Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
1.4.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген (нормотрофиктер), және толық жетілмеген (гипотрофиктер). Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл-қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты жағдайда өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-35 кг (енесінің тірі салмағының 8 %), туғаннаң соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай аналығының желнін тауып, емуі, 3-4 тәулікте кіндігі құрғап және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын негізгі ірі малекулярлы гамма-глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп-дамуы кезінде оның плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады. Мұнымен қоса алғашқы тәуліктерде желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно-глобулиндер түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
Егер ірі малдарының ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін болса, жас туған төлдердің ішіндегі арнайы клеткалар уыздың белоктарын ұстап алып, ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді де сол арқылы жас төлдің өздігінен қорғаныс белоктарын түзілгенге дейін қорын жасайды. Қорғаныс белоктарын өзгеріссіз түрде жас туған төлдердің ішек клеткаларымен ұстап тасымалдауы ұзақ уақытқа созылмайды – 36 сағаттан артық емес, көптеген бұзауларда – 6-12 сағат. Сондықтан жаңа туған бұзауларға бірінші рет ему рефлексі шығуынан соң қолма-қол, денеде қорғаныс белогінің қорын жасау үшін, уызбен қамтамасыз ету қажет. Егер бұзауға уыз беру уақыты 5-9 сағатқа кешеуілдеткен болса, қорғаныс белоктарының организмде тасымалдануының қарқыны -18-50 % төмендейді.
Бұзаулаған сиырдың желнінде уыздың түзілуі 4-7 тәулік аралығында ғана жүреді де, ондағы белоктың қорғаныс активтілігі бұзаулау мезгілінің ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, алғашқы сауылып алынған уыздың құрамындағы қоғаныс белігінің мөлшері, 4-5 сауын уызымен салыстырғанда 60-80 % артық болады. Уыздың қорғаныс қасиеті ондағы қышқылдықтың жоғары болып, бұзаудың қарнындағы шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуіне бөгет болуына да тікелей байланысты болады. Мұнымен қоса уыздың қышқыл ортасының жоғарлылығы және ондағы тұздардың көп болуы ішек қабырғаларының босаңсып, ішін өткізіп оның алғашқы тоңғақтан тазарып және қалыпты жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
Бұзаудың жатыр орнынан шығып, басы көрінгенде оның тілінің үші аузының бір езуінде тұрады және бірінші жұтыну қозғалысының кезінде белгілі мөлшерде микробтар түседі де, 2-3 сағаттан кейін төлдің ішек-қарнында өсе бастайды. Егер бұзау туғаннаң соң алғашқы сағаттарда уыз ембесе, микробтармен бөлінген улы заттар (токсиндар) 6-8 сағаттан кейін қанға түсіп уандырады (токсикоз).
Жас төлдер үшін уыздың рөлі оның организміндегі иммунитеттің түзілуімен ғана шектелмейді. Уызбен бірге жас организмеге көптеген витаминдер мен миниралдық заттар түседі. Мысалы, витамин – А 5-6 есе, витамин Е 6-7 есе, сүт құрамындағымен салыстырғанда, уызда артық болады. Бұзауды алғашқы ауыздандырып, уыз ішкізу, тәулік мезгіліне қарамай туғаннан соң 1,0-1,5 сағаттан кешіктірмеу керек. Туғаннан кейін енесінің бауырында болып уыз емген бұзаудың қанындағы қорғаныс белоктары, қолдан сауып ішкізген төлдердікімен салыстырғанда 2-3 есе көп болған.
Бұзауларды жасанды түрде азықтандырған кезде, таза, дезинфекцияланған шелекке сиырдың туғаннан соң 45-60 мин кейін уызын сауып береді. Сауып алынған уыздың температурасы 37-39 ºС болады да үлкен ыдысқа құйып, соған жалғанған еміздіктер арқылы беріледі. (сурет 5)
Егер уыз суып кеткен болса, оны жылы суы бар ыдысқа салып жылытады, бірақ ыстық суға салып қайнатуға болмайды, онда уыз ұйып қалады. Желінсау сиырдың сүтін бұзауға бермей жояды да сау сиырдың уызын береді. Ал артық қалған сүтті, үнем үшін 1,0-1,5 л шыны ыдыстарға бөліп, құйып тоңазытқышқа қояды да, керегінде ерітіп, 37-39 ºС температураға дейін жылытып ауру малдардан туған бұзауларға береді. Жас туған бұзауға алғашқы күнде азықты 3-4 реттен тәулігіне денесінің салмағынан 4-5 пайыз (немесе әр кг салмаққа 40 мл-ден) есептеп береді. Жасанды түрде көректендіргенде жас төлдерге, әсіресе гипотрофиктерге сүтті артық бермеу қажет. Оларға уызды аз мөлшерде бөліп-бөліп, тәулігіне 5-6 рет беру керек. Кей кездерде ему уықытын азайту үшін еміздіктің тесігін кеңейтіп қояды да, бұзау көптен жұтып, ол сілекейленбей қарынға тығыз түйір болып түседі де, ферменттік әсерге көнбей, толықтай сіңірілмейді. Сондықтан еміздіктің тесігінің диаметірі 2 мм-ден артық болмауы керек.
Бұзаудың ішкен сүті ауыздағы сілекеймен аралас ішке түседі және бұзау неғұрлым жай ішсе, солғұрлым сілекей көп бөлінді. Соның нәтижесінде сүт сілекеймен қосылып, қарында тез қортылатын бос ірімшік түзіледі. Егер бұзау сүтті жылдам ішсе, ол тығыз түйір түзіп қарынға түседі де қыйын қорытылады. Бұзау сүтті тез ішкенде ұлтабарға жетпей, алдыңғы қарынға сүт түседі де, ірі тығыз кесек болып біртіндеп шіріп, бұзаудың ауруына апарып соғады. Ал уыз өңіштен өткен соң қарынмен тақия қарыннан өтіп, ұлтабарға түседі. Егер бұзау енесін емгенде басын көтереді де, өңеш жолы жабылады да, ал басын еңкейтіп, шелектен ішкен кезде ашылады. Бірінші жағдайда сұйық тура ұлтабарға барады да, екіншіде-азықтың бір бөлігі жалбыршақ қарынға түседі. Сондықтан бұзауды азықтандыру кезіңде оның асқазанына шелектен ішіп, төменнен жоғары түскенді, еміздіктен беріп, жоғарыдан төмен түсумен алмастыру қажет.
Жас туған төлдерді әртүрлі аурулардан сақтандыруда өте маңызды роль-ыдыстардың және профилакторияның (сақтандыру орнының) санитарлық жағдайы атқарады. Бұзауды көректендіргеннен соң пайдаланған еміздіктер, шелектер, тағы басқа өлшегіш ыдыстар жылы сумен (40ºС) шайылып, соңынан мына ертінділердің бірі мен жуады: 0,5 % сульфанол, 0,5 % А, Б, В т.б. жуғыш заттардың ертінділері.
Сүт ыдыстарын дезинфекциялау үшін 0,25-0,5 % тұндырылған хлорлы әкі ертіндісін, 0,1 % хлормин, каустикалық сода немесе гипохлорид кальций ертінділерін қолданады. Ыдыстарды ертінділі ыдысқа 3-4 сағат бойына батырып қойып, соңынан таза сумен шайып, жоғары аузын төмен қаратып іліп кептіреді. Сүт ыдыстарын күнделікті дезинфекциялаудан өткізеді. Резиналы ыдыстарды таза сумен шайғаннан соң 1 % хлораминнің ертіндісі мен жуып, қайтара таза сумен шайып кептіреді. Жұмыс аяғында еміздіктерді ыстық су мен стерлейді. Сүт ыдыстары мен еміздіктерді, киімдерден жеке, арнайы шкафтарда сақтайды.
Профилактория (сақтандыру орны) – 4-9 жекелеме желдету және тазалау жүйелері бар бөлімдерден тұрады. Әр бөлменің ішіне бұзаулар тұратын 7-14 жекелеме клеткалар қояды. Әр клеткаға қай нөмірлі сиырдың бұзауы жазылған белгілі тақтайша бекітіледі. Профилакторияға басқа адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді де, кіру есігінің алдында дезинфекциялы төсеніш (дезковрик) болуы керек.
Профилакторияның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында әр бұзау тұратын клетканың енін 45-50 см, ұзынын 0,8-1,0 м еденнен 15-20 см биіктікте қылып ағаш, пластикалы материалдарынан жасайды.
Арнайы жасалған жекелеме клеткаларда (120×45×100 см) ұстау бұзауларға жеке күтім жасау және өндіріс орындарын үнемдеу үшін жасалады. Бірақ, жекелеме, тар клеткаларда бұзауларды ұзақ уақыт 3 ай бойына ұстау, олардың қозғалысын шектеп, резистенттілігін төмендетіп, буындарының ісіп ауруға шалдығып, өсіп-дамуына теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан ондай тар жекелеме жасалған клеткаларда жас төлдерді бір айдан артық ұстауға болмайды. Олардың қозғалыста болып, қалыпты өсіп-дамуы үшін бірнеше басты біріктіріп, топпен ұстауды ұсынады.
Жекелеме орындарды жылыту үшін арнайы жарықты және инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Ол үшін профилакторияда екі біріккен клеткалардың үстіне белгілі биіктікке инфра-қызыл сәулелі шамдар ИКУФ-1, «ЛУЧ» т.б. іліп пайдаланады. Жаңа туған бұзауларды кептіріп, жылыту үшін тасымалды сәулелендіргіштер ИКЗК-220, 250 қолданылады.
Профилакторияның секцияларын әр шаруашылықтың циклограммасына сәйкес 3-4 тәуліктің ішінде толтырып отырған жөн. Секцияда жас туған бұзау 8-10 күн тұрған соң оны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп, профилакторлық үзіліс (5 күнге дейін) жасағаннан кейін жаңадан төлдер қабылданады. Секциялы профилакторияларды пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл оның ауасын, еден, қабырғаларын және клеткаларды дезинфекциялауды жүргізіп, ондағы ауру тудырғыш микроорганизмдерді жою шараларын жасап отырады.
Бұзауларды 10-15 тәуліктік жасынан бастап, профилакториядан жалпы бұзау қораға көшіреді де, олардың алдағы күтіп-бағу және азықтандыру тәсілдері, шаруашылықтың пайдалану технологиясымен бағытына байланысты болады. Кәзіргі кезде бұзауларды өсірудің екі тәсілі: бірінші – қолдан көректендіріп өсіру – сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші көбінесе еттік табындарда қолданылатын енесінің бауырында бөлінбей өсіру. Бұл тәсіл – арнайы емізуге, арналған (бірнеше бұзауларды) сиырларды пайдаланғанда сүттік бағыттағы шаруашылықтарда да қолданылады.