Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Жуманова Ә. Б. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Бұзауларды арнайы бекітілген сиырлардың сүтін беріп өсіру



бет8/13
Дата19.05.2022
өлшемі112.79 Kb.
#457923
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
6,12,18 айлық төлдерге арналған шаруашылық

2.Бұзауларды арнайы бекітілген сиырлардың сүтін беріп өсіру үшін бір сиырдың (өніміне байланысты) бауырына 2-4 бұзауды бекітеді. Бұзаулардың өсіп-дамуына қарап, белгілі бір мезгілде, оларды басқа жас төлдермен алмастырады, сөйтіп бұл әдісті – топтап алмастыру тәсілі деп атайды (семенно-групповой). Бұл тәсіл кезінде аналықтың баурына бекітілген 2-4 бұзау сапалы, микробы жоқ, жылы, құнарлы сүтті сиыр емшегінен қабылдап, аурудан аман, жылдам өсіп-дамиды. Бірақ, бұзауларды өсірудің бұл тәсілінің де бірнеше кемшілігі бар. Мысалы, емізгіш-сиырлар, көбінесе күйтке келмей, қысыр қалды. Сол сияқты бұл әдіспен пайдаланған сиырлардың кейбірі машинамен сауғанда сүт бермейді. Сондықтан бұл тәсіл сиырды жыл бойына біркелкі мезгілдерде бұзаулатқанда пайдаланған қолайлы болады. Бұзауларға бекітілетін сиырды жылдың бар мезгілінде де, тек тууына екі ай қалған аралықтан басқа, таңдап, дені сау, жуас, оның ішінде тез үйренетін алғашқы туатын құнажындарды пайдаланады. Ондай малдың жылдық сүті 2000-3000 л кем болмай, емшектері дұрыс дамыған, үрпі жарасыз болуы керек. Бұзауларды мұндай бекітілген сиырларға 5-6 күндік жасынан бастап емізеді. Әр сиырға бекітілген бұзаулар біркелкі, жасы шамалас, салмақ айырмашылығы 8-10 кг-нан аспауы керек. Төлдері бекітетін сиырды таңдап, оған топтағы әр бұзауға шаққанда тәулігіне 3,5-4,5 кг сүттен беретіндей болса, бұзаулардың тез өсіп-дамуын қамтамасыз етеді. Сиырды емуге барлық бекітілген бұзауды бір мезгілде жіберіп, желіннің артқы бөлігінде сүт мол болатындықтан оған әлсіз, кіші төлдерді, ал алдыңғы бөлігінің сүтін емуге ірі, әлді бұзауларды жіберіп үйретеді. Сиырдың бауырынан бұзауларды туғандағы салмағынан үш есе артқанда, яғни әр бұзау 80-100 кг жеткенде, 70-100 күннен кейін айырады. Енесінен айырылған бұзауларды өсу жоспарына құрылған тізбегі бойынша азықтандырада.


1.6.Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас малдарды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері
Негізгі тұқымдық бағытқа арналған бұқалардың көпшілігі ұрықтандыру станциялары мен тұқымдық өндірістердің орталығында тоғысқан болады. Бірақ станцияларға немесе ұрықтандыру пунктіне келген бұқалар, оларды пайдаланбас бұрын 30 тәулік бойына карантинде тұрады. Ол уақытта оларды бруцеллезге, туберкулезге, трихомонозға тағы басқа олардың алынған аймақтарында кәзір немесе бұрын кездескен жұқпалы ауруларға тексеріледі.
Әрбір бұқаны мұқият тексеріп, денінің саулығын, сырт тұлға көрсеткіштері, конституциясы, ұрығының (сперма) мөлшерімен сапасын зерттейді. Бұқалардың жоғарғы сапалы ұрығы болудың негізгі кепілі, олардың жеткілікті және құнарлы әсіресе белок, витамин және минералды заттарға бай азықтармен қамтамасыз ету болып саналады. Рационда витамин А жетіспеген жағдайда ұрықтың түзілуі (сперматогенез) бұзылып, ал витамин Е жетіспесе ұрық жолдарының эпителиялары өзгеріске ұшырап (дегенерацияға), соның нәтижесінде бұқаның ұрығы жоғалады (аспермия).
Бұқаларды таза, құрғақ жарық және жақсы желдетілген қораларда ұстайды. Төсеніш есебінде ағаш үгіндісін, немесе соломаны пайдаланып, немесе төсенішсіз кордорезиналы едендер, немесе жинағыш ағаштан жасалған торлы едендерде ұстайды. Бұқаларды арнайы тұрақтарда байлап, немесе бокстарда (денниктерде) орналастырады. Тұрақтың ұзындығы 2,2 м, ені 1,5 м болып, алдында туған жылы, аты (кличка), тұқымы, шығу тегі және салмағы көрсетілген тақтайша ілініп қойылады. Сақтық үшін барлық бұқаның танауына шығыр өткізіп, таяқ байлап қояды. Бұқаны бір жерден бір жерге ауыстырған кезде болмаса, олардың азықтануына бөгет жасамау үшін шығырды жоғары қаратып мүйізіне байлап қояды.
Бұқаларды күнделікті щетқамен тазалап, денесінің ластанған жерлерін тек қана сумен жуады. Әсіресе олардың жыныс мүшелерінің тазалығын мұқият тексереді. Жаз айларында бұқаларды, арнайы жасалған орындарда (ванналарда) бір жақты, айналмалы бағытты суға түсіреді. Ерекше көңілді олардың тұйяғына аударып, мезгіл-мезгіл тазалап, түзеп отырады.
Бұқалардың қан айналу, жүрек соғу, тыныс алу және ас қорту жұйелерінің жұмыстары жақсарып, артық семіріп кетпей, шағылысу қабілетінің активтілігін арттыру үшін, күнделікті серуендеуін (моцион) қамтамасыз ету қажет. Моцион үшін жаюды, жегуді жеке серуен алаңдарын, айналмалы электірлі жүргізгіштерді пайдаланады. (сурет 6)
Бұқалардың өте жиі аяқтарының аурулары: буыны ісу, сіңірі созылу т.б. кезедседі. Ондай малдар көп уақыт жатып, орнынан тұрмай, тұрса ауырсынып, шағылысқа ынтасы төмендеп, сиырға секіре алмайды. Ұрық сапасы нашарлап, кейде бракқа (жарамсыз) шығарылады. Бұқалардың аяқ ауруларының негізгі себептері олардың организміндегі зат алмасу процесстерінің, әсіресе минералдық, бұзылуы, қозғалыстың аздығы (гиподинамия), дұрыс пайдаланбаудың салдары және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамай, кемшіліктердің жіберілуі болып саналады.
Қозғалыстың ұзақ уақыт шектеліп, жетіспеушілігі бұқа буынының ішіндегі сұйықтың азаюына апарып соғады да (8-10 есе), оның көрегі төмендеп, буын ткандарының физикалық қасиеттерімен қызметтері өзгеріп, нашарлайды.
Көптеген жағдайда бұқаларды тұрғызатын станоктардың дұрыс болмай, аяқ сіңірлерінің созылып, буын шеміршектерінің жарақаттанып қалуы кездеседі. Оған сол сияқты тегіс емес, қатты (бетон) едендердің зиянды әсері тиеді.
Бұқалардың аяқ ауруларының алдын алу - малдарды қалыпты жағдайда күтіп-бағуы, құнарлы азықтармен көректендіру, жас бұқаларды дұрыс өсіріп пайдалану тағы басқа шараладың жиынтығынан тұрады.
Бұқаны шағылысқа қоспас бұрын, физикалық салмақ түсетін аяқ-буындарын қалыпқа келтіріп шынықтыру үшін 15-20 минуттай серуендету қажет. Күнделікті мационның ұзақтығы (азықтандыру алдында) бір сағатқа созылып, 4-5 км жол жүруі керек. Әр шаруашылық жағдайына қарап, малдың жасы, салмағы, мінез-құлқына байланысты әртүрлі серуендету түрлерін қолданады. Ең тиімді, оңай моцион түрі малды, арнайы алаңдарда жүргізіп, тапталған жолдармен айдап, электірлі айналу шеңберімен, жаз мезгілдерінде жер орайына байланысты, жайып серуендету болып саналады.
Бұқаны шағылысқа қосқан кезде, оның аяқтарының асты берік, әсіресе артқы аяғына тірек болатындай болуы керек. Шағылысу кезінде бұқаның аяғы тайып кетіп, жарақаттанып қалмау үшін, станоктың (манеждің) еденіне кедір-бұдырлы резина төсеніш төселеді (қалыңдығы 18-20 мм).
Бұқалардың тұяғының түзу өсуін қадағалап, тазалап, артық өскені болса түзетіп кесіп отырады. Оларды тұрғызып, қолда ұстаған кезде әрбір 3-4 айда бір рет тексеріп, өскен тұяқты тегістейді. Тұяқтың шіріп, босап кетпеуі (мацерация) үшін есік алдына дезинфекциялауға арналған, төсеніш жасалады. Ол үшін ваннаны (шұңқыр) 10 % тотияин ерітіндісін немесе 2 % формалинге шыланған төсенішке толтырып қояды.
Күздің, қыс айларының кезіндегі күн сәулелерінің организмдегі жетіспеушілігін жасанды ультракүлгін шамдарының көмегімен толықтандырады. Ол үшін эритемді шамдарды еденнен 2,5-3 м биіктікте немесе мал белінен 1,0-1,5 м жоғары, екі басқа бір сәулелендіргіштен есептеп, іліп бекітеді.
Азықтандырудың жетіспеушілігі бұқалардың әлсіреп, әтек болуына (импотент) апарып соғады (азықтан болған әтектік). Азық рационында белоктың әсіресе мал белогі және витаминдер тобы А, Д, Е жетіспеуі бұқаның шағылысу қабілетін төмендетіп, әртүрлі (аспермия-ұрықтың жоғалуы, олигоспермия – концентрациясының азаюы, таратоспермия- ауру ұрықтардың пайда болуы) аурулардың тууына апарып соғады. Рациондағы кальцидің, фосфордың, сол сияқты микроэлементтердің, әсіресе иодтың жетіспеушілігі бұқаның ұрығының сұйылуына (олигосперия) апарып соғады.
Климаттан болған имотенция (әтектік) бұқаларда ауа райының шұғыл өзгерісінен – суық, ыстық артық күн соғу т.б. болады. Әтектің мұндай түрін болдырмау үшін бұқаларды қалыпты тұрғызылған қораларда ұстап, тиісті микроклиматты сақтап, күнделікті серуендетіп отыру керек.
Бұқаларды дұрыс пайдаланбай, артық күш түсірсе де, әлсіреп, әтек боп, шағылысқа бармайды. Әр бұқаға бекітілетін сиырдың саны әр қыйлы болып, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне, шағылыс мерзімінің ұзақтығына, күтіп-бағу және азықтандыру шамасына байланысты өзгереді. Үш бес жастық бұқаға жыл ішіндегі табиғи қолдан шағылысу кезінде 60-90, ал жасанды түрмен – 1500-2000 сиырдан бекітіледі. Әр тәулікте 1-2 реттен, 6-8 сағат үзіліспен, шағылысқа қосылуы керек.
Шағылысқа шығатын сиырдың күйтін анықтауға арналған бұқаға 150-200 басқа дейін белгіленеді.
Бұқаларда жүйке әтектігі (нейрогенді импотенция) ұрық алатын вагинаны дұрыс дайындамай (ыстық, суық, су құйып), ұрық алу кезінде үркітіп күйзеліске ұшырату, бөтен адамдардың қатысы, шу шығару т.б. әсерінен туады.
Бұқалардың денсаулығын тұрақты тексеруден өткізіп тұру қажет. Себебі көптеген аурулар жыныс жолдары арқылы тарайды. Ауырған бұқа ұрығымен көптеген аурулардың (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, трихомоноз, вибриоз, микоплазмоз, пустулезді вагинит т.б.) қоздырғыштарын бөліп таратуы мүмкін. Ұрықты қатырып – тоңазытқанда бұл аурулардың қоздырғыштары өлмей, малды ұрықтандырған кезде басқа аналықтарды ауыртып зақымдауы мүмкін.
Мал организмінің төзімділігін төмендететін жайсыз жағдай болғанда бұқалардың ұрығында белгілі бір бактериалардың (көк-ірің таяқшалары, ішек таяқшалары, корине бактериялар т.б.) ұзақ уақытқа сақталып, ауру таратушы болады. Ұрықтағы микроорганизмдер зиянды қалдықтарын бөліп шығарып, сперманың сапасын төмендетеді, ондай ұрық аналықтың жыныс мүшесіне түсіп, ұрықтану процессіне теріс әсер етіп, буаздықтың дұрыс өтуіне зиянын тигізіп, әртүрлі жыныс ауруларының шығуына апарып соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет