ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ЖƏНЕ ОНЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Топырақтағы органикалық заттардың көздері
Топырақтың қатты фазасының біршама бөлігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер майда жəндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар қалдырады. Негізгісі – органикалық қалдықтар. Өсімдіктердің өсуіне жағдайсыз шөл мен тундра аймақтарында өсімдіктер қалдығы гектарына жыл сайын 5-10 центнер болса, жеткілікті ылғалданған дала аймақтарында он- дай қалдықтар мөлшері 100-150, ал күні аса жылы жəне ылғалы да мол тропикті ормандарда олардың мөлшерлері гектарына 250 цент- нерге жетеді. Бұл қалдықтардың құрамында май, смола, балауса, клетчатка, көміртегі, сутегі, лигниндер, белокты, азотты заттар, со- нымен қатар көптеген күлді элементтер болады. Топыраққа жылма- жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жəндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, микроорганизмдер- дін əсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырай- ды. Екіншіден, осы организмдер қалдықтары микробтардың əрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат – топырақ қарашірінді – гумус (немесе қарашірік) пайда болады.
Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералдан- са, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа күрделі түріне, биохимиялық синтез арқылы қара шіріндіге (гуму- ске) айналады. Минералдану мен гуминдену процесін микроорга- низмдер жүргізеді.
Қара шірінді заттарының түзілуіне көптеген зерттеушілер көніл бөлген. Оларға химиялық талдау жасап, мəліметтер жинап, түзілу жолдарын анықтай бастады. Бұл жөнінде ең алғаш көзқарастарын білдірген М. В.Ломаносов, П. А.Костычев, С. П. Кравков, А. Г. Тру- сов, т.б. болды.
Гумификация құбылысын зерттеген белгілі ғалым – Л. Н. Алек- сандрова. Оның жасаған сызбанұсқасына қарағанда, гумус орга- никалық қалдықтардың ыдырауы, микробиологиялық синтез, гумификация, топырақтың минералды бөлігімен көбеюі, минерали- зация процесі жəне минералдық құрамдас бөліктерінің биологиялық айналымға қосылуы арқылы түзіледі. Л. Н. Александрова бойын- ша, гумификация – органикалық қалдықтардың түзілуі арқасында жоғары молекулярлық қосылыстардың күрделі биофизикалық- химиялық құбылыстар арқылы органикалық құрамдардың ерек- ше класы – қара шіріндіні түзуі. Бұл процестің белсенділігі топыраққа түскен өсімдік қалдықтарының мөлшері, химиялық құрамы, топырақтың ылғалы, ауа режимдері, ортаның реакциясы, биологиялық белсенділігі сияқты факторларға байланысты жүреді. Л. Н. Александрова топырақтағы органикалық қалдықтардың гу- мификациялану типтерін – фульватты гуматты, фульватты-гуматты көрсетті.
Белгілі ғалым Д.С. Орлов (1977) осы түсініктерге гуми- фикацияланудың тереңдігі деген ұғым енгізіп,
Н=f(Qіt)
өрнегін құрды.
Q – жыл сайын топыраққа түсетін өсімдіктер қалдықтарының мөлшері, і-олардың ыдырауының тездігі, t-топырақтың биоло- гиялық белсенділігінің уақыты. Бұл көрсеткішпен əр түрге то- пырақтардағы гумификация процесінің сипаттамасын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |