Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
*Тапс ыр ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырма түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, минут
|
Ба лл
|
1-5
|
8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
|
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
10
|
5
|
6-8
|
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым- қатынасының тілдік көрінісін талдау
|
Толық жауап ты қажет ететін сұрақ
тар
|
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
10
|
15
|
9
|
8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Берілген тақырыпқа көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
|
20
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?
А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді. В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды. С) Боранды түні Ғалидың қабірінің
басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.
D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда
[1]
айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?
А) Текебай В) Қабылбек С) Момыш
D) Үбиан
[1]
Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз.
А) Темекі тартады, тілінің уы бар,
өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді
С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады
D) Тікмінезді,
бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор
[1]
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз. А) Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.
В)
Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!
С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал, Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы, Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды, Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды. Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды, Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.
[1]
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз. А) Бала мен ананың шарасыздығы
В) Ананың аққуларды атуы
С) Жетімкөлдің аққусыз қалуы
D) Ауру баланың өлімі