Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр – Сұлтан, 2019 мазмұНЫ



бет4/20
Дата18.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#499136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-г-dereksiz.org (1)

Ә мәтіні
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздарған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор. Ұлттық құндылықтардың ішінде өзекті саналатын тіл мәселесі қашан да маңызды болып қала беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Əсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тіліміздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан, көсемсөз жазып, дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде былай дейді:
  • ...Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әртүрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай,


9



қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Бізді төсекте дөңбекшітіп, ұйқымызды бөлетін нәрсе – осы. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себепкер болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын деген жандар әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпастың қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек...». Бұл сөзден соң өзіңіз, жас ұрпақ, ой түйе беріңіз!
А мәтіні
«Ұлытаудың» Еуропадағы сапарлары – қазақ эстрадасының дамуындағы жаңа кезеңнің көрінісі. Олар қазақ эстрадасының әлемдік музыка саласындағы алғашқы қарлығаштары деуге болады. Қазір бізге үлкен жол ашылған. Мұндай іссапарлар жиі ұйымдастырылып тұрса, шетелдіктер қазақ өнері мен мәдениеті туралы көбірек хабардар бола түседі. Қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауда үкімет тарапынан шет елдерде ұйымдастырылып жатқан апталықтар мен айлықтар жеткіліксіз. Оған іскерлік мақсатпен сырт елдерге жиі сапарға шығатын барлық азаматтар атсалысуы керек. Егер олар әрдайым өздерімен бірге өнер шеберлерінің аудио және бейне күйтабақтарын ала кетіп, әріптестеріне кәде ретінде ұсынып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ өнері мен мәдениетін шетелге насихаттау, қайта жаңғырту мақсатындағы ауқымды бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы жолға қойылған. Дәстүрлі және классикалық музыка бағыты бойынша шығармашылық ұжымдар гастрольдік сапарға шығуда. Театр өнерінің жетістіктерін арттыру үшін «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық операларын Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Грузия мен өзге де мемлекеттерде қою жоспарланып отыр. «I am a singer Қазақстан» халықаралық тележобасының екінші маусымы жүргізілуде. Астана, Алматы қалаларында дәстүрлі түрде әлемнің 15 елінің қатысуымен «Астана дауысы», «Star of Asia» атты музыкалық фестивальдері ұйымдастырылады. Кино өнері саласындағы айтулы оқиға ретінде 71-Канн фестивалінде қазақстандық павильонның ашылуын айта кетуге болады. 2018 жылдың басынан бері қазақстандық 18 фильм 14 халықаралық кинофестивальге қатысты. 11 жүлдеге қол жеткізілді. Осылайша, қазақ өнері мен мәдениетінің әлемдік сахнаға шығуына жол ашылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет