Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Жуманова Ә. Б. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ



бет2/13
Дата19.05.2022
өлшемі112.79 Kb.
#457923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
6,12,18 айлық төлдерге арналған шаруашылық

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Төлдердің сыртқы ортаға биімделуі
Гигиена сыртқы ортаны тек жануарлар организміне оның әсер ету ерекшеліктерін зерттейді. Бұл ретте гигиенаның басты мақсаты жануарлар денсаулығын қорғауға сыртқы орта факторларының маңызын дәлелдеп, организм мен олардың арасындағы қарым-қатынас пен өзара әсерін терең зерттеу. Себебі, жануарлардың тіршілік ету қабілеті үнемі сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Сыртқы орта деп жануарларды қоршаған әрі оларға тікелей немесе жанама әсер етуші табиғаттың бөлігін айтамыз. Оның ең негізгі құрайтын бөліктері ауа, топырақ, су, азық, технологиялық құралдар мен қора-жай, сонымен қатар тірі организм, яғни ол қандай түрге жататынына тікелей байланысты. Тірі организм қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болса өмір сүре алады әрі өз даму, өсуіне қажетті заттарды (азық, ақпарат және т.б.) ала отырып өзін-өзі сақтайды.
Организмнің дамуы қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұруымен тығыз байланысты.
Егер осы қоршаған орта қалыпты жағдайдан ерекше өзгерсе, яғни организм өзіне қажет элементтерді (эволюция процесіне қажетті) ала алмаса, онда орта мен организм арасында қарама- қайшылық туады. Организмге әсер ететін ортаның элементтері сыртқы орта факторлары деп аталады. Сыртқы орта факторлары тіршілік жағдайында организмнің өміршеңдігіне әсер ететін бірден-бір қозғалтқыш күш болып саналады. Сыртқы орта факторлары табиғатына және әсер ету түріне байланысты абиотикалық (өлі табиғат) және биотикалық (тірі табиғат) болып бөлінеді. Абиотикалық факторларға жануарлар организміне әсер ететін неорганикалық (өлі табиғат) орта кешені жатады (ауа температурасы, ылғалдылығы, қысымы, ауаның, судың химиялық құрамы, ксенобиоттар және т.б.). Биотикалық факторларларға тіршілік ететін ортадағы орган-измдердің бір-біріне әсері жатады (жануарлар, микрооргани-змдер және т.б). Ал өзінің құрамы жағынан сыртқы орта факторлары химиялық (заттық), физикалық (энергетикалық) және биологиялық (биотикалық) болып бөлінеді. Физикалық факторларға - температура, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, ауаның су буымен толығуы, күн сәулесінің интенсивтілігі, ауаның иондалуы және т.б. жатады. Химиялық факторлар: химиялық элементтер мен ауа, су, топырақ, азықтағы қосылыстар. Биологиялық факторларға -табиғи жағдайда ауада, суда, топырақта, азықта кездесетін бактериялардың құрамы негізінде сапрофитті микрофлоралардан тұратын әрі қоршаған ортаның патогенді микробтарымен, гельминт жұмыртқасымен ластануы жатады.Қоршаған орта факторларының организмнің тіршілік қабілеті-не үш түрлі әсері бар: минимум, максимум және оптимум. Жан-уарлар денсаулығы үшін ең қолайлысы факторлардың оптималдық шамасы. Тек дені сау жануар ғана генетикалық потенциалына сай жоғары өнім бере алады. Ал жануарлар денсаулығын сақтау, қорғау олардың иелері мен шаруашылық мамандарының міндеті. Денсаулық - организмге тән табиғи жағдай, ол қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдікті сипаттайды. Мал денсаулы-ғына баға беру үшін әртүрлі зерттеу әдістеріне сүйенеді (клиника-лық, биохимиялық гематологиялық және т.б.). Мал өнімділігінің төмендеуі (сүттілігі, жүнділігі, еттілігі және т.б.) оның денсаулығының төмендеуін дәлелдейді. Тірі организмнің ең маңызды ерекшелігі, оның қоршаған орта жағдайларының кең ауқымды диапазонындағы өзгеруінде ағзаның физиологиялық, өзіне тән, тұрақтылықты бірқалыпты жағдайда сақтауы болып табылады. Бұған жету, әрине организм гомеостазының (грек.һоmоіоз - ұқсас, тән, statis-қалыпты) автоматты түрде өзін-өзі басқаруына байланысты, осы кезде организмдегі туындайтын әртүрлі физиоло-гиялық параметрлерінің ауытқулары белгілі шамада гомеостазбен шектеліп отырады. Гомеостаз - жануарлардың орта өзгерістеріне қарсы тұру және организмдегі тепе-тендікті сақтау қабілеті. Ол дені сау малға тән қалыпты жағдай. Оны бүкіл организм мен оның ішкі ортасының қоршаған ортаның ауытқуларына қарамай, салыстыр-малы бірқалыпты күйде сақталуымен қамтамасыз ететін организм мен ортаның өзара қарым-қатынасының ең жетілген үлгісі деп қарауға болады. Былайша айтқанда, малдың ішкі ортасының (қан, лимфа, ұлпа сұйығы және т.б.) құрамы мен қасиеттерінің негізгі физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикасының тұр-ақтылығы (қан айналым, тыныс алу, жылу өткізгіштік, зат алмасу және т.б.) қалыпты болады.Соның нәтижесінде организм әрқашан барлық физиологиялық функцияларын белгілі бір деңгейде сақтайды. Бұған дене қызуы, сутекті иондардың сұйықтық концентрациясы, артериялық қысым көлемі, тыныс алу жиілігі және басқа көрсеткіштер жатады. Гомо-йотермдік (дене температурасы тұрақты) жануарлар үшін ең бас-тысы температуралық гомеостазды сақтау - сыртқы темпера-тураның өзгеруіне қарамай ішкі температураның салыстырмалы тұрақтылығы. Бірақ организм өз гомеостаз жағдайын қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тек белгілі бір деңгейіне дейін ғана ұстай алады. Факторлардың әсерлері шекті мөлшерден асқан жағдайда ғана гомеостаз бұзылады. Нәтижесінде ағзада функцио-нальдық және морфологиялық өзгерістер туындап, ол ауру дамуымен жалғасады. Гомеостазды сақтау денсаулықтың белгісі, оның бұзылуы ауру тудырады. Иммунитет те гомеостаздың меха-низмі, яғни организмге микроб немесе вирус енген жағдайда тіршілік әрекетін бұзбай, өлімге қарсы күресетін механизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет