Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр – Сұлтан, 2019 мазмұНЫ



бет5/20
Дата18.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#499136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-г-dereksiz.org (1)

Ә мәтіні
Осы кезге дейін театр залын толтыруды ғана мақсат етсек, енді залды немен толтырғанымызға да қарайтын уақыт жеткен сияқты. Ел мінінің түзеуші саналатын театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде? Театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішімізге найзағай түскендей күй кешетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың орынсыз күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Мәдениетсіздігі мен талғамсыздығын қоғамда орын алған демократияға теліп, қолына ілінгенін киетін көрермендеріміздің көбейіп кеткені қынжылтады.
Спектакльдің соңында артистер көрермен алдына иіліп, алғыс білдіруге шыққанда, барлығы ысқырып, шыңғырып, театрды басына көтереді. Бір жаманы – олар спектакль жақсы шықса да, жаман шықса да солай істейді. Бұл құбылысты бұрын байқамайтын едім. Бір жылы өзбекстандық Əлімжан Салимов деген режиссер біздің театрмен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп, ағымдағы спектакльдерді күн сайын тамашалады. Кетерінде: «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін, кез келген спектакльдеріңді қошаметтей береді екен» деді. Сонда мен: «Жоқ, біз жақсы ойнағандықтан қолпаштайды» деп мойындамадым. Кейін зерделеп-зерттеп қарасам, ол кісінің пікірімен келісуге болады

10

екен. Бұл құбылыстардың барлығы – көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігінен шығар… Осы орайда жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен сен де түзел!..» дейтіндей боп тұрады.


Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

[10]
Ана тілін жетілдірудің бірден-бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі. Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз, аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, аз бөлігі қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.

Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі. 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы «өте жақсы» және «жақсы» деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы «отбасында, достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу» депті.

  1. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.


________________________________________________________________________________


_______________________________________________________________________________
[2]
  1. Мәтін қандай жанрда жазылған?


________________________________________________________________________________


_____________________________________________________________________________
[2]
  1. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз.



________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
[2]

  1. Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.


________________________________________________________________________________


_____________________________________________________________________________
[1]
  1. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.


  1. Кіріспе__________________________________________________________________


  1. Негізгі бөлім______________________________________________________________


  1. Қорытынды_____________________________________________________________


[3]


11



Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.

[10]
1-бөлім. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті


  1. Алаш пен ағылшынды салыстырар болсақ, екеуіне де ортақ тағылым – ұлт дамуында тілдің маңызды рөлін түсінуі деп білеміз. Қазірде жаһан жұрты ағылшын тілін үйренуге неліктен үйірсек? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.



  1. Сіздің мектебіңізде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш рухы және ұлт тілі» атты апталық болып өтті. Мектеп газетіне осы апталықтың қалай өткізілгені туралы мақала жазыңыз.



2-бөлім. Əлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті

  1. Əлемде балет өнеріне тыйым салған мемлекеттер бар. Балеттің денсаулыққа зияны туралы да естіп жатамыз. Қалай ойлайсыз, балет өнеріне тыйым салу керек пе? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.



  1. Қазақ өнерін және мәдениетін насихаттап, жергілікті газет бетіне жастарға арнап «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» деген тақырыпта мақала жазыңыз.



________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

12





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет