Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр – Сұлтан, 2019 мазмұНЫ



бет6/6
Дата31.10.2019
өлшемі0.96 Mb.
#447351
1   2   3   4   5   6
ОШ СОЧ Казахский язык ОГН 10 класс каз


28


1-3

10.3.6.1

әртүрлі

тақырып бойынша

көркемдегіш

Жазбаша

Оқушылар

ұсынылған

3

25

10




құралдардыұтымдықолданып,шығармашылық

толық

тақырыптың бірін таңдап, жазба










жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;

жауапты

жұмысын орындайды.
















10.3.4.1

қажетті

клишелер

мен

лексикалық

қажет

Жазылым

жұмысында

берілген










құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз

ететін

тақырып бойынша эссе, екіжақты










ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі,

сұрақтар

пікір, баяндама тезисін жазады.










аргументативті эссе);










Оқушының жазылым барысында










10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және




жанрлық,




стильдік










стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды




ерекшеліктерді ұстануы, тілдік










қолданып, нұсқаулық жазу;










құралдарды орынды

қолдануы,










10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін




берілген

жанрды талапқа

сай










қолдана білу.













жазуы бағаланады.













Барлығы































40 минут

30

29


«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма», «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.Тілдік жүйе және стиль», «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.




  1. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]
А мәтіні


Отыз екінші қара сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Əуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратамын деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздеу керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп бағаласаң және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. ...Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек...
Үшінші – әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза (ойлау, пікір айту) қылу, екіншісі - берік мұхафаза (сақтау, қорғау) қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде (жағдайында) болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – көптеген ақыл кеселінен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, соған бек сақ бол. Ол халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Ә мәтіні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

  1. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды, дегенмен білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ


30


ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді...


  1. Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды... Ол үшін санамыз ашық болуы шарт. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді:


Біріншіден, ол дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді...
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. ...басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды.
А мәтіні
Тоқсаныншы жылдардан бері «байлар» мен «кедейлер» деп қоғамды екіге бөлетін жаман әдеттен әлі де арыла алмай жүргендейміз. «Ой, олар бай ғой…», «Байлар білгенін істейді екен ғой…», «Байдың баласы …» осылай бағалауды айналамыздан жиі естиміз. Əсіресе, оқыс оқиғаларда тілге тез оралады. Екі көлік соғысып қалса да «байдың баласы болған соң құтылып кетті» деп оп-оңай баға беріп тастаймыз. Таптық заманнан қалыптасқан жаман әдетпен бүгінгі қазақ өз қазағын қалтасына қарай қоғамның жағымсыз кейіпкерлеріне айналғандай. Бәлкім, сіз бай деп жақтырмай отырған азамат, сол байлыққа адал еңбегі, маңдай терімен жеткен болар. Сіз аспанға қарап «өкімет өлтірмейді», «өкімет жұмыс тауып беруі керек» деп жатқанда ол арба айдап, базарда етік тігіп, сауда жасап, тиынға тиын құрап, қаржы жинап, келе-келе дүкен, сауда орталығын ашқан болар. Сіз осы жағын ойланып көрдіңіз бе?
«Қалталы» деген азаматтардың бірқатары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайтыны тағы бар ғой. «Бергеніңді ұмыт…», «Жасаған жақсылығыңды міндет қылма» дегенді ұстанатындары аз емес. Олай болса, қалтасындағы бақырына байлықты «шақыра» білгені үшін ол кінәлі ме? Тиыннан тиын құрағаны ақылдылығы емес пе? Ал сізде сондай ақыл бар ма? Түсінгенге тірліктің көзін таба білу де бір өнер.
Жалпы бүгінгі «бай» дегеніміз кім? Бай адам қандай болу керек? Осы жағын да ойлау артық болмас. Өзін кедеймін дейтіндердің ойынша бүгінгі байлардың «уайымы жоқ». Ал Сіздегі сол уайымды кім жіберді? Дәл осы ретте бізге Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтсақ, «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» дей алу жетіспей жатқандай. Бұлай деу үшін біз өзімізді өзіміз тани білуіміз керек. «Өзін-өзі тәрбиелей алған ең ақылды адам» деуші еді ғой ғұламалар. Олай болса ақылды болуға тырысайық.
Ә мәтіні
Қазақстанда бай мен кедей арақатынасы 22:1 қатынасындай екен. Яғни халқымыздың ең бай 10 пайызын ең кедей 10 пайызға бөлгенде 21 есе айырмашылық шығады екен. Біз қанша бай мемлекет болсақ та, егер осы айырмашылық үлкен болса, дамыған ел қатарына қосыла алмаймыз. Осы алшақтықтың бірқатар себептері бар.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйе байлардың байи, кедейлердің кедейлене түсуіне «жағдай жасап» отыр. Еліміздің үлкен қалаларындағы тұрғын үй құны өте қымбат, оған жағдайы төмен отбасы ешқашан қол жеткізе алмайды. Жаңа салып жатқан үйлерді көбіне бақуатты адамдар сатып алады. Кейбіреулері ескі пәтерін сатуға асықпай, оны жалға беру арқылы ақша табуда.

31


Бізде ақшасы жоқ, бірақ идеясы бар адамның кәсіпкерлік айналысып, үлкен компания ашуына мүмкіндік аз. АҚШ-та белгілі бір идеясы бар адам жақсы инвесторлар тауып, акционерлік қоғам құру арқылы қалтасында ақшасы жоқ болса да, еңбектеніп әлемнің ең бай адамдарының қатарына ене алады. Стив Джобс пен Билл Гейтс осыған үздік мысал. Ал бізде бастаманы қолдайтын инвесторлар жоқтың қасы. Оған қоса, кәсіпкерлерді қолдауға арналған банк несиелерінің пайыздары да өте жоғары. Ал өзің тиын-тебен жинап, бір кәсіп бастайын десең, техника да, офис те, ғимарат та өте қымбат. Сатып алудан бөлек, олардың жалға алу құны да бастаушы кәсіпкерге қолжетімсіз.
Бай мен кедейге бірдей салық салынуы. Дамыған елдердің көбінде прогрессивтік табыс салығы енгізілген және ол бойынша неғұрлым көп табысқа қол жеткізетіндер табысының 40, 50 немесе тіпті 70 пайызына дейін мемлекетке өткізеді. Прогрессивтік табыс салығы біздің елде 2011 жылы енгізілді, алайда оның көлемі дамыған елдердікіне жетпейді. Осы секілді факторлар әсерінен, Қазақстанда бай мен кедей арасындағы айырмашылық өте үлкен деңгейде сақталып келеді. (245 сөз)
А мәтіні
Сәулет өнері мен дизайнда Еуропаға мұсылмандардан енген жаңалықтар
Бүгінгі күні сырты абажурмен қапталмаған шам жоқтың қасы. Абажур жасау өндірісі осыдан 500 жыл бұрын Османлы империясында жолға қойылған. Мұсылмандар жарыққа ұмтылған жәндіктердің ашық отқа күйіп өлмесі үшін мешіттердегі шамдардың үстін керамикалық және шыны ыдыстармен жауып қоятын. Дінімізде тірі жандыны, ол тіпті жәндік болса да отпен өлтіруге тыйым салынған еді. Еуропаға шамды сыртынан қоршап тұратын абажурлар 200 жылдан кейін ғана енді. Алғаш Францияда көшедегі шамдарды жаңбыр мен желден қоршау үшін қолданылды.
Ислам елдерімен тығыз байланысты өнер туындыларының бірі – кілемдер. Кілем тоқу б.д.д. оңтүстік Каспийдің көшпелі тайпалары арасында пайда болған. Ең ескі кілем үлгісі (V ғасырда тоқылған) Алтай өңірінен табылды. Еуропаға кілемдер ХІ ғасырда крестшілер арқылы келді. Олардың қымбат әрі сирек болғаны сонша, еуропалықтар кілемді жерге төсеуге қимай, қабырғаларды сәндеген. Ал, еуропалық кілем тоқу өндірісі Францияда басталды. XVII ғасырда патша IV Генрихтің бұйрығымен түрік кілемдерінің үлгісімен кілем тоқитын зауыт ашылды.
Биік үйлер қазіргі заманның жетістігі болып саналады. Бірақ мұсылман сәулетшілері ерекше технология қолдану арқылы тігінен құрылыс салу ғылымын 1000 жыл бұрын игерген. Йеменнің Хадрамут ауданында қыш тастан салынған әлемдегі ең ескі биік үйлері бар Шибам деген ерекше қала орналасқан. Йеменде биік үйлер IX ғасырларда салына бастайды, дегенмен ғимаратты салу технологиясы сол кезеңнен әлі күнге көп өзгере қоймаған. Биіктігі 30 метрге жететін зәулім ғимараттар күйдірілмеген қыш кірпіштен тұрғызылған. Кірпіш саз балшыққа туралған қамысты араластыру арқылы жасалады, басқа ешбір қосынды жоқ. Бұл ғимараттардың мықтылығы мен беріктігі құрылыс барысындағы кішкене ғана қулығында – қабырғалардың қалыңдығы биіктеген сайын жұқара береді. Мысалы, ең жоғары қабатындағы қабырғалардың қалыңдығы ең төменде орналасқан қабырғалардан бес есе жұқа.
Ә мәтіні
Астанадағы халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша ойларын ортаға салып, ұтымшы шешім қарастырды. Тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған «Sredalab» командасы жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығымен ерекше жобасын таныстырды. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға

32


немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады. Ал «Nurcelona» командасы қаладағы көлік тұрақтары үшін AirBnB баламасын жасауды ұсынды.
Astana Innovations басқарма төрағасы Олжас Сартаев жас сәулетшілердің өз идеяларын «ақылды» аудан жобасы аясында іске асыруға мүмкіндіктері болатынын айтты. «Ол «Жастар» шағын ауданында. Бүгінде онда осы үш бағыт бойынша бірнеше технология енгізілген. Жұмыстар жалғасуда. Жылыжай кешендері туралы айтсақ. Оларды іске асыру үшін үш-төрт ай уақыт керек. Біз өз тарапымыздан бағалап, биыл ең болмаса бір жылыжайды шағын ауданға шығаруға тырысамыз. Көлік тұрақтары бойынша жобаларға қатысты. Оны Жастар шағын ауданында басымдықпен іске асырамыз. Бірақ біз бұл ауданмен ғана шектеліп қалмаймыз», — деді О. Сартаев. 2018 жылы сәуір айында Байқоңыр ауданының А. Бараев, А. Кравцов, Ж. Тәшенов және Т. Хусейн көшелерінің қиылысындағы «Жастар» шағын ауданында орналасатын «ақылды» аудан жобасы таныстырылды. Жоба 60 млн теңге жеке инвестициялар тартты. Инвестициялар «ақылды» есептеуіштерді орнатуға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларды, сонымен қатар фин компаниясының жылуды автоматты реттеуішін қоюға жұмсалды.

Оқылым

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырмалы талдау жасаңыз.
[10]
А мәтіні

Тоғызыншы сыныпта оқитын Əлихан бұл құрылғыны жасау үшін бір ай уақыт

жұмсаған. Ол өз жаңалығын мектеп қабырғасындағы STEM лабораторияда жасап шыққан.

Ол ойлап тапқан таяқ көзі көрмейтін жандар үшін таптырмайтын құрал болмақ.


STEM-лабораториясы Қазақстандағы мектептер мен арнайы білім беретін мекемелердің жанында жаңа робототехнология негізінде балаларға білім беруде. Əлихан жасап шығарған таяқ – STEM-лабораториясының мақтауға тұрарлық көрсеткіші.
Өнертапқыш Əлихан жасаған робот таяқ датчиктер мен динамика арқылы жұмыс істейді. Таяқты қолданушы, жолында кездескен 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы біледі. Сонымен бірге, электронды құрылғы адамның айналасындағы бөгетті 90 градуста көрсетеді. «Таяқтағы датчик, жолдағы бөгетті көргенде дереу дыбыс береді. Таяқтың ұшына динамика арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қала ортасындағы шулы аймақтарда да анық естілетін болады. Таяқ ұзақ мерзімді батарея арқылы қуатталады. Қолданушы оны үй жағдайында қуаттап алады. Толық қуатталған кезде, қуат көзі бір аптаға жетеді», — дейді оқушы.
Қазақстандық үлгіде алғаш рет жасалып отырған сиқырлы таяқ, келешекте барша қажеттілік танытып отырған жандардың қолында болуы тиіс, себебі шетелдің қымбат құрылғыларына қарағанда Əлихан жасаған таяқ қолжетімді. Əлихан өзі ойлап тапқан ақылды таяқты патенттеп, арнайы түрде сатылымға шығармақшы. Егер көпшіліктен қолдау тауып, жоба алға жылжитын болса, таяқты құрастыратын және қызмет көрсететін орындарды ашу да ойда бар.
Ә мәтіні

Робототехника бойынша жазғы мектепке шақырамыз!
Жаздың соңғы күндерін қызықты өткізіңіз, сабақтан тыс кезде Сіздер қызығушылық танытатын салалар бойынша өздеріңізге арналған жаңа мүмкіндіктерді ашып, робототехника әлемінен сабақ алыңыз.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «КазРоботикс» Қазақстандық білім және спорттық робототехника федерациясымен бірлесе 2018 жылдың 22-24 тамыз аралығында робототехника бойынша жазғы мектеп ұйымдастырады.

33


Жазғы мектеп робототехника мұғалімдері үшін IT-технологиялар саласындағы перспективалық бағытты дамыту, мұғалім қызметін сапалы ұйымдастыру және робототехникалық іс-шараларда жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.
Барлық келушілер 2018 жылғы 20 тамызға дейін онлайн режимінде тіркелуі тиіс:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_RuH2bs7gELBaD knXx2hdGr3y3nbpqx2FwyAWMMLfitW3g/viewform, өзіңізбен бірге Лего немесе Ардуино білім беру құралын алып келіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша жазғы мектептің жетекшісі мен тренерге хабарласуыңыз сұралады:
Гончаров Александр Сергеевич, Казроботикс вице-президенті (ұялы тел.: 87078924589, 87052883301).
Абдиров Раушанбек Тулгабекович, робототехника тренері, Ақтөбе облысы БАИ кафедрасының аға оқытушысы (тел.: 8-701-782-57-82).
Өткізілу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы (Тургенов көшесі,86), Робокабинет

Екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы



А мәтіні

Ə мәтіні


Жанры

Көзделген аудиториясы

(кімдерге арналғандығы)



Мақсаты


Мазмұны

Стилі



Тілі

(морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі;

мәтіндегі сөздер, тіркестер және сөйлемдердің қолданылу мақсаты)



34


Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.

[10]
5-бөлім. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма


Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль

Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке мемлекет кінәлі ме, әлде адамның өзі ме? Сіздің

пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
7-бөлім. Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер
Сіз жас сәулетші ретінде кәсіби тәжірибе алмасу мен заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысып, баяндама жасадыңыз. Көпшілік алдында тиімді сөйлеуге дайындық жолдарын көрсетіп, нұсқаулық жазыңыз.

35


Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі


Балл

Грамматика

мен

лексиканы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап




дұрыс қолдануы













беру қабілеті













5

Диалог

кезінде

грамматикалық

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.







және лексикалық

құрылымдардың




Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі




қолдануаяларын

өтежақсы




орынды.



















түсінеді.
















Талқылау кезінде өз ойын жетік




Сөз саптауы дұрыс, анда-санда




жеткізе алады.













мардымсыз қателерді жібереді.

























4

Диалог

кезінде

грамматикалық

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.







және лексикалық

құрылымдардың




Күтпеген




сұрақтарға

жауабын




қолдану аяларын жақсы түсінеді.




ойланып әрі орынды жеткізеді.







Сөз саптауы дұрыс, анда-санда




Талқылау кезінде өз ойын жақсы




қателер жібереді.













жеткізе алады, бірақ кей уақытта

























сырттау қолдауды қажет етеді.




3

Диалог

кезінде

грамматикалық

3

Тақырыптың

негізгі

тараптарын




және

лексикалық

құрылымдарды




түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды




қолдану аяларын орташа түсінеді.




талдауда едәуір қиналады.







Сөз саптауы дұрыс, қателері




Күтпеген




сұрақтарға

қиналып




байқалғанмен,

түсініспеушілік




қалады.



















тудырмайды.
















Талқылау

кезінде

қолдауды

қажет

























етеді,

жауаптарын

алдын-ала

























дайындап келгендей көрінеді.




2

Диалог

кезінде

грамматикалық

2

Тақырыпты түсінуде қиналады.







және

лексикалық

құрылымдарды




Күтпеген




сұрақтарға

қиналып




қолдану аяларын аздап түсінеді.




қалады, тақырыпты ашуды дамыта




Сөз

саптауы

нақты

емес,




алмайды.



















түсініспеушілік тудырады.







Талқылау

кезінде

қолдаусыз

өзін

























көрсете алмайды.










1

Диалог

кезінде

грамматикалық

1

Тақырыпты

түсінуде




қатты




және

лексикалық

құрылымдарды




қиналады.



















қолдану аяларын өте аз түсінеді.




Күтпеген




сұрақтарға

қиналып




Түсініспеушілік




тудыратын




қалады, тіпті жауап бере алмайды.




қайталанып

келетін

қателер

жиі




Талқылауға аз қатысады.










кездеседі.

































36


Оқылымға арналған балл қою кестесі

Балл Сипаттама
9-10 - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді.


  • Өте ауқымды сөздік қор және көркем тіл құралдарын орынды және сенімді қолданады.

7-8 - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын,

стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды; нақты

тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді.

- Ауқымды сөздік қорды және көркем тіл құралдарын орынды қолданады.
5-6 - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын,

стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп

талдайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі кейбір жауап
нұсқаларын қамтиды.

- Қанағаттанарлық сөздік қорды және көркем тіл құралдарын жалпы орынды

қолданады
3-4 - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын,

стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс

жасайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі шектеулі жауап

нұсқаларын қамтиды.

- Шектеулі сөздік қорды және көркем тіл құралдарын орынсыз қолданады.
1-2 - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын,

стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді; нақты

тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі өте шектеулі жауап нұсқаларын

қамтиды.


- Өте шектеулі сөздік қорды қолданады.


  1. - Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі жауап нұсқаларын қамтымайды.

- Өте нашар сөздік қорды қолданады.


37


Жазылымға арналған балл қою кестесі



Балл

Сипаттама

9-10

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны




толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.




Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.




Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы




қолданған.




Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.




Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

7-8

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта




біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.




Құрылымы сәйкес және сақталған.




Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.




Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.




Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

5-6

Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны




сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.




Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген,




құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.




Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті




деңгейде.




Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.




Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,




пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.

3-4

Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.




Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен




карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап




жеткізеді.




Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері




қанағаттанарлық деңгейде.




Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.




Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,




пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.

1-2

Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес,




формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді,




өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.




Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.




Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу




жазбаларына сәйкес.




Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш




пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)




мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




  1. Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес. Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің


ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.




38

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар


Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым


– айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

39


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (4-тоқсан)


*Тапсыр




Қамтылатын мақсаттар




Тапсырма

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау

Балл

ма







лар түрлері

уақыты, мин

























1-4

10.1.3.3

тыңдалған мәтіндегі

ақпаратты

Толық

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға

Тыңдалым мен

10




ғаламдық

мәселелермен

байланыстыра

жауапты

200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты

айтылым







білу, астарлы ойды анықтау;







қажет ететін

мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды.

сабақтан тыс,







10.1.2.1

мамандандырылған

тар аядағы

сұрақтар

Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің

қосымша







арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты




мазмұнын түсінеді.

уақытта







аудиторияға

арналған терминдер

мен




Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда

өткізіледі (әр







ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;




көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан

білім алушыға







10.1.6.1

коммуникативтік

жағдаятқа

сай




қояды, көтерілген мәселені талдайды, негізгі

3-5 минут







көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін




ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы

беріледі).







сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.










тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға































жеке-жеке қойылады.

























1

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми

Толық

Екі сурет ұсынылады. Берілген суреттердің

15

10




іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі

жауапты

бірін таңдап, ондағы көтерілген мәселеге










сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің

қажет ететін

қатысты ойын білдіреді. Өз ойын суретпен










тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес

сұрақтар

байланыстыра жазады.










қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін




Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші,










салыстыра талдау;













ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді










10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау,




қолдануы, сөйлемдер стильдік жағынан дұрыс










көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер




құрылуы және көркемдегіш құралдарды










мен пікірлерді өңдей білу;













орынды қолдануы бағаланады.










10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-
















көпшілік деректерді ала білу, сілтеме
















жасау жолдарын білу.






















40


1-4

10.3.2.1

ғылыми-көпшілік

стильдің

Жазбаша

Оқушылар

ұсынылған 4

тақырыптың бірін

25

10




жанрлық

және

стильдік ерекшеліктеріне

толық

таңдап, жазба жұмысын орындайды.










сай тілдік құралдарды орынды қолданып,

жауапты

Жазылым

жұмысында

берілген тақырып










мақала жазу;







қажет ететін

бойынша мақала немесе берілген жағдаят










10.3.6.1

әртүрлітақырып

бойынша

сұрақтар

бойынша баяндама тезисін немесе газетке хат,










көркемдегіш

құралдарды

ұтымды




көпшілік алдында сөйлейтін сөзін жазады.










қолданып,

шығармашылық

жұмыстар




Оқушының жазылым барысында жанрлық,










(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;




стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік










10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде




құралдарды орынды қолдануы, берілген










тыныс белгілерін қолдана білу.







жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.







Барлығы

























40 минут

30

41


«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация», «Сөз мәдениеті және шешендік өнер» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.




  1. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]
А мәтіні


Əлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Əлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Əлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әр мемлекет зардап шегеді, сондықтан олар әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Дегенмен, қанша қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Əлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды.
Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде, сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет атсалысуы керек. Өкінішке орай, мемлекеттердің көпшілігі өздерінің капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тыйым салу қажеттілігін талап етуде. Əлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау.
Халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Əлемдік саясат акторлары адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді. Əсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тыйым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады.
Ә мәтіні
Əлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешу жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен

42


қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық.
Əлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге шығуы нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алған. Əлемдік саясат әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтауға, саясатқа қатысушы субъектілерді біріктіретін халықаралық орта жасауға бағытталған. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.
Əлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, , зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру және реттеу, жаппай қырып жоятын және ядролық қарулардың таралуына жол бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету.
[10]
А мәтіні
Тіл үйрену бала санасында ұлттық бірегейліктің қалыптасуымен өріле байланыса жүреді. Мысалы, Ж.Пиаже деген психолингвист ғалым: «Баланың санасында 9-12 жас аралығында өзінің ұлттық бірегейлігі қалыптасады» дейді. Ұлттық бірегейлік психологиялық құбылыс ретінде танылған: тұлғаның өзін бір нәрсенің өкілі, мүшесі санау, жақтаушысы ретінде тануы. Мысалы, бала дүниеге келген соң, өзінің кім екені туралы ойлана бастайды. Сөйтіп, 9-12 жасында өзінің қай ұлттың, мәдениеттің өкілі екенін түсінеді екен. Оның соны түсінуіне әсер ететін нәрсе — ең алдымен тілі, ортасы, қоғамы. Мысалы, үйде атасы-әжесі, ата-анасы орыс тілінде сөйлесе, бала өзін орыс ұлтының өкілімін деуі әбден мүмкін.
Ұлттық бірегейлік деген нәрсе ғалымдардың зерттеуінше үш негізден тұрады:

  1. Генетикалық бірегейлік;

  2. Мәдени бірегейлік;

  3. Тілдік бірегейлік.

Мәселен, тұлға өзін қазақ ұлтының өкілімін деп тануы үшін генетикалық жағынан әке-
шешесі қазақ болуы керек. Мәдениет жағынан «Ассалаумағалейкум!» деп қол беріп амандасуы керек, отырысы, жүріс-тұрысы, өзгелермен қарым-қатынасы қазақ мәдениетінде ұстанымдарға сәйкес болу керек. Тілдік бірегейлікке келгенде, қай тілде сөйлесе, сол ұлттың өкілі болады. Осы үшеуінің қайсысы маңызды компонент дегенде ғалымдар мынадай фактілерді келтіреді. Мысалы, шығу тегі, мәдениеті сол ұлтқа тән, бірақ тілі басқа болса, онда мұндай адам өз ұлтымен бірегейлене ме? Кейбіреулер «менің әкем қазақ, шешем қазақ, қазы-қарта жеймін» дейді, бірақ үйде орысша сөйлеседі. Сонда ол адам қазақ ұлтымен бірегейлене ала ма? Толыққанды бірегейлене алмас, бәлкім жартылай бірегейленер. Сөйтіп, ғалымдар мынадай қорытындыға келген: ұлттық бірегейліктің компонентінің ішіндегі ең әмбебабы, ең маңыздысы, тірегі — тілдік бірегейлік. Қай тілде сөйлесең, қай тілде ойласаң, сол тілді жасаған ұлттың өкілі болып саналасың. Бала өз ұлтымен бірегейлену үшін 9-12 жасқа дейін ана тілінде сөйлеу керек.
Ә мәтіні
Жастар арасында сөз кестесін бұрмалау, өзге елдің жаргон сөздерімен сөйлеу күнделікті әдетке айналған. Тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері де бар. Қазіргі жастардың күнделікті қалыптасып қалған тіл мәдениетінен мысал

43


келтіре

кетейік,

бұрынғы

«ата»

деп

сәлем

беретін

жас

бала

атасына «аташка», әкесіне «папаша», анасына «мамуля» деп мойындарына асылады.

Иіліп

сәлем беретін жас келіндер «здрасти» дейтін дәрежеге жетті.

Ана омырауындағы сәбиіне


«Айналайын, құлыншағым» деудің орнына өзге тілдегі «сыночек», «дочка» дейді. Жастар бір-біріне «жарасымды киініп алыпсың», «өзіңе құйып қойғандай» деудің орнына «тема киініп алыпсың» дейді. Бірнәрсеге алаңдап, өзіңді қоярға жер таппай тұрсаң «неге потеря болып жүрсін?» дейді.
Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдығының себептері неде?

Қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесі, қоғамдық беделі үш бағытқа тікелей байланысты,

олар:


  1. Басқару жүйесі, 2. Ғылым-білім саласы, 3. Бұқаралық ақпарат құралдары.

Егер осы үш жүйеде тіл өз деңгейінде дұрыс қолданылмаса, тілдің беделі төмендей береді. Сондай-ақ, жастардың тіл мәдениетінің төмен болу себептеріне тағы да:




  1. Отбасында балалардың сөз әдебіне, тіл мәдениетіне жеткілікті дәрежеде мән берілмеуін;




  1. Айналасындағы достарының дөрекі сөздерді қолданып сөйлесулерін;




  1. Көркем әдебиетті оқуға деген оқушылардың қызуғушылығының бәсеңдігін жатқызуға болады.

Сөз соңында айтарым, жастық шақ – рухани қор жинау кезеңі, бала кезден жастарға білім алып, жақсыдан ғибрат, оны көкейге түюге дағдылану керек. Осының бәрін ескере отырып, жастарымыз сөйлеу мәдениетін сақтап, «сөз арасын бөтен сөзбен былғамай», тілімізді талан-таражға салмаудың амалын қарастыруы тиіс.


Оқылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.


[10]
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жасөспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен

44


ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.


  1. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________



[2]


  1. Берілген кестені толтырыңыз




Пікір










Түсініктеме

«Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше




екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын




ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның




өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен




келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен




деп таң қаласың»










В.В.Радлов













“…Қырғыздар

(қазақтар)

өз




көршілестерінен

ұтымды сөздің

ұрымтал




тұсын

тауып

қолдана

білетін




тапқырлығымен

және

керемет




шешендігімен

ерекшеленеді.

Менің




жинаған

материалдарымқазақтардың




ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты




түсініктер мен мағлұматтар береді деп




ойлаймын”













В.В.Радлов










[2]


  1. Шешендік туа біткен қасиет пе әлде үйренуге болатын өнер ме? Өз пікіріңізді білдіріңіз

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[2]


  1. Жоғарыдағы мәтін ақпараттарына сілтеме жасай отырып, төрт сөйлем құрастырыңыз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[4]

45


Жазылым

Екі бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.


[10]

8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер




  1. Жергілікті журналға «Қазіргі таңда жаһандық мәселеге айналып отырған жастардың түрлі ағымдардың жетегінде кетуінің себебі неде?» деген тақырыпта мақала жазыңыз




  1. Сіз газеттен «Латын әліпбиі жаһандық ықпалдасуға жол ашады» деген тақырыпта мақала оқыдыңыз. Осы мақалаға өз пікіріңізді білдіру үшін газетке хат жазыңыз»

9-бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер




  1. «Кез келген адам шешен бола ала ма? деген сұраққа өз пікіріңізді дәлелдеп аргументтік эссе жазыңыз




  1. Сіздер мектепте қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз


Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі


Балл

Грамматика

мен

лексиканы

Бал

Сұрақты түсіну мен толық жауап




дұрыс қолдануы










л

беру қабілеті













5

Диалог

кезінде

грамматикалық

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.







және лексикалық құрылымдардың




Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі




қолдану

аяларын




өте

жақсы




орынды.



















түсінеді.



















Талқылау кезінде өз ойын жетік




Сөз саптауы дұрыс, анда-санда




жеткізе алады.













мардымсыз қателерді жібереді.






















4

Диалог

кезінде

грамматикалық

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.







және лексикалық құрылымдардың




Күтпеген




сұрақтарға

жауабын




қолдану аяларын жақсы түсінеді.




ойланып әрі орынды жеткізеді.







Сөз саптауы дұрыс, анда-санда




Талқылау кезінде өз ойын жақсы




қателер жібереді.













жеткізе алады, бірақ кей уақытта




























сырттау қолдауды қажет етеді.




3

Диалог

кезінде

грамматикалық

3

Тақырыптың

негізгі

тараптарын




және

лексикалық

құрылымдарды




түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды




қолдану аяларын орташа түсінеді.




талдауда едәуір қиналады.










Сөз саптауы дұрыс, қателері




Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады.




байқалғанмен,

түсініспеушілік




Талқылау

кезінде

қолдауды

қажет




тудырмайды.
















етеді,

жауаптарын

алдын-ала




























дайындап келгендей көрінеді.




2

Диалог

кезінде

грамматикалық

2

Тақырыпты түсінуде қиналады.







және

лексикалық

құрылымдарды




Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады,




қолдану аяларын аздап түсінеді.




тақырыпты ашуды дамыта алмайды.




Сөз

саптауы

нақты

емес,




Талқылау

кезінде

қолдаусыз

өзін




түсініспеушілік тудырады.







көрсете алмайды.










1

Диалог

кезінде

грамматикалық

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.




және

лексикалық

құрылымдарды




Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады,




қолдану аяларын өте аз түсінеді.




тіпті жауап бере алмайды.










Түсініспеушілік




тудыратын




Талқылауға аз қатысады.










қайталанып

келетін

қателер жиі

























кездеседі.




































46


Оқылымға арналған балл қою кестесі




Дескриптор

Балл

1

Шешендік – тамырын тереңге жіберген тіл өнері.

2




Шешендік өнер – баба мұрасы, ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер







күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.




2

1. Қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып,

2




қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер







еткенін жазған.







2. Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір







ерекше қасиетін байқаған, бағалаған, ойын басқа түркі тілдес







халықтармен салыстыра отырып қорытқан.




3

Шешендікті туа біткен қасиет, сонымен қатар үйренуге болатын өнер

2




деуге болады. Туа біткен қасиет дейтініміз қазақтың би-шешендері тіл мен







жақтың арқасында тұтастай бір ұлттың өмірін сақтап қалатын үлкен даулы







мәселелерді тоқтатқан, ал үйренуге болатын өнер деуіміз адам егер шын







талаптанып сөз өнеріне ден қойса, оған да үйренуге болады. Бүгінде түрлі







шешендік курстарының ашылуы – соның бір мысалы.




4

1-сөйлем

4




2-сөйлем







3-сөйлем







4-сөйлем




Барлығы

10









[2]



47

Жазылымға арналған балл қою кестесі



Балл

Сипаттама




Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны




толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.




Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.

9-10

Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы




қолданған.




Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.




Сауаттылықтың деңгейі жоғары.




Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта




біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.

7-8

Құрылымы сәйкес және сақталған.

Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.







Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.




Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.




Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны




сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.




Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген,




құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.

5-6

Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті




деңгейде.




Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.




Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,




пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.




Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.




Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен




карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап




жеткізеді.

3-4

Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері




қанағаттанарлық деңгейде.




Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.




Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,




пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.




Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес,




формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді,




өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.




Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.

1-2

Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу




жазбаларына сәйкес.




Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш




пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)




мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.




  1. Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.




48


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет