Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


-мәтін Сіз күніне неше рет әлеуметтік желіңізді тексересіз?



бет20/31
Дата18.03.2024
өлшемі439 Kb.
#495883
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ

2-мәтін
Сіз күніне неше рет әлеуметтік желіңізді тексересіз?
Әлем күннен-күнге қадамын алшақ басып дамуда. Бүгінде, қай қызмет саласы болмасын, жаңа технологиялармен, демек ғаламтормен байланысты. Қазіргі заман, желіге байланып келген құлдың емес, желіге желімденген қоғамның кезеңіне айналғандай.
Ғаламтордың жағымды тұстары да жоқ емес. Біріншіден, әлеуметтік желі арқылы танысып, табысып, тату-тәтті отбасы құрғандар да бар. Екіншіден, виртуалды әлем-қиындықсыз өмір, себебі адамдар тағамдарға да , киімдерге де, қажеттінің бәріне үйінен шықпай-ақ, тетіктерді басу арқылы қол жеткізеді. Үшіншіден, бұл -табыс көзі, өйткені ғаламтордағы түрлі әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы өз кәсібіңді жүргізуге болады.
Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние...» - дегендей, ғаламат ғаламтордың да қасіреті жоқ емес. Өрмекші торынан оратылып шыға алмағандар: көз, құлақ , бас, жүйке, омыртқа, сүйек, дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы, жеке бас тазалығына мән бермеу секілді өзге де ауруларға шалдығып жатыр.
Сондықтан, әр нәрсенің тек жақсылығын алып, жамандығынан жиренуді әдетке айналдырайық, сонда ғана балаларымыз саналы, аналарымыз уайымсыз болмақ.


Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні
Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі

Байтақ Қазақстанның əрбір облысында түрлі ұлттардың мəдени орталықтары ашылған. Олардың міндеттері өз ұлтының тілін, мəдениет, тарихын, əдебиетін, кейінгі жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтіру. Біздің қоғам Қазақстандағы Ахыска түріктерінің диоспорасы болып табылады. Бүгінде Қазақстан əлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшінде келе жатыр.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған əртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жастар еді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты.
Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақсы жұмыс істеуге, отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді.
Қазақстан – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатқа жұмылып өмір сүріп келе жатқандығы еліміздің дана саясатының нəтижесі болса керек. https://massaget.kz/blogs/21216/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет