1.5.Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері 1. Қолдан сүт беріп өсіру тәсілі – көбінесе сүт өндіру бағытындағы шаруашылықтарда қолданылады да, жас туған төлдерді алғашқы күндері еміздік арқылы, кейіннен шелектен сүт ішкізіп көректендіреді. Жалпы бұзауды апталық жасына дейін тек сүтпен азықтандырады да, одан соң рационға обрат (тартылған) сүт қосады. Бірақ сүт пен обратты араластырып бермейді, керісінше әртүрлі мезгілде, мысалы таза сүтті таңертең, ал обратты кешке берген жөн. Екеуін бір мезгілде араластырып ішкісе, іріп, іш ауруға ұшыратуы мүмкін. Сүт пен обрат бұзауға беру үшін таза және жаңа болып, бір айға дейін температурасы 35-37ºС, ал екінші айдағы бұзауларға -30-35º С болғаны керек. Жаңа сүт пен көректендіру 50-60 күндігіне дейін болса, обратты 3-5 айлығына дейін береді.
Жас төлдердің алғашқы айларда азыққа деген сұранысы тез және жиі (өсуіне байланысты) өзгерісте болатындықтан, оларды азықтандаруды жасына және шаруашылықтың жағдайына қарап белгілі 5-6 айға жасалған күн тізбегіне сүйенеді (кесте 7).
Ас алмасу процесстерінің жүруін жақсарту мақсатында бұзаулардың 5-6 күндігінен бастап температурасы 35-37 ºС қайнаған су беріледі де, 2 –айлығынан бастап таза қайнамаған су ішкізеді. Суару азықтандырудан соң бір сағаттан кейін жүргізіледі. Құрама азықтарды 15-20 күндігінен бастап береді, ал қатаң азыққа туғаннан бастап үйретеді. Жаз айында көк шөпті екі айлығынан бастап берсе, сүрлемді айдан асқаннан соң береді.
Жаңа сауылған сүтті үнемдеу үшін бұзауларға жасанды алмастырғыш сүттерді береді (ЗЦМ). Оның құрамына жоғары сапалы өнімдер: құрғақ майсыздандырылған сүт, мал және өсімдік майлары, витаминдер, макро-микроэлементтер, антиоксиданттар және дәмдендіргіш қоспалар қосылады. Жаңа сүтті алмастырғыш қоспаларды дайындайтын сүт өндірістерінде бірнеше рецептерді пайдаланады. Бұзауға берудің алдында ЗЦМ-ді 37-40 ºС температурадағы жылы су мен 1,2 кг-ын 8,8 л суға есептеп ерітеді. Бұлай дайындаған ЗЦМ-нің әр кг бір кг жаңа сүтті алмастырады. ЗЦМ бұзауға 11-күндік жасынан бастап беруге болады.