Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр – Сұлтан, 2019 мазмұНЫ



бет3/20
Дата18.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#499136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-г-dereksiz.org (1)

40 минут


30

8



«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тіл және алаш идеясы», «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма
  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.



  1. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.



[10]
А мәтіні

«Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын». Дағыстан ақыны Расул Ғамзатовтың бұл сөзі ғасырлар өтсе де, өзіндік мәнін жоймақ емес. Расында тілі жоқ халықтың тауқыметін адамның басына бермесін. Өлі тілдерді оқу және зерттеу орталығының директоры Майкл Краусс әлемде 600 ғана тілдің қалатынын айтады. Басқаны былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрдымға кеткен тілдер өте көп. Аты ғана мемлекет. Халқы орысша сөйлейді, өйткені бір тілдің басымдығы екіншісін жоқ етеді. КСРО тұсында Мәскеудің қызыл саясаты арқылы «Бір тіл - бір ұлт» идеологиясы жүргізілді. Соның салдарынан Кеңес Одағында тұратын халықтың барлығы да орыс тілінде сөйледі.


Осы орайда, америкалық тілші-ғалым Майкл Краустың жойылу қаупі төнген тілдерді жіктеуіне тоқталайық:
Біріншісі – қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі – қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі – аса қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндердің – жасы елуден асқандар.
Төртіншісі – өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар ғана сөйлейді.
Бесіншісі – жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.

Бұдан шығатын қорытынды не? Ортасы жоқ тіл – өлі тіл. Ал тіл өлі болмас үшін талпыныс керек. Мейлі үш тілді бол, бірақ негізгі мемлекет құраушы ұлттың тілі өзінің басымдығын көрсетіп тұруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет