуге 3,4 млн гектар сортаң жер əзірленді.
Сортаң жерлерді игеру жыл сайын шөп өнімін 8 млн тоннаға, малға жемдік дақылдарды – арпа, сұлы, тары өнімін 5,5 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай мал шаруашылығын өркендетуге көп септігін тигізбек. Ал бұрынғы жемшөп егіліп жүрген құнарлы топырақтарға бидай егіп, одан қосымша 10 млн тонна алуға мүмкіндік бар.
Сонымен, Қазақстанда көлемі мол сортаң жерлерді игеру жұмыстары кезінде жаппай басталған болатын. Ең алдымен, иге- руге жеңілірек түсетін солтүстіктегі табиғи ылғалмен қамтамасыз етілген аудандардың сортаң жерлерін игеру жоспарланды. Оида біраз жерлер қазірдің өзінде игерілді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ондаған мың гектар сортаң жерлер жоғарыда айтылған əдістер арқылы игеріліп, онда малазықтық жемшеп өсірілуде. Бұл үлкен пратикалық жұмысқа көмекті алы- стан емес, тікелей өндіріске жақын жасау үшін Қазақстан Респу- бликасы ҒА-ның Топырақтану институты Ақмола қаласындағы өзінің бөлімшесінде сортаң жерді игеру жөнінде кезінде ғылыми- əдістемелік зертхана ұйымдастырған. Бұл жұмыстардың іске асуы- на Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты да көмек тигізген болатын. Өкінішке орай, сортаң жерлерді игеру жұмыстары соңғы жылдары тоқталып қалды.

  1. Осы жоғарыда айтылған сортаң жерлерді игерудің

практикалық-өндірістік бағыттарымен қатар ҚРҰҒА-ның Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институты сортаң жерлердің пайда болуын, оны мелиорациялаудың теориялық мəселелерін де зерттеуде.
Жалпы сортаң жерлерді игеру ісі ғылыми негізделген əдісті мұқият сақтықпен қолдануды қажет етеді. Ал біздің республи- када, əсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сортаңды игеру қайырмалы соқамен сортаң қабатын жер бетіне шығарып жырту деп ұғып, бұрын шабындық немесе жайылым болған ал- каптар қазір жарамсыз қалғанын да жасыра алмаймыз. Негізінен сортаң жерлерді тек малазықтық шөптер егуге пайдалану қажет. Ал сортаң жерлердің жалпылама жыртуға жарамсыз екенін ұмытпаған жөн.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет